Архимед күші. Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім. Табиғат физикасы

Күш пен қозғалыс

Күні:

Сынып:

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні :

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Архимед күші

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

4.5.1.1 - Архимед күшін сипаттау және оның білінуіне мысал келтіру;

4.5.1.2 - судағы түрлі денелерге әсер ететін Архимед күшін бақылау және болжау;

Сабақ мақсаттары

Архимед күшін сипаттау және оның білінуіне мысал келтіру;

Судағы түрлі денелерге әсер ететін Архимед күшін бақылау және болжау;

Бағалау критерилері

  • Архимед күшін сипаттау және оның білінуіне мысал келтіреді;
  • Судағы түрлі денелерге әсер ететін Архимед күшін бақылап, болжам жасайды.

 Тілдік мақсаттар

Күш, Архимед күші, ауырлық күші, ығыстырушы күш, т.б.

 Құндылықтарды дарыту

Еңбек және жауапкершілік, өмір бойы білім алу.

 Пәнаралық байланыстар

Математика, дене шынықтыру, дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Жердің айналуы және жыл мезгілдерінің ауысуы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Қызығушылықты ұйымдастыру

3 мин

2 мин

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі.

(Ұ) «Адасқан әріптер»

Мақсаты: сабақтың тақырыбын анықтау

Д А Р Х И Е М К Ш І Ү / Архимед күші

  • Ендеше, бүгінгі сабақта не туралы сөйлесетін боламыз?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Бағалау критерийлерімен танысу.

Слайд

Сабақ басы

30 минут

(МК) «Зертте. Анықта. Талқыла».

Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту.

Оқушыларға тәжірибелік жұмыстарды бастамас бұрын кесте таратылып беріледі. Сабақ барысында кестені толтыру тапсырылады.

Тәжірибе нөмері

Қолданылған ресурстр

Қорытынды нәтиже

  • Қандай да бір ыдысқа толтырып су құйылады.
  • Көлемді, салмағы ауыр затты көрсетіп, суға мына затты салса, не болатыны сұралады.
  • Балалар су төгілетінін айтуы керек.
  • Суға денені салады. Су жан-жағына төгіледі.
  • Неліктен деп балалардан сұралады. Оқушылар өз жауаптарын айтады.

/Бұл сұрақтың жауабын анықтау үшін бейнежазба көрсетілетіні айтылады/.

(МК, Ұ) Бейнежазба.

Мақсаты: Архимед күші туралы ақпарат.

Бейнежазба бойынша сұрақ-жауап жүргізіледі.

Сұйықтыққа немесе газға салынған денеге әсер ететін күшті ежелгі грек ғалымы Архимед ашқан. Суға денені салғанда, батқан дене нақ өзінің көлеміндей суды ығыстырып шығаратынын анықтаған. Оны судың денені кері итеруші күші - Архимед күші деп атайды.

(Ж) Тәжірибе жасаймыз.

Мақсаты: Архимед күшін анықтау.

  • Үлкенірек су құйылған ыдысқа мандарин (немесе апельсин) салса не болады деп ойлайсыңдар? /Оқушылардың жауабы тыңдалады/
  • Мандарин судың бетінде қалқып жүзіп жүреді.
  • Мандариннің қабығын аршып қайта суға салады. Мандарин суға батып кетеді. Неліктен?/Оқушылардың болжамдары тыңдалады/.
  • Мандариннің қабығында ауа бар. Сол себепті ол судың бетінде қалқып жүзеді.
  • Қабығы аршылған мандариннің іші тығыз. Сол себепті ол батып кетті.
  • Екі тәжірибеде қандай күштер әсер етті? /Алдымен оқушылардың жауаптары тыңдалады/.

Тәжірибеде ауырлық күші және итеруші немесе ығыстырушы күш (Архимед күші) әсер етті.

) Бірге зерттейміз.

Мақсаты: сыни ойлау дағдыларын, ізденімпаздығын дамыту.

  • Топ оқушыларына су құйылған үш стақан беріледі.
  • Бірінші стақанға теннис шаригін салу керек.
  • Екінші су толтырыған стақанға ермексаздан жасалған шарикті салу қажет.
  • Үшінші стақанға резеңке допты салады.
  • Әрбір іс әрекет барысында бақылау жасалып, кестеге толтырылып отырады. Қорытынды шығарылады.

/Топ оқушылары бақылауларының қорытындысын ұжым алдында қорғайды, қажеттілігіне қарай түзетулер мен толықтырулар енгізіледі/.

(Ұ, Ө) Бақыла. Талқыла. Қорытынды жаса.

  • Бірдей көлемдегі екі ыдысқа толтырылып су құйылады.
  • 1-ші ыдысқа іші тығыз шаршы қатты денені салады.
  • 2-ші ыдысқа осы шаршының екеуін қосып салады.
  • Оқушылардан не байқағанын сұрау.

Қорытынды:

2-ші ыдыста 1-шіге қараған ыдыстан су көп мөлшерде ығыстырылып шығарылды. Себебі, ығыстырылып шыққан судың көлемі дененің көлеміне тең.

/Оқушылар кестелерін жұппен ауыстырып, тексереді, өзара «+/-» арқылы бағалайды. Кері байланыс жасалады/.

(Қ, Ж) Өмірмен байланыс.

Тапсырма: Архимед күшіне мысал келтір. Себебін түсіндіріп жаз.

Мысалы: ________________________________________________

Себебі, _________________________________________________

________________________________________________________

Дескрипторлар:

  • Архимед күшіне мысал келтіреді;
  • Себебін түсіндіріп жазады.

/Дескрипторлар негізінде «Екі жұлдыз бір тілек» бойынша өзара бағаланады, кері байланыс жасалады/.

Кесте

Стақан

Қатты дене

Бейнежазба

https://youtu.be/kmWLebc71XM

Мандариндер, су құйылған ыдыс

Стақандар, теннис шары, ермексаздан жасалған шарик, резеңкеден жасалған шарик

Су толтырылған ыдыстар, бірдей көлемдегі үш дене.

Қима қағаздар

Сабақтың соңы

5 мин

(МК) Кері байланыс.

Жұмысты орындауда не қиын, не жеңіл болды? Неліктен?

+ Мен ................ үйрендім.

-Маған .............. қиын.

Маған сабақтың.........................бөлігі ерекше ұнады. Себебі,...................

Өзін-өзі бағалау

Оқушылар өз жетістіктерін смайликтер арқылы бағалайды.

«Смайликтер» арқылы бағалау

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар ережелерді, сұрақтарды өз бетінше құра алады.

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу