Ауа қалай ластанады? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 4 Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері. Ауа мен су. | Мектеп: Мұғалім: Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||
Күні | ||||||
Тақырыбы | Ауа қалай ластанады? | |||||
Оқу мақсаты | 4.3.2.2 ауаның ластану көздерін анықтау; 4.3.2.3 ауа тазалығын сақтау жолдарын және оны тазарту шараларын ұсыну; 4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну. | |||||
Сабақтың мақсаты | Ауаның ластану көздерін, ауа тазалығын сақтау жолдарын анықтайды; Ауаны тазарту шараларын ұсынады. | |||||
Бағалау критерийі | Ауаның ластану көздерін атайды; Ауа тазалығын сақтау жолдарын сипаттайды; Ауаны тазарту шараларын ұсынады. | |||||
Тілдік мақсат | Пәндік терминология мен тірек сөздер Ауаның ластануы, тұмша | |||||
Құндылықтар | Өзара сыйластық, ынтымақтастықта жұмыс істеу. Өз денсаулығын күту және саламатты өмір салтын сақтау. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылыммен жұмыс | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Ауаның маңызын біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | Кіріспе тапсырма. Көркем табиғат суреттелген бейнефильм, презентация (немесе суреттер) көрсету. Балалармен алған әсері туралы әңгімелесу.
Мысал келтіруді ұсыну. | Көркем табиғат суреттелген бейнефильм, презентация немесе суреттер | ||||
Сабақтың ортасы | Экологиялық суреттер көрмесі. Суреттермен жұмыс.
Топтастыр. Жұптарға тапсырма: суреттегі ауаны ластау көздерінің қайсысы адам әрекетінен, қайсысы табиғи жолмен болатынын жіктеу. Оқушылардың өз жеке тәжірибелеріне сүйеніп, мысал келтіруі. Зерттеу жұмысы. Топтарға біріктіру, ресурстар тарату. Зерттеу нәтижесін постерге немесе тұжырымдамалық картаға қорытындылап, тіркеуді ұсыну. Зерттеу жүргізуге aрнaлғaн нұcқaулықпен таныстыру • Берілген ресурстарды зерделеу. • Ауаның ластану себептерін анықтау. • Зерттеу жұмысын әртүрлі формада тіркеу. • Қорытынды жасау. Оқушылар өзінің туған өлкесіндегі ауаның ластану себептерін анықтайды. Құтқарушылар. Оқушыларға өз қалауларымен құтқарушылар тобына бірігуді ұсыну. Нені құтқарамыз деп ойлайсыңдар? Ауаны құтқару керек. Ауаның ластануын қалай азайтуға болады? Әр топ ауаны ластанудан құтқару жоспарын құрады, жұмыстарын қорғайды. Ойлан. Өз бөлмеңнің не сыныбыңның ауасы неден ластануы мүмкін? Сен білесің бе?
Өзіндік жұмыс 52-жұмыс парағы. Ауа қалай ластанады? Қандай жерде демалған тиімді? Жеке тәжірибелеріне сүйеніп, қандай жерде демалған тиімді екенін анықтау. Жауабы 1. Хайуанаттар бағындағы хайуандарды қызықтау. 2. Қала шетіндегі орманда құлпынай теру. 3. Су жағасында күнге қыздырыну. Ластанудың себептері. Ластану түрлерінің табиғи және адам әрекетінен болатынын анықтау. Табиғи жолмен: жанартау атқылауы, өсімдік қалдықтарының шіруі, зілзала, жануар қалдықтарының шіруі, орманның өртенуі. Адам әрекеті әсерінен: көлік түтіні, зымыранның ұшуы, өнеркәсіп орындарынан шығатын түтін мен қалдықтар, орманның өртенуі, кен орындарынан шыққан улы газдар, қоқыстар мен қалдықтар. 53-жұмыс парағы. Қоршаған ортаны сақтау. Балалардың іс-әрекеті дұрыс па? Серуен кезінде балалардың қандай қателіктер жасағанын тіркеу. Жауабы: Серуенге үлкендерсіз шығуы, жәндіктерді ұстауы, ағаш бұтақтарын сындыруы, от жағуы, музыканы қатты қосуы, балық аулауы, пайдаланған ыдыстары мен полиэтилен қапшықтарын жинамауы, отты өшірмеуі, гүлдерді жұлуы. Иә немесе жоқ. Тұжырымдардың дұрыс немесе дұрыс емес екенін белгілеу. Иә: ауа кез-келген жерде болады, өсімдіктерде фотосинтез нәтижесінде оттек бөлінеді, атмосфера құрамында ең көп азот кездеседі, ауа құрамында азот, оттек және тағы басқа газдар бар. Жоқ: сырттағы ауадан іштегі ауа таза, жануарлар тіршілік барысында оттек газын бөледі, өсімдіктер оттекті сіңіреді, ауасыз жерде тіршілік ететін жәндіктер болмайды. ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы | Суреттер
Жергілікті жердегі ауаның ластануы туралы, журналдар мен газеттердегі мақалалар, жергілікті жердегі өндіріс орындарының суреттері мен иллюстрацияларын, ватман қағазы мен маркерлер Жұмыс дәптері | ||||
Сабақтың соңы | Рефлексиялық кезең. 1. Бас бармақ – мен үшін ...... маңызды және қызықты болды 2. Сұқ саусақ – мен бүгін .......... түсіндім. 3. Ортаңғы саусақ – мен үшін ....... қиын болды. 4. Төртінші саусақ – менің бағам ....... , өйткені... 5. Шынашақ – Мен ............ білгім келеді. ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы | Кері байланыс парағы | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Сұрақ қою барысында саралау: Экологиялық суреттер көрмесі. Тапсырмалар бойынша саралау: Зерттеу жұмысы. | Қалыптастырушы бағалау құралдары: -мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту); - өзін өзі бағалау; - мұғалімнің жазбаша кері байланысы; -оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу; -оқушылардың жазбаша кері байланысы | - әрекеттер жиі ауыстырылады; - қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе, себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыс дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқу орын алды ма? Неліктен? | ||||||
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?