Архимед күші. Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: Ғылымға кіріспе5-бөлім. Табиғат физикасыКүш пен қозғалыс

Мектеп:

Күні:

Сабақ реті 1

Мұғалім:

Сынып: 4 Сабақ саны: 1

Оқушылар саны: ______

Келмегендер: ___

Сабақ тақырыбы:

Архимед күші

Сабақ қамтитын оқу мақсаттары:

4.5.1.2 - судағы түрлі денелерге әсер ететін Архимед күшін бақылау және болжау

4.1.2.1 - зерттеу әдістерін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу

 Сабақ мақсаты:

Судағы түрлі денелерге әсер ететін Архимед күшін бақылау және болжау.

Зерттеу әдістерін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу

Бағалау

критерийлері:

Архимед күшін сипаттайды: Архимед күшіне мысал келтіреді

Құндылықтарды

дарыту

Сабақ барысында оқушылар бойында құрмет, ынтымақтастық, жалпыадамзаттық жауапкершілікті дарыту

АКТ қолдану

Ақпараттық мәтіндер, жаңа сөздер,тыңдалым бейнебаян.

Пәнаралық байланыс

дүниетану, ағылшын тілі, физика

Жаһандық азаматтықты қалыптастыру

Когнитивті компонент: ұлттық, жаһандық

түрлі деңгейдегі сұрақтарды құрастырып. талқылайды;

ақпаратқа сыни талдау жасайды;

Әлеуметтік-эмоционалдық:

өз пікірін ашық, еркін, сенімді жеткізеді;

жұптық, топтық жұмыста өзара қолдау көрсетеді;

Танымдық:

сынып ережесіне бағынады;

өз іс-әрекетіне жауап бере алады

Осыған дейін меңгерілген білім

Жыл мезгілдерінің ауысуы

Жоспарланған уақыт

Іс-шаралар

Ресурстар

0-2 мин

3-10 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

Табиғат — біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Табиғатты қорғайтын,

Біз әдепті баламыз.

Табиғаты сыры көп екен,

Зерттеуді ол қалайды.

Осының бәрін меңгертер,

Ғылымға кіріспе сабағы.

(Ұ)Қызығушылықты ояту.

Оқушылардың ойларын тыңдау.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу.

Өткенді қайталау. Сөйлемдерді толықтыру. Егер дененің салмағы архимедтік күштен ....... болса, онда дене сұйық бетіне ....... ........, ал дененің салмағы архимедтік күштен .........болса, онда дене сұйыққа ....... .......... Дененің салмағы архимедтік күшке........... болса, дене сұйық ішінде ........ ....... .

Тірек сөздер: артық, кем, тең, батып кетеді, жүзіп жүреді, қалқып шығады.

Презентация

25 мин

Жаңа сабақ

Тәжірибе:Допты суға батырып, қоя бергеннен кейін, доп қайтадан су бетіне шығады.Мұғалім: Доп неге су бетіне ытқып шығады?Жауап: Өйткені допқа күш әсер етті.Мұғалім: Жауап дұрыс, допты судан ығыстырып шығатын күш әсер етті. Бұл күшті біз ығыстырушы күш деп атаймыз.Мұғалім: Сол ыдысқа цилиндрді салайық. Дене батып кетті. Бұл жағдайда ығыстырушы күш әсер ете ме?Жауап: оқушылар әр қилы жауап беруі мүмкін.Мұғалім: Цилиндрге ығыстырушы күш әсер ете ме екенін тексеру үшін, цилиндрді динамометрге іліп, динамометрдің көрсеткішін жазып аламыз. Содан кейін цилиндрді сол тұрған күйінде суға батырамыз да, динамометрдің көрсетуін жазып аламыз. Екі жағдайдағы динамометр көрсеткішін салыстырамыз. Тәжірибе жасалады. Не байқадыңдар:Жауап: Цилиндрді суға салғанда динамометрдің көрсетуі кемиді.Мұғалім: Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?Жауап: Су салынған кез келген денеге ығыстырушы күш әсер етеді.Мұғалім: бұл күш қалай қарай бағытталған?Жауап: Сұйықтықта тұрған денеге әсер ететін ығыстырушы күш жоғары қарай бағытталған.Тәжірибе: Білеуше тәрізді дене суға салынады.

Оқушылар мұғалімнің көрсетіліміне назар аударады. Ойланып жауап береді. Өз ойларын еркін айтуға талпынады.Сыни тұрғыдан ойланады.

Сапалық есептер:

1  Неге өзен суына қарағанда ,теңіз суына жүзген жеңілірек?

Жауабы: теңіз суы тұзды , тұзы неғұрлым көп болған сайын тығызырақ келеді. Архимед күші көбірек болады.

2 Сүңгуір үйрек су бетінде қамыстың сабағынан ұя жасайды.Ұя су бетінде жел қалай соқса ,солай қарай жүзеді. Құстың ұясын су бетінде қандай күш ұстап тұрады.Ұяның пішіні мен көлемі туралы

не айтуға болады?

Жауабы: судың бетінде ұяға Архимед күші әсер етеді .Ұя пішіні ұяның салмағымен оған әсер ететін ығыстырушы күштен бірнеше есе аз болуы керек .

3. Сүңгуір үйрек суда жақсы сүңгиді.Судың тарапынан әсер ететін ығыстырушы күшті ол қалай азайтады?

Жауабы: Сүңгуір үйрек өзінің көлемін азайтуға тырысады , яғни қанаттарын денесіне қысып алады.

4.Арқаңмен жүзгенде суда өзіңді жеңіл ұстайсың. Неге?

Жауабы: Арқаңмен жүзген жеңіл , өйткені арқанның көп бөлігі суға батады да кері итеруші күшті көбейтеді.

Жауабы

Доп, ыдыс, су, цилиндр, динамометр

2 мин

3 мин

Бағалау.

«Жетістік жолына» тұрып өздерін бағалайды

Рефлексия

«Шығу билеті»

Оқушылар келесі сабақта не білгілері келетініндерін стикерге жазады. .

Қосымша мәлімет

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өтілген сабақтарды дұрыс игермеген оқушыларды қолдау. Қиындықтар туып жатқан оқушыларға үлестірмелі материалдар беріп, ал тапсырмаларды жеңілдікпен шығарып отырған оқушыларға күрделірек тапсырмаларды беру

Қолданылған стратегия бойынша оқушылар таныған мәліметтерін талдауға қатысады

Топта бағалау,өзін-өзі бағалау, өзара бағалау

Қоршаған орта туралы ғаламдық мәселелерді қарастыру, НЗМ құндылықтарын дамыту

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау:

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу