Архимед заңын қалай қолданады? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 4

Табиғат физикасы.

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні

Тақырыбы

Архимед заңын қалай қолданады?

Оқу мақсаты

  • Архимед күшін сипаттау және оның білінуіне мысал келтіру;
  • Судағы әртүрлі денелерге әсер ететін Архимед күшін бақылау және болжау;
  • зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;
  • алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы:

Архимед күшін білу;

Денеге төмен қарай ауырлық күші, ал су тарапынан кері итеруші күш болатындығын білу;

Оқушылардың көбі:

Бір заттан жасалған денелердің бірі суға батып, бірі батпайтындығын түсіну;

Егер архимед күші денеге әсер ететін ауырлық күшінен кіші болса дене су түбіне бататынын біледі;

Егер архимед күші дененің ауырлық күшінен үлкен болса не су ішінде жүзеді немесе су бетінде қалқып жүретінін біледі;

Оқушылардың кейбірі:

Жасаған зерттеу жұмысын қорытындылай алу;

Ойлануға берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алу;

Бағалау критерийі

Архимед күшін білуі;

Денеге төмен қарай ауырлық күші, ал су тарапынан кері итеруші күш болатындығын білуі;

Бір заттан жасалған денелердің бірі суға батып, бірі батпайтындығын түсінуі;

Егер архимед күші денеге әсер ететін ауырлық күшінен кіші болса дене су түбіне бататынын білуі;

Егер архимед күші дененің ауырлық күшінен үлкен болса не су ішінде жүзеді немесе су бетінде қалқып жүретінін білуі;

Жасаған зерттеу жұмысын қорытындылай алуы;

Ойлануға берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алуы;

Тілдік мақсат

Тақырып бойынша әңгімелегенде, жауап бергенде терминдерді пайдаланады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Құтқару құралы

Құндылықтар

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас мәдениеті, тіршілік қауіпсіздігін сақтау

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, көркем еңбек

Алдыңғы меңгерілген білім

Кері итеруші күш дегеніміз не? Архимед заңы қалай ашылды? және Ауада Архимед күші қалай орындалады? тақырыптары

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Бөлімге кіріспе.

Архимед күші туралы білімдерін пысықтау үшін екі қатарлы шеңбер стратегиясы арқылы ұйымдастырамын. Оқушылар осы тақырып бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.

Неліктен?

Қазыр мен жасайтын екі демонстрацияны мұқият бақылап отырыңдар.

Су құйылған мөлдір шыны ыдысқа екі губка саламын.

Губканың бірі суға батып кетеді, бірі бетінде қалады. Неліктен? – деп сұраймын.

(Ол үшін бір губканы алдын ала сулап қоямын).

(Құрғақ губка су бетінде қалқиды, себебі құрғақ губкада ауа қабаттары бар. Дымқыл губка батады, себебі оның тесіктерінде болған ауаны су алдын ала ығыстырып тастады)

Екінші экспериментті жасау үшін мандариннің біреуінің қабығын аршып, екіншісін қабығымен су құйылған ыдысқа саламын.

Қабығы аршылған мандарин батып кетеді, ал қабығы аршылмаған мандарин су бетінде қалады. Неліктен?

(Себебі қабығы бар мандариннің қабығында, қабық пен екі арасында ауа қабаты болады. Ал ауа судан жеңіл, сол себепті мандарин жүзіп жүреді. Қабығын аршығанда мандаринде ауа қабаты азаяды, сондықтан ол төмен батып кетеді)

экспериментте қандай күштер байқалды?

Сабақтың мақсатын және тақырыбын анықтау.

Сабақ тақырыбы:

Архимед заңын қалай қолданады?

Сабақ мақсаттары:

Архимед заңы өмірде қалай олданылатынын білу;

судың кері итеруші күшін қалай арттыруға болатынын түсіну;

ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы.

Сабақтың ортасы

25 минут

Алюминий шарлар

Суретте алюминийден жасалған шарлар көрсетілген.

Шарлардың көлемі қандай?

Шарлардың біреуі неліктен суға батып кетті?

Ал екіншісі неліктен батпады?

Зерттеу жұмысы

«Ауырлық күші мен кері итеруші күш өзара қалай әсер етеді?».

Зерттеу жұмысын бастамас бұрын сыныпты шағын топтарға бөліп аламын.

Бөлінген топтар зерттеу жұмыстарын жасайды және алған нәтижелерін өз араларында қорытындылайды.

Зерттеу сұрағы:

«Денелер неліктен батады?»

«Денелер неліктен жүзеді?»

«Денелер неліктен су бетінде қалқиды?»

1. Алдарында жатқан бөтелкелерді ұстап көріп бағалаңдар.

2. Әрқайсысын суға салған кезде не болатынындығын болжап жазыңдар.

3. Бір-бірден әр бөтелкені суға салыңдар.

4. Бақылааңдар, нәтижелерін тіркеңдер.

5. Жасаған зерттеу жұмысына қорытынды жасаңдар.

Құтқару құралы.

Кім жаздыгүні су жағасына демалуға барды?

Суға жүзе алмайтын балаларға не кигізіп қояды байқадыңдар ма?

Құтқару құралы неден жасалады?

Егер құтқару құралында ақау болып ауасы шығып кетсе ше?

Құтқару құралының ішін ауамен толтырғанның пайдасы бар ма?

Сендер құтқару құралын неден жасар едіңдер?

Құтқару құралдары неліктен тығын еменінен немесе пенопластан жасайды?

Ойлан.

Қайыққа отырып көрдіңдер ме?

Қайық неден жасалынады?

Неліктен қайықты ағаштан жасайды?

Мұз

Мұзды қалай алуға болады?

Егер мұз суды қатыру арқылы алынатын болса, ол неге суға батпайды?

Сен білесің бе?

Ағаштар суға батпайды, сол себепті қайықты ағаштан жасайды дедік. Алайда сендер суға батып кететін ағаш бар екенін білесіңдер ме? Әлемдегі ағаш атаулының ең қаттысы – самшит деп аталатын ағаш Кавказда өседі, оны жергілікті халық «демир-ағаш» деп атайды. Себебі самшит немесе шамшат ағашы тастай қатты, оларға оңайлықпен балта да батпайды, пышақ та өтпейді және өздері өте ауыр болады, сол себепті су бетінде қалқымайды, тас секілді дереу су түбіне батып кетеді. Бұл ағаштың кейбір түрлерінен тіпті машинаның ұсақ бөлшектерін де жасайды.

Өзіндік жұмыс. 59-жұмыс парағы.

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы.

құтқару құралдарының суреттері;

тығын (бөтелкенің);

пенопласт;

сорғыштар (губкалар);

су құйылған ыдыс;

мандариндер.

  • толық, жартылай су құйылған бөтелке және бос бөтелке;
  • су құйылған үлкен шұңғыл ыдыс (ыдысқа бөтелке сыятындай болуы тиіс).

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексиялық кезең.

Кері байланыс.

ҚБ мұғалімнің кері байланысы

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта саралау сұрақтар қою, тапсырмаларды орындау барысында жүргізіледі.

Мұғалімнің ауызша кері байланысы.

Мұғалімнің жазбаша кері байланысы.

Мадақтау, қолдау көрсету.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақтағы іс-әрекет түрін жиі ауыстыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу