Жылуөткізгіштікті қалай қолданады? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 4

Табиғат физикасы.

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні

Тақырыбы

Жылуөткізгіштікті қалай қолданады?

Оқу мақсаты

  • түрлі материалдардың жылуөткізгіштігін зерттеу;
  • зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;
  • алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы:

Жылуөткізгіштік дегеніміз не екендігін біледі;

Жылуөткізгіштік қатты денелерде жоғары ал ауада нашар екендігін және вакуумда мүлдем жылу өткізілмейтінін біледі;

Оқушылардың көбі:

Жылуөткізгіштік тұрмыста қалай қолданылатына мысалдар келтіре алады;

Оқушылардың кейбірі:

Жасаған зерттеу жұмысын қорытындылай алады;

Ойлануға берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алады;

Бағалау критерийі

Жылуөткізгіштік дегеніміз не екендігін білуі;

Жылуөткізгіштік қатты денелерде жоғары ал ауада нашар екендігін және вакуумда мүлдем жылу өткізілмейтінін білуі;

Жылуөткізгіштік тұрмыста қалай қолданылатына мысалдар келтіре алуы;

Жасаған зерттеу жұмысын қорытындылай алуы;

Ойлануға берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алуы;

Тілдік мақсат

Тақырып бойынша әңгімелегенде, жауап бергенде терминдерді пайдаланады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер

  • жылуөткізгіштік
  • жылуоқшаулағыш

Құндылықтар

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас мәдениеті, тіршілік қауіпсіздігін сақтау

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, көркем еңбек

Алдыңғы меңгерілген білім

Алдыңғы сабқта өткен «Жылуөткізгіштік деген не?» тақырыбы

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Бөлімге кіріспе.

Жылуды қалай өткізеді?

Суретте не бейнеленген?

Оларға не ортақ?

Асүйде

Суретте не бейнеленген?

Ас пісіретін ыдыстарды неден жасайды?

Ыдыстардың негізгі бөлігі қандай материалдан жасалған?

Тұтқасын жасау үшін қандай материал қолданылған? Неліктен?

Ал қол күйіп қалмас үшін ыстық қазанды қалай ұстайды?

Сабақтың мақсатын және тақырыбын анықтау.

Сабақ тақырыбы:

Жылуөткізгіштікті қалай қолданады?

Сабақ мақсаттары:

жылуөткізгіштік қасиеті туралы білу;

жылуды өткізу қасиетіне қарай заттардың қолданылуымен танысу;

ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы.

Қағаз қыстырғыш, 5 теңгелік монеталар.

Сабақтың ортасы

25 минут

Зерттеу жұмысы

«Жылуды қандай материалдар мен заттар жақсы сақтайды?».

Зерттеу жұмысын бастамас бұрын сыныпты шағын топтарға бөліп аламын.

Бөлінген топтар зерттеу жұмыстарын жасайды және алған нәтижелерін өз араларында қорытындылайды.

Зерттеу сұрағы:

«Қай материалды қолдану арқылы жылуды ұзақ сақтауға болады?»

1. 1-ші үлкен стақанның түбіне фольганы умаждап салыңдар.

2. Кіші стақанды үлкен стақан ішіне орналастыр. (Олардың ернеуі бір деңгейде болуы керек, егер ернеулері теңеспесе, түбіне тағы фольга салыңдар)

3. Кіші стақан мен үлкен стақанның қабырғасының арасындағы саңылауды фольгамен толтырыңдар.

4. 2-ші үлкен стақанның түбіне мақта салыңдар.

5. Кіші стақанды үлкен стақан ішіне орналастырыңдар. (Олардың ернеуі бір деңгейде болуы керек, егер теңеспесе, түбіне тағы мақта салыңдар).

6. Кіші стақан мен үлкен стақанның қабырғасының арасын мақтамен толтырыңдар.

7. 3-ші үлкен стақанның түбіне газетті умаждап салыңдар.

8. Кіші стақанды үлкен стақан ішіне орналастырыңдар. (Олардың да ернеуі бір деңгейде болуы керек, егер теңеспесе, түбіне тағы газет салыңдар).

9. Кіші стақан мен үлкен стақанның қабырғасының арасын газетпен толтырыңдар.

10. Үш стақанға да жылы су құяды.

11. Стақандардың бетін целлофанмен жауып, оны кеңсе резеңкесімен бекітіңдер.

12. Енді стақан бетіне керіліп тұрған целлофанды сәл ғана тесіп, стақан ішіндегі суға термометр салыңдар

13. 5–7 минут уақыт күте отырып, нәтижені тіркеңдер.

14. Жасаған зерттеу жұмысына қорытынды жасаңдар.

Термос

Термос суретін слайдқа шығарып.

Бұл қандай құрал?

Оны қайда қолданады?

Оның жұмыс істеу пртнципі алдарыңа қойылған суретті пайдалана отырып талдап көріңдер. Болғаннан кейін таңдалынған бір топқа қорытынды жасатамын. Толықпағанын қалған топ балалары жасайды.

Ойлан.

Суретте нелер бейнеленген?

Олар қатты суыққа қалай шыдайды?

Сен білесің бе?

Алмаз деген не?

Оның қандай қасиетін білесіңдер?

Егер алмаздан қасық жасайтын болсақ не болады?

Өзіндік жұмыс. 14-жұмыс парағы.

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы.

үш кіші және олар емін-еркін сиятындай үш үлкенірек пластик стакандар, газет, фольга, мақта, үш целлофан қалта, үш кеңсе резеңкесі, үш термометр, маркерлер мен парақтар, секундомер немесе сағат

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексиялық кезең.

Кері байланыс.

ҚБ мұғалімнің кері байланысы

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта саралау сұрақтар қою, тапсырмаларды орындау барысында жүргізіледі.

Мұғалімнің ауызша кері байланысы.

Мұғалімнің жазбаша кері байланысы.

Мадақтау, қолдау көрсету.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақтағы іс-әрекет түрін жиі ауыстыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу