Архимед күші. Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді жоспар
Пән: Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Архимед күші | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 4.5.1.1 - Архимед күшін сипаттау және оның білінуіне мысал келтіру; 4.5.1.2 - судағы түрлі денелерге әсер ететін Архимед күшін бақылау және болжау; 4.1.2.1 - зерттеу әдістерін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу; 4.1.2.2 - нәтижені оқушы таңдауымен графикалық түрде ұсыну; | |||||
Сабақ мақсаттары | Архимед заңымен таныстыру , Архимед күшін сипаттау және оның білінуіне мысал келтіру; | |||||
Бағалау критерийлері | Архимед күшін сипаттайды және оның білінуіне мысал келтірді | |||||
Тілдік мақсаттар | Кері итеруші күш, су, Архимед | |||||
Миссия және пайымдау | Алған білімдерін өмірде қолдана алады. | |||||
Жаһандық азаматтық | Тақырыпты түсінбеген сыныптастарына түсіндіру, көмек беру. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Достыққа тәрбиелеу, басқаны құрметтеу және бәсекелестікке дайын болу. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Өнер, АКТ пәндерімен байланыстыру. | |||||
Бастапқы білім | Оқушылар жылдамдықтың, денелерді қозғалысқа келтіретін түрлі күштердің болатынын біледі. Ауырлық, үйкеліс, серпімділік күштерінің қалай білінетінін түсініп, күнделікті тұрмыстан мысал келтіре алады. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | І.Ұйымдастыру бөлімі. | |||||
Сабақтың ортасы 32 минут | Сабақ басталды.Отырыңдар.Қазір ғылымға кіріспе сабағы. - Балалар өз есімдерің қандай мағына білдіреді? Суреттегі кім? – ≪Ал Эвриканың есімі қандай мағына беретінін білесіңдер ме?≫ Мультфилмьді көрсету https://rutube.ru/video/9bdafcb7139e6ce6185e8e42ade6e616/ Эврика «Мен таптым!» деген қуаныш сезімін білдіретін сөз. Бұл сөзді алғаш рет жаңалық ашқанда грек ғалымы Архимед айтқан. Эврика сөзі қиын шешімдердің кілтін тапқанда айтылатын сөз. Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру Архимед ашқан жаңалықпен танысасың; Судағы дененің суды ығыстыратынын білесің. -Архимед туралы не білесіңдер? Оқушылар оның ерте заманда жүк көтеруге арналған механизмдер ойлап тапқанын айта алады. Оқушылар суретке қарап болжам жасайық. -Ваннадан су неліктен төгілді (себебі, ваннаға су толтырып құйылды, адам отырған кезде, су деңгейі одан әрі көтеріледі). -Сен өзің осындай жағдайда болдың ба? (Оқушылар өздерінің тәжірибесімен бөліседі.) - Су төгілмеу үшін не істеу керек (Ваннаға суды аз құю керек). -Сонда су деңгейі көтерілмей ме деп сұраңыз. Балалар су көтеріледі, бірақ ваннадан аспайды деп жауап береді. -Енді сол ваннаға үлкен кісі түссе қанша су төгіледі, кішкентай бала түссе қанша су төгіледі деп сұраңыз. Балалар өз тәжірибелеріне сүйеніп, бір су толтырылған ваннадан үлкен кісі түскенде, көбірек су төгілетінін айтады. -Неліктен деп сұраңыз. Балалар денелерінің үлкен кішілігімен түсіндіреді. Ендеше, Архимедтің ашқан жаңалығын жасап көрейік. Зертте. Зерттеу жұмысын жүргізу үшін оқушыларды топтарға біріктіру. Ресурстарды таратып беріңіз: орта- лай су құйылған шыны немесе пластик стақан, ермексаз, маркер. Жүргізуге арналған нұсқаулық • Ермексаздан көлемі бірдей етіп бес шар жасайды; • Стақанда тұрған судың деңгейін маркермен бел- гілейді; • Суға бірінші шарды салады, су деңгейін маркермен белгілейді; • Екінші шарды стақандағы суға салады, су деңгейін маркермен белгілейді; • Қалған үш шарды да суға бірінен соң бірін салып, судың деңгейін әр шар салған сайын белгілейді; • Стақанның сыртындағы белгілерді зерделейді; • Нәтижелерді тіркеп, қорытынды жасайды. Соңында оқушылардың келетін қорытындысы: суға салынған дене көлемі қандай болса, сондай көлемде су жоғары көтеріледі. Ондай қорытынды әр маркер- мен жасалған белгінің арасы шамамен тең болуынан жасалады. Зерттеу жұмысын орындап болғаннан кейін оқушылардан “Зерттеу жұмысы барысында бақылау жа- садыңдар ма, әлде эксперимент жасадыңдар ма?” . Оқушылар эксперимент жасағандарын айтады. Зерттеу нәтижесін қалай тіркегендерін сұраңыз (стаканның сыртына). Сергіту сәті Ойын «Эврика» 58-беттегі сөзжұмбақты шешкізу. Топ зерттеп жауап дайын екенін Эврика деп бірге жауап беру арқылы білдіредіү. Сөзжұмбақты шеш. Сөзжұмбақты шеше отырып, алған білімдерін бекіте алады. Қалып қалған сөздерді анықтайды, бос ұяшықтарды толтырады. Жауабы 1. суға 2. көлемдегі 3. ығысып 4. грек 5. Архимед Ақылды қарға. Оқушыларға қарғаның суретін көр- сетіп, сурет сипаттауды ұсыныңыз. Оқушылар суретте көріп тұрғандарын сипаттап айтып береді. Қарға су ішкісі келді. Егер қарға Архимедтің заңын білсе не істер еді деп ойлайсың? Олар қарға суға тастарды сала бастай- ды деп айтады. Суға тастарды сала отырып қарға суды іше алатындығын сипаттайды. Яғни тас өз көлеміндей көлемдегі суды ығыстырады. Ойлан. Топтарға тапсырманы тарату. Бір оқушыға оқыту. Жауабын жаздырту. Оқыту Топта талқылау ұйымдастырыңыз. Бассейнге барып көрдің бе? Суға түскен кезіңде су деңгейі көтеріле ме? Егер суға тас тастасаң, су деңгейі көтеріле ме? деген сұрақтар арқылы оқушылармен әңгімелесу жүргізіңіз. Басейнге тасталған тастың көлемі бассейндегі су көлемі- нен аз болғандықтан көтерілген су деңгейі байқалмай да қалады. Топтарды бағалау Сен білесің бе? Архимедтің ашқан жаңалығын ≪Ар- химед шелегі≫ деген құрал арқылы зерттеуге болады. Бұл құралдың жұмыс істеу принципі мынадай: серіппеге іші бос цилиндр ілінген оның түбіне сол бос цилиндрдің ішінің көлеміндей көлемдегі тұтас цилиндр ілінген. Ар- химед шелегінің шүмегі болады. Сол шүмектке дейін су құйылады. Жаңағы тұтас цилиндрді Архимед шелегінің ішіне орналастырған кезде шүмектен су ығысып шығады. Сол ығысып шыққан сұйықтықты алып бос цилиндрге құятын болсақ, тұтас цилиндрдің көлеміндей су ығысып шыққанын көруге болады. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға арналған ұсыныстар 55-жұмыс парағы. «Архимед заңы қалай ашыл- ды?», 58-б. Су деңгейі неге көтерілді? Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар сабақ барысында алған білімдерін қолдана алады. Дұрыс жауаптарды анықтап, белгілейді.
| https://rutube.ru/video/9bdafcb7139e6ce6185e8e42ade6e616/ мультфильм «Коля, Оля и Архимед» 9 мин 20 с-11 мин аралығы Су құйылған ыдыс; резеңке доп; үстел теннисі шаригі, ермексаздан жасалынған шарик. Су құйылған ыдыс; май шам; ермексаздан жасалынған цилиндр. Су құйылған үлкенірек ыдыс пен мандарин немес апельсин https://www.youtube.com/watch?v=UFpaj83x9J4&t=891s Архимед күші туралы анимация Банка(1 л); бидай; теннис шаригі . | ||||
Сабақтың соңы 3 минут | Кері байланыс. Бағдаршам көздері арқылы меңгергенін анықтау. Қызыл түс-нашар жұмыс істедім. Сары түс –орташа жұмыс істедім. Жасыл түс-өте жақсы жұмыс істедім. Бүгінгі сабақта не қиын болды? –Не қызықты болды? –Не маңызды болды? | |||||
Дифференциация –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру: Қабілеті жоғары оқушылар ойлауға берілген мәтіндік есептерді өз бетінше оқып, шеше алады. | Оқушылардың жеке жұмыстарын бағалаймын. | Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?