Даналық ұстаздан_тәрбие сағаты қмж
Апта дәйек сөзі | «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас!»» | |
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | ||
Күні: | ||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Тәрбие тақырыбы | «Даналық ұстаздан» | |
Құндылық | «Тәуелсіздік және Отаншылдық» | |
Қауіпсіздік сабағы 10 мин |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған, Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған. Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар, Өздеріңнен бастау алар бар арман! Ұстаздар жақсылықтың жол ашары, Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы. Өмірді алға қарай өрлететін, Сендер де ұлы Отанның болашағы. М - мейірімді Ұ – ұлағатты Ғ – ғазиз А – ақылды Л – лайықты І – іскер М – маман.
| Оқушылар ұстаз туралы тақпақтар айтады Оқушылар жалғасытрады | ||
Сабақтың ортасы | Ұстаз – ол дос, ол шәкірттеріне тек жақсылық ойлап, қиындықты қымсынбай көмек көрсетеді, жанын салып жақсылық жасайды. Ұстаз – ол жолдас, ол әрқашан да шәкірттерімен бірге, көпшілікпен араласып жүреді, қатар құрбысындай қатарлас өмір сүреді. Ұстаз – ол әке , шәкірттеріне алаламай қамқорлық жасайды. Ұстаз – ол ана, шәкіртін туған анасындай баурап, өмір өрнектерін, қиындықтар мен қызықтарын сезіндіріп, баулудан жалықпайды. Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.
| |||
Сабақтың соңы | Қазақ мектебінің болашағы туралы М. Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысын дамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Жалпы балалар, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. Сонымен қатар өздерінің өлең жырларына қосып жырлап жүрген.Сенде балалар осы ақын жазушылардың ұстаз жайлы жырлаған өлеңдерін білесіңдер ме? Білсеңдер қане өлең оқып жіберейік.Балалар өлең оқиды.Ұстаз болу - жүректің батырлығы,Ұстаз болу - сезімнің ақындығы.Азбайтұғын адамның алтындығы.Мұғалім деген - ерекше тұлға дар шың,Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.Мұғалім деген - аяулы адам асыл жан,Шәкірт көңілінде күн болып жайнап жанатын.Мұғалім сөзі: Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматта тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз. Енді алдын ала берілген тапсырма бойынша сендер үйден “Ұстаз - ұлы тұлға” деген тақырыпқа шығарма жазып келу керек болғансыңдар. (Балалар өздері жазған шығармаларын оқиды).Проблемалық сұрақтар:Ал, балалар бір минутқа өзімізді мұғалімбіз деп есептейік. Осы сыныпта отырғандарыңның барлығың әр пәннен беретін мұғалімсіңдер. Балалар сендерге мынандай сұрақ.1. Сендер сабақ түсіндіріп жатқан кездеріңде артқы партада отырған балалар сендермен жағаласып сөйлесіп отыр делік. Сөйлесіп отырғанына қарамастан жан - жағын жайпап, сабақ тыңдап отырған балаға да тиісіп тыңдауға мүмкіншілік бермейді. Осы жағдайда ұстаздар не істер едіңдер?2. Сендер ұстаздар ашық сабақ өткізбекші болып жатырсыңдар. Алдын ала балаларға тапсырма беріп қойғансыңдар. Тіпті ертеңгі сабаққа қатынасатын завуч, директорды шақырып қойғансыңдар. Енді осылардың дайындығын тексеріп көрейінші деп тексерген сәтте сыныптағы балалардың көбісі дайын емес. ертең ашық сабақ. Сыныптағы балалардың біреуі сіз берген тапсырмаңызды жоғалтып алдым десе, енді біреуі ертең сабаққа келмеймін дейді. Ал, ұстаздар осы бір жағдайда балаларға қанда шаралар қолданасыңдар.3. Енді ұстаздар сендер балаларға диктант жаздырғалы жатырсыңдар делік. Диктантты оқып беріп енді жазғызғалы жатқан сәтте бір оқушы тұрып, апай мен қаламсабымды ұмытып кетіппін, енді біреуі жазғым келмейді деген сәтте ұстаздар осы оқушыларға қандай шара қолданар едіңдер.Бұл проблемалық ситуациядан шыға алдыңдар балалар. Балалар сендер жаңа мұғалімнің рөлінде болдыңдар. Сонымен балалар мұғалімнің жұмысы оңай ма екен? Келесі кезекте мұғалімге басқаша көзқараспен қараймыз деген түйіндемеге келдіңдер ме? | “Ұстазым” әні орындалады. Барлық оқушының орындауында. | ||
№ 6 САБАҚ. «ДҮКЕНГЕ АЛҒАШҚЫ РЕТ ЖАЛҒЫЗ БАРУ»
Сабақтың мақсаты: балаларға дүкенде өзін-өзі сыпай ұстау және қауіпсіздік ережелерін үйрету.
Сабақ барысы
- Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй қалыптастыру (1-2 мин).
- Мақсат қою. Тақырыптың анықтамасы.
Балалар, біздің тәрбие сағатымыздың бүгінгі тақырыбын білу үшін мен сіздерге «Сөз құрастыру» ойынын ойнауды ұсынамын. Қазір экранда бірнеше суреттер пайда болады. Сіздер сол суреттердің алғашқы әріптері бойынша сөз құрастыруларыңыз керек.
Д Ү К Е Н
Дұрыс. Бүгін біз дүкенге барамыз.
- Сіздер қандай дүкендерді білесіздер?
- Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау «Оны қайдан сатып алуға болады?» доп ойыны - Мына заттар сатылатын бөлім қалай аталады?
- Тоқаш, нан, бәліш? (нан бөлімі).
- Сүт, сүзбе, ірімшік, қаймақ? (сүт бөлімі).
- Банан, алмұрт, қырыққабат, пияз сатылатын бөлім қалай аталады? (көкөніс- жемістер бөлімі).
- Ет, шұжықтар, котлеттер қай бөлімде сатылады? (ет бөлімінде).
- Торттар, орамдар, кекстер қай бөлімде сатылады? (кондитерлік бөлімде).
- скумбрия, минтай, шабақты қай бөлімнен сатып алуға болады? (балық бөлімінен).
- Шырын, минералды суды қай бөлімнен сатып алуға болады? (сусындар бөлімінен).
- Қант, ұн, шай, кофе, макарон, жарма – бұлар қай бөлімде сатылады? (азықтүлік бөлімі).
4. Тақырыпқа кіріспе
«Дүкен. Дүкендегі тәртіп ережелері» ойыны - Қазір біз сіздермен дүкен ойынын ойнаймыз.
- Кім сатушы болғысы келеді?
- Біздің дүкен қалай аталады?
- Міне, сіздерге ақша, дүкенге барамыз.
- Дүкенге барғанда қандай ережелерді білу керек?
- ереже. Алдымен дүкеннен шыққан адамдарды өткізіп жіберіңіздер. - Дүкенге кірмес бұрын, шығатын адамдарға жол беру керек.
- ереже. Сыпайы болыңыздар!
- Дүкенге кірген соң, сәлемдесу керек. Сатушыға өтініш білдіре отырып, «кешіріңіз», «өтінемін», «сұрауға рұқсат етіңіз», «сұрауға бола ма», «ғафу етіңіз» деген сөздерді қолдана аласыздар. Сатып алушының сатушыларға жүгінуі сыпайы және сабырлы түрде болуы керек. Дөрекі және бұйыра сөйлеу әдепсіздік пен надандықтың белгісі.
- ереже. Дүкенде жүргенде итермеңіз, жол беріңіз.
- ереже. Кезекке тұрыңыз, шыдамды болыңыз.
5-ереже. Сауда жасап болған соң, «рақмет» айтуды ұмытпаңыз.
Дүкенге барғанда өзін-өзі ұстау ережесі
Дүкенге кірген кезде дүкеннен шығып келе жатқандарға жол беру керек, содан кейін өзіңіз кіріңіз. Егер сізбен бір уақытта дүкенге қарт адамдар, жүкті әйел, мүгедектер, кішкентай баласы бар ана кіргелі тұрса, онда алдымен оларға жол беруіңіз керек.
- Дүкенге лас заттармен кіруге болмайды.
- Дүкенге кірген кезде есікті ұстаңыз.
- Егер дүкен шағын болса және сіз тұрақты сатып алушы болсаңыз, қызмет көрсетушілермен амандасыңыз. Ал үлкен супермаркеттерде олай жасамауға да болады.
- Қарсы ағынға тап болмас үшін қозғалыс бағыттарын сақтаңыз. Жақын жерде келе жатқан адамды итермеңіз. Егер сіз кездейсоқ біреуді итеріп жіберсеңіз немесе аяғын бассаңыз, кешірім сұраңыз.
- Ұқыпты болыңыз, сөрелердегі тауарды шашпаңыз. Затты ұқыпты және абайлап ұстаңыз.
- Арнайы қаптамасыз сатылатын өнімдерді сұрыптауға, қолмен ұстауға болмайды.
- Тым қатты сөйлемеңіз.
- Сатушы мен сатып алушылардың уақытын алмау үшін сатып алу тізімін алдын ала жазыңыз.
- Егер сізге өнім ұнамаса және оны сатып алғыңыз келмесе, кешірім сұраңыз және сыпайы түрде сатып алудан бас тартыңыз.
- Сатушыға қызмет көрсеткені үшін «рақмет» айтуды ұмытпаңыз.
5. Білімді бастапқы игеру және түсінуді тексеру
- Егер сіз ересектермен бірге дүкенге барып, адасып қалсаңыз не істейсіз? - Мұндай жағдайларда балалар өздерін қалай ұстау керек? (жыламаңыз, айқайламаңыз, тұрған жеріңізді тексеріңіз, сатушыға немесе күзетшіге жоғалғаныңызды айтыңыз)
- Ал егер сіз адасып қалсаңыз, анаңызды іздеуге баруыңыз керек пе? (сіз бір орында тұруыңыз керек, анаңызды күтіңіз, ересектерден көмек сұраңыз)
- Ең алдымен кімнен көмек сұрай аласыз? (сатушы, күзетші, ересек адам)
- Радио арқылы жариялау үшін өзіңізді қалай атайсыз? (мен аты-жөнімді, жасымды, анамның атын айтамын)
- Адасып қалғаныңызды түсінген кезде бірден жылау керек пе? (жоқ)
- Анаңыз сізсіз дүкеннен кете ала ма, сіз қалай ойлайсыз? (жоқ)
6. Сабақты бекіту. Өзіндік жұмыс
«Дұрыс бағытты таңдаңыз» ойыны. Педагог дүкенге екі бағыты бар картаны көрсетеді: біреуі қауіпсіз, екіншісі қауіпті (мысалы, жол арқылы). Балалар дүкенге қауіпсіз апаратын дұрыс бағытты таңдауы керек. Неліктен бір маршрут екіншісінен жақсы екенін талқылау қажет.
Қорытынды. Рефлексия
Пайдалы сілтемелер:
https://www.youtube.com/watch?v=NCnr6WmrZ4o&list=PLA5eCSY2FeoQLLo
cS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=14 https://www.youtube.com/watch?v=hftM9yB25r4&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS -IEuEG9KjOrJzvPM&index=36
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?