Ауада Архимед күші қалай орындалады? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 4 Табиғат физикасы. | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||||
Күні | ||||||||
Тақырыбы | Ауада Архимед күші қалай орындалады? | |||||||
Оқу мақсаты |
| |||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушы: Суда жүзген адамға қандай күштер әсер ететіндігін білу; Оқушылардың көбі: Әуеде ұшатын апппаратттардың атын білу; Неліктен суреттегі шардың бірі жоғары көтерілетіндігін, ал екіншісі төмен түсетіндігін білу; Оқушылардың кейбірі: Демонстрация арқылы көрсетілген зерттеу жұмысын қорытындылай алу; Ойлануға берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алу; | |||||||
Бағалау критерийі | Суда жүзген адамға қандай күштер әсер ететіндігін білуі; Әуеде ұшатын апппаратттардың атын білуі; Неліктен суреттегі шардың бірі жоғары көтерілетіндігін, ал екіншісі төмен түсетіндігін білуі; Демонстрация арқылы көрсетілген зерттеу жұмысын қорытындылай алуы; Ойлануға берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алуы; | |||||||
Тілдік мақсат |
| |||||||
Құндылықтар | Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас мәдениеті, тіршілік қауіпсіздігін сақтау | |||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану, көркем еңбек | |||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Кері итеруші күш дегеніміз не? және Архимед заңы қалай ашылды? тақырыптары. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 10 минут | Бөлімге кіріспе. Ауа мұхиты. Оқушыларға суда жүзіп жүрген адамдардың суретін көрсетіп, адамға қандай күш әсер ететіндігін сұраймын. (Оған тартылу күші мен судың кері итеруші күші әсер етеді) Енді балаларды орнынан тұрғызамын. Қазір бізге қандай күш әсер етіп тұр? – деп сұраймын. (ауырлық күші) Балалар жаттығу жасайды: алақандарын жазып, екі қолдарын екі жаққа сермейді. Не сездіңдер? (алақандары ауамен жанасады) Ауа қалай әсер етті, алақанның қозғалуына көмектесті ме, әлде кедергі жасады ма? (Ауа кедергі келтірді, себебі ол қозғалысқа түскен алақанға қарсы бағытталды) Балаларға суда жүзгендей қимыл жасатамын. Біз қайда жүзіп жүрміз? (ауада жүзіп, тіршілік етеміз). Суда әсер ететін кері итеруші күші ауада да әсер ететінін айтамын. Шар Оқушыларға екі түрлі шарды әкеліп (егер мүмкіндік болмаса суреттен) көрсетемін. Гелиймен толтырылған шар әуеге көтеріледі, ал ауамен толтырылған шар еденгеқарай төмен түседі. Неліктен? Сабақтың мақсатын және тақырыбын анықтау. Сабақ тақырыбы: Ауада Архимед күші қалай орындалады? Сабақ мақсаттары: Архимед заңы ауада қалай орындалатынын білу; ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы. | Гелий толтырылған және ауа толтырылған шарлар; слайд; | ||||||
Сабақтың ортасы 25 минут | Әуеде ұшу. Суретте не бейнеленген? Аппараттар қалай ұшады деп ойлайсыңдар? Ауадан жеңіл газдарды пайдалана отырып, ұшатын қандай аппаратттарды білесіңдер? Олар қандай күштің әсерінен ұшады? Зерттеу жұмысы «Целофан қалта неге ұшады?». Зерттеу жұмысын демонстрация ретінде көрсетемін. Оқушылар көргенін бақылап қажетті ақпаратты жазып отырады. Зерттеу сұрағы: «Қоқыс салуға арналған целофан қалта ұша ма?» 1. Оқушыларға қоқыс салуға арналған қалтаны көрсетіп «Бұл затты қалай ұшыруға болады?» – деген сұрақ қоямын. Оқушылар болжам жасайды. 2. Жазық тәрелкеге екі майшамды құламайтындай орналастырамын. 3. Алдын ала қоқыс салуға арналған қалтаның ашылатын жағынан төрт жерден ұзындығы бірдей жіптерді байлап, жіптердің екінші ұштарына ермексаз жапсырылған соны үстел бетіне бекітемін. 4. Майшамды жағып, оның жоғарғы жағынан қалтаның аузын төмен қаратып, жалынның үстінде ұстап тұрамын. Ойлан. Ай бетінде әуе шары ұша ма? Сен білесің бе? Әуе шары туралы бейнефильм көрсетемін. Олар бұл адамды ең алғаш әуеге көтерген ұшу құралы екенін түсінеді. Кейіннен олардан озық ұшатын аппараттар пайда болған соң әуешары тек демалыс шараларында ғана қолданылатын болғандығын талқылаймыз. Оқушылармен ғылымның дамуы, жаңа технологиялардың пайда болуы туралы пікір алмасамыз. Адам әуе шарын жасауда білгенін жаңа ұшатын аппараттар жасағанда пайдаланды ма? Өзіндік жұмыс. 58-жұмыс парағы. ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы. |
| ||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексиялық кезең. Кері байланыс. ҚБ мұғалімнің кері байланысы |
| ||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Сабақта саралау сұрақтар қою, тапсырмаларды орындау барысында жүргізіледі. | Мұғалімнің ауызша кері байланысы. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы. Мадақтау, қолдау көрсету. | Қауіпсіздік ережелерін сақтау Сабақтағы іс-әрекет түрін жиі ауыстыру |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен? | |
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?