Менің_отаным Қазақстан_тәрбие сағаты қмж
Апта дәйек сөзі | ««Білім – қымбат қазына, қанағат тұтпа азына»» | |
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | ||
Күні: | ||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Тәрбие тақырыбы | «Менің Отаным Қазақстан» | |
Құндылық | еңбекқорлық және кәсіби біліктілік | |
Қауіпсіздік сабағы 10 мин |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Білім алушылармен жүректер тарату арқылы сәлемдесу! Білім алушылар тақтаға қолдарындағы жүректерді достарына жаңа оқу жылына тілек айту арқылы орналастырады. Жасампаздық және Жаңашылдық | презентация | ||
Сабақтың ортасы | Білім алушыларға почтадан келген хатты оқуып беру Қымбатты оқушылар бұл хат сіздерге жасырын достарыңыздан Сіздерді жаңа оқу жылымен құттықтай отырып жаңа оқу сіздерге жаңа оқу жылында мықты жобалар ұсынып жан жақты дамуға шақырамын Сіздердің сыныпқа берілетін жоба _____________ Сынып жобасы бізге шешім қабылдауға ойымызды ашық жеткізуге қоға мәселелеріне белсенділік танытуға 6 құндылыққа негізделген тәрбиені бойымызға сіңіруге мүмкіндік береді Ой қозғау: Балалар, сынп жобасы бізге керек пе? Сынып жобасы арқылы қандай құндылықтарды бойымызға сіңіреміз? Құрметті білім алушылар Тәрбиенің негізі – оқыту, тәрбие және дамудың бірлігін қамтитын үйлесімді дамыған тұлға «Толық адам» ұлттық идеалы болып табылады. Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры және тұлғаның адамгершілік тұрғыдан толысуын қамтитын үздіксіз процесс. Тәрбиенің мәні – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде білім алушылардың тұлғалық қасиет- терін қалыптастыру үшін жағдай жасау. Құндылықтар адамның белгілі бір әрекет етуге деген тұрақты сенімін білдіреді және жеке адамның да, бүкіл қоғамның да өркендеуінің негізі болып табылады. Құндылық білім алушының өмірлік ұстаны- мына, іс-әрекетіне, мінез-құлқына, дүниетанымына және этикалық нормаларды сақтауына әсер етеді. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінде негізгі құндылықтарды атап өтті: Тәуелсіздік және Отаншылдық Бірлік және Ынтымақ Әділдік және Жауапкершілік Заң және Тәртіп Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік | Тапсырмаларды орындау «Құпия қорапшаны ашу» 1-топқа тапсырма «Мейірімділік» тақырыбына ситуациялық сұрақтар әзірлеу 2- топқа тапсырма «Менің досым қиындыққа тап болса» тақырыбында ой қозғау 3-топқа «Қайырымдылық» тақырыбында өлең шығару
Құрметті оқушылар берілген тапсырмаларды орындау арқылы «мейірім мен қолдау, менің адал досым, қайырымдылық» тақырыбындағы құндылықтар туралы түсінік алып, талдай алдыңыздар.
Жоба паспортын жасайды топпен | Интербелсенді тақта/ компьютер | |
Сабақтың соңы | Осы құндылықтарды негізге ала отырып жоба жұмысымен айналысамыз (перезентация) Достық алақаны Берілген конвертттен сыныптың жоба жұмысына қатысты өз ойығызды ашып жазыңыз, жоба жүргізу барысында сіздің ол көзқарасыңыз міндетті түрде қаралады. Сыныптың жоба конвертінің мақсатын айқындап ресми түрде білім алушыларға қол қойғызу (оқушыларға жобаны қабылдауға үлкен мотивация болмақ) Табыс тіліеп жаңа оқу жылына Қадам бастық біздер жаңа сыныпқа Бір біріне қолдау беріп дос болған Бастау алған Мейірім мен достықтан (Құрметті білім алушылар сіздерді жаңа оқу жылымен шын жүректен құттықтаймын) | Оқушылар конверттен алған алақанға өз ойларын жазады (Сынып жобасын жүргізу арқылы білім алушылардың бір біріне деген құрметтері артып, сыныпта қамқорлық пен мейірімділік құндылықтарының дамитынына көзін жеткізу) | презентация |
Сабақтың мақсаты: төтенше жағдайлар кезінде көмекке келетін жедел қызметтердің нөмірлерін ажырату
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй қалыптастыру (1-2 мин).
Мақсат қою:
Педагог:
Шыр-шыр етеді,
Құлағыңнан өтеді.
Ұстай алсаң,
Сөйлеп кетеді. (жауабы: телефон)
- Бүгін біз сабақта не туралы сөйлесеміз деп ойлайсыздар?
- Адамдарға телефон не үшін қажет?
- Әлемдегі ең маңызды телефондар қандай?
Адамдардың өмірін құтқару бойынша шұғыл қызметтердің нөмірлерін есте сақтаңыз.
Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау
Қызметтік машиналардың суреттерінен «Қызметті тап» ойыны.
- Бұл машиналар қандай қызметте жұмыс істейді?
Әр бір адам өз өмірінде төтенше жағдайдың куәгері болған шығар. Сондай-ақ сол адам зардап шеккендерге көмектесуге тырысатыны анық. Осындайда адамдарға жедел көмек көрсететін құтқару қызметтері бар. Олар дабылды қосып, арнайы қызмет көрсету машиналарына мініп, көмекке шығады. 1. Тақырыпқа кіріспе
«Шұғыл қоңыраулар» рольдік ойыны
Жедел қызметтердің бірыңғай телефоны бар, оған қоңырау шалу арқылы сіз кез келген төтенше жағдайда көмек сұрай аласыз. Бұл телефон – 112. Төтенше жағдайларда ең бастысы – тыныштықты сақтау және операторға мәселені, не болғанын түсіндіре білу. Қиындыққа тап болмас үшін әрқашан қауіпсіздік ережелерін есте сақтау қажет.
Нұсқаулар:
- Егер үйіңізде немесе көршілеріңізде өрт болса, 101-ге қоңырау шалыңыз.
- Егер сізді ренжіткен болса, затыңызды ұрлаған немесе қатты қорқытқан болса онда 102-ге қоңырау шалыңыз.
- Егер өзіңіз немесе жақын адамыңыз ауырып қалса, 103-ге қоңырау шалыңыз.
- Сізге кез келген жағдайда 112 қызметі көмектеседі.
- Білімді бастапқы игеру және түсінуді тексеру.
Соңғы ойын «Әртүрлі жағдайлар» (балалар қандай қызметке қоңырау шалу керектігін және ондай жағдайда балалар өзін қалай дұрыс ұстау керектігін түсіндіруі керек:
- Есікті бейтаныс адам қақты (102).
- Әжем ауырып қалды (103).
- Көрші үйдің терезесінен түтін шығып жатыр (101).
«Есте сақта!»
Өрт күзеті | 101 |
Полиция | 102 |
Жедел жәрдем | 103 |
Төтенше газ қызметі | 104, 112 |
Бірыңғай құтқару қызметі | 112 |
«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, бала құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.
| 111 |
- Бекіту. Өзіндік жұмыс. Тапсырманы орындаңыз. Суреттің астына қызмет нөмірін жазыңыз.
- Қорытынды. Рефлексия.
Менде смайликтер бар: көңілді және көңілсіз. Тапсырмалары қиын емес балалар көңілді смайликті таңдайды, ал тапсырмаларды орындау қиынға соғатындар көңілсіз смайликті алады.
Пайдалы сілтемелер:
https://www.youtube.com/watch?v=fyfkEuHSiIc&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS-
IEuEG9KjOrJzvPM&index=5 https://www.youtube.com/watch?v=hH_WhoDXIzU&list=PLA5eCSY2FeoQLL
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?