Архимед заңы қалай ашылды? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 4

Күш және қозғалыс

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні

Тақырыбы

Архимед заңы қалай ашылды?

Оқу мақсаты

  •  судағы әр түрлі денелерге әсер ететін Архимед күшін бақылау және болжау;
  • зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;
  • алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы:

Берілген суреттерді сипаттай алу;

Оқушылардың көбі:

Архимед ашқан жаңалықты суретті сипаттай отырып, мағынасын аша алу;

Оқушылардың кейбірі:

Жасаған зерттеу жұмысын қорытындылай алу;

Ойлануға берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алу;

Бағалау критерийі

Берілген суреттерді сипаттай алуы;

Архимед ашқан жаңалықты суретті сипаттай отырып, мағынасын аша алуы;

Жасаған зерттеу жұмысын қорытындылай алуы;

Ойлануға берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алуы;

Тілдік мақсат

Тақырып бойынша әңгімелегенде, жауап бергенде терминдерді пайдаланады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер

  • Архимед
  • ығысу

Құндылықтар

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас мәдениеті, тіршілік қауіпсіздігін сақтау

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, көркем еңбек

Алдыңғы меңгерілген білім

Су тақырыптары

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Бөлімге кіріспе.

Есімің қандай мағына береді?

Эврика есімі қандай мағына береді?

Сабақтың мақсатын және тақырыбын анықтау.

Сабақ тақырыбы:

Архимед заңы қалай ашылды?

Сабақ мақсаттары:

Архимед туралы аңызбен танысады;

Судағы дененің суды ығыстыратынын біледі;

ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы.

Суреттер

Сабақтың ортасы

30 минут

Архимедтің ашқан жаңалығы.

Тақтаға ваннада отырған Архимед бейнесін шығарып қойып келесі сұрақтарды қоямын.

Ваннадан су неліктен төгілді?

Сендер осындай жағдайды кездестірдіңдер ме, өздерің көрдіңдер ме?

Су төгілмеу үшін не істеу керек?

Сонда су деңгейі көтерілмей ме?

Енді сол ваннаға үлкен кісі түссе, қанша су төгіледі, ал кішкентай бала түссе, қанша су төгіледі?

Неліктен?

Зерттеу жұмысы

«Денелер суды қалай ығыстырады?».

Зерттеу жұмысын бастамас бұрын сыныпты шағын топтарға бөліп аламын.

Бөлінген топтар зерттеу жұмыстарын жасайды және алған нәтижелерін өз араларында қорытындылайды.

Зерттеу сұрағы:

«Стауандағы суға ермексаздан жасалған шар салсақ су деңгейі қалай көтеріледі?»

1. Ермексаздан көлемі бірдей етіп домалақтап, бес шар жасаңдар.

2. Стақанда тұрған судың деңгейін маркермен белгілеңдер.

3. Суға бірінші шарды салыңдар, судың деңгейін маркермен белгілеңдер.

4. Екінші шарды стақандағы суға салыңдар, су деңгейін маркермен белгілеңдер.

5. Қалған үш шарды да суға бірінен соң бірін салып, судың деңгейін әр шар салған сайын белгілеңдер.

6. Жасаған зерттеу жұмысына қорытынды жасаңдар.

Ақылды қарға.

Тақтаға қарға суретін іліп, немесе слайд арқылы көрсетіп, суретті сиппаттатамын.

Қарға кімнің заңын қолданып, су ішкелі жатыр?

Ол неліктен суға тас тастауда?

Ойлан.

Хауызға (басейн) барып көрдің бе?

Суға түскен кезде су деңгейі көтеріле ме?

Егер хауыздағы суға тас тастасаң су деңгейі көтеріле ме?

Сен білесің бе?

Архимед ашқан жаңалықты Архимед шелегі деген құрал арқылы зерттеуге болады.

Бұл құралдың жұмыс істеу принципі мынадай: серіппеге іші бос цилиндр ілінген, оның түбіне сол бос цилиндрдің ішінің көлеміндей көлемдегі тұтас цилиндр ілінген. Архимед шелегінің шүмегі болады. Сол шүмектке дейін су құйылады. Жаңағы тұтас цилиндрді Архимед шелегінің ішіне орналастырған кезде шүмектен су ығысып шығады. Сол ығысып шыққан сұйықтықты алып бос цилиндрге құятын болсақ, тұтас цилиндрдің көлеміндей су ығысып шыққанын көруге болады.

Өзіндік жұмыс. 55-жұмыс парағы.

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы.

Суы бар стакан, ермексаз, маркер

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексиялық кезең.

Кері байланыс.

ҚБ мұғалімнің кері байланысы

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта саралау сұрақтар қою, тапсырмаларды орындау барысында жүргізіледі.

Мұғалімнің ауызша кері байланысы.

Мұғалімнің жазбаша кері байланысы.

Мадақтау, қолдау көрсету.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақтағы іс-әрекет түрін жиі ауыстыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу