Жылуөткізгіштікті қалай қолданады? Жаратылыстану, 4 сынып, дидактикалық материал.

Зерттеу тақырыбы: «Жылуды қандай материалдар мен заттар жақсы сақтайды?».

1) Зерттеу сұрағын даярлаңыз

.....................................................................................................................................

 Зерттеу жұмысын жүргізуге нұсқаулық:

1. 1-ші үлкен стақанның түбіне фольганы умаждап салыңдар.

2. Кіші стақанды үлкен стақан ішіне орналастыр. (Олардың ернеуі бір деңгейде болуы керек, егер ернеулері теңеспесе, түбіне тағы фольга салыңдар)

3. Кіші стақан мен үлкен стақанның қабырғасының арасындағы саңылауды фольгамен толтырыңдар.

4. 2-ші үлкен стақанның түбіне мақта салыңдар.

5. Кіші стақанды үлкен стақан ішіне орналастырыңдар. (Олардың ернеуі бір деңгейде болуы керек, егер теңеспесе, түбіне тағы мақта салыңдар).

6. Кіші стақан мен үлкен стақанның қабырғасының арасын мақтамен толтырыңдар.

7. 3-ші үлкен стақанның түбіне газетті умаждап салыңдар.

8. Кіші стақанды үлкен стақан ішіне орналастырыңдар. (Олардың да ернеуі бір деңгейде болуы керек, егер теңеспесе, түбіне тағы газет салыңдар).

9. Кіші стақан мен үлкен стақанның қабырғасының арасын газетпен толтырыңдар.

10. Үш стақанға да жылы су құйыңдар.

11. Стақандардың бетін целлофанмен жауып, оны кеңсе резеңкесімен бекітіңдер.

12. Енді стақан бетіне керіліп тұрған целлофанды сәл ғана тесіп, стақан ішіндегі суға термометр салыңдар

13. 5–7 минут уақыт күте отырып, нәтижені тіркеңдер.

уақыт

фольга

мақта

газет

1 минут

2 минут

3 минут

4 минут

5 минут

6 минут

7 минут

14. Жасаған зерттеу жұмысына қорытынды жасаңдар.

.....................................................................................................................................

.....................................................................................................................................

.....................................................................................................................................

.....................................................................................................................................

.....................................................................................................................................

.....................................................................................................................................

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу