Су қалай ластанады? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 4

Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері. Ауа мен су.

Мектеп:

Мұғалім:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні

Тақырыбы

Су қалай ластанады?

Оқу мақсаты

4.3.3.3 судың ластану көздерін анықтау;

4.3.3.4 судың ластануының түрлі ағзаларға әсерін түсіндіру;

4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.

Сабақтың мақсаты

Судың ластану көздерін анықтайды.

Судың ластануының түрлі ағзаларға әсерін түсінеді.

Бағалау критерийі

Судың ластану көздерін атайды.

Су тазалығын сақтау жолдарын сипаттайды.

Судың ластануының түрлі ағзаларға әсерін түсіндіреді.

Тілдік мақсат

Пәндік терминология мен тірек сөздер

су көздері

судың ластануы

суды тазарту

Құндылықтар

қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Судың қасиеттерін, оның ішінде еріткіштік қасиетін сипаттайды.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау.

Кіріспе тапсырма. Су көздері. Жұптық жұмыс.

  • Ашық су көздерін ата.
  • Мұндай су көздерін таза деуге бола ма?

Алдыңғы сыныптарда алған біліміне және жеке тәжірибесіне сүйеніп, табиғаттағы су көздерінің барлығы бірдей таза болмайтынын айтады.

  • Оның құрамында не болуы мүмкін?

Су көздерінің ластануы туралы презентация көрсету.

Судың құрамында

  • өнеркәсіп қалдықтары
  • тұрмыстық қалдықтар
  • сарқынды сулардан бөлінетін зиянды, улы заттар, түрлі бактериялар болуы мүмкін.
  • Судың қандай қасиеті ластануға алып келеді?

(судың иісті, дәмді тарататын қасиеті, оның еріткіштігі.)

Судың еріткіштік қасиеті құрамына түскен заттарды ерітіп, оны басқа орталарға тасымалдауына себеп болатыны туралы қорытындыға келуі тиіс.

Табиғаттағы су көздері бейнеленген суреттер немесе слайд

Сабақтың ортасы

Суды «кім» ластайды?

Шағын топтарға біріктіру.

Су неден ластануы мүмкін? деген сұрақты талдау.

Өздері білетін судың ластану себептерін анықтау.

  • Су өз-өзінен ластануы мүмкін бе? (Егер ағынсыз сулар ұзақ уақыт тұрып қалса, суды балдыр басып, жағымсыз иіс шығып, ластанады)
  • Мұндай ластануды табиғи жолмен ластану деп айтамыз ба, адам әрекетінен болған ластану деп айтамыз ба? (Табиғи ластану.)
  • Тағы қандай табиғи жолмен ластану түрлерін білесіңдер? (Жаңбыр суымен бірге жерге түскен, топыраққа сіңген зиянды заттар суда еріп, су ластанады. Суда тіршілік ететін жануарлардың тіршілік әрекетінен және олардың қалдықтарының, өлекселерінің шіруінен де су ластанады.)
  • Судың ластануына тағы қандай әрекеттер себеп болуы мүмкін? (Көп жағдайда адамның әрекеттерінен ластанады.) Неліктен?

Адам күнделікті пайдаланатын тұрмыстық қалдықтарды су жағасына төгеді, мұнай қалдықтарын ағызады, өзенде мал суарады, өндіріс орындарынан шыққан қалдық суларды ағызады, су арқылы қауіпті жүктер (жанар май, мұнай өнімдері, т. б.), ағаш тасымалдайды, су жағасында көлік жуады.

Мұның барлығының зияны туралы әңгімелесу.

Зардабын «кім» шегеді?

  • Лас судың зардабын нелер тартады?

Суретті пайдаланып жауап беру.

Суда тіршілік ететін жануарлар мен құстар зардап шегеді.

  • Егер егістікті ластанған өзен суларымен суарса немесе жануарлар ішсе не болады?
  • Адам қалай зиян шегеді?
  • Судың құрамында әртүрлі зиянды микробтар қалай пайда болады?

Судағы әртүрлі вирустар мен бактериялардың әсерінен пайда болатын аурулар туралы ақпарат құралдарын пайдаланып анықтау.

Лас судан сақтану ережелерін құрып, постер жасау.

  • Ауыз суды қайнатып пайдалану,
  • жеке бас тазалығын сақтау,
  • ашық су көздерінен су ішпеу,
  • лай суларға жуынбау, т.с.с.

Зерттеу жұмысы. Мақсаты: Лас судың тірі ағзаларға зияны қандай екенін анықтау. Ватман қағазы мен маркерлер тарату.

Зерттеу жүргізуге aрнaлғaн нұcқaулықпен таныстыру

  • Берілген ресурстардың ішінен зерттеу жұмысын жүргізуге қажеттілерін таңдау.
  • Суреттерді салыстыра отырып зерделейді, мәселені анықтау, жоспар құруы.
  • Су көздеріндегі судың тазалығын сақтауға байланысты ұйымдастырылатын іс-шараларды анықтау.
  • Өздері тұратын өлкедегі/қаладағы судың тазалығын сақтауға байланысты қандай шаралар жасалатынын зерттеу.
  • Суды қорғау және сақтау туралы өз идеяларын ұсыну.
  • Нәтижесін тіркеу.
  • Қорытынды жасау.

Зерттеу жұмысын аяқтаған соң өз тобының жұмысын таныстыру.

Бұл тапсырма оқушылар өздерінің іс-тәжірибелеріне және алдыңғы сыныптарда алған біліміне сүйенеді. Зерттеу нәтижесін өздері таңдаған формада ұсынуына болады.

Ойлан. Су «гүлдене» ме?

Сұрақ бойынша талдау. «Гүлдену» ұғымының мағынасын ашу.

Сен білесің бе?

  • Суқоймалардағы суды қалай тазалауға болады?

Олар алдыңғы сыныптарда алған білімі мен тәжірибесіне сүйеніп, сүзгіден өткізу, хлорлау сияқты әдістерді айта алады.

  • Су табиғи жолмен тазалануы мүмкін бе?

Мәтінді оқуды ұсыну.

Өзіндік жұмыс

60-жұмыс парағы. Судың ластану себеептері.

Не себепті ластанады?

Суқоймалардың ластануына байланысты өздері білетін себептерді жазу.

Суды ластанудан қорғау үшін қандай шаралар қолданатыны туралы өз ұсыныстарын жазу.

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы.

Судың ластануы туралы суреттер немесе слайд

 

 

 

Ватман қағазы, маркер, энциклопедия, лас судың зияны туралы журналдар мен газеттердегі мақалалар, суреттер мен иллюстрациялар.

Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

Рефлексиялық кезең.

А) Білдім:

Түсіндім:

Үйрендім:

Келесі сабақта мен .... туралы білгім келеді.

Ә) Бүгінгі сабақ маған ұнады\ ұнамады. Себебі, ...

Б) Мұғалімнің кері байланысы

Кері байланыс парағы

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сұрақ қою барысында саралау:

Суды «кім» ластайды?

Тапсырмалар бойынша саралау:

Зерттеу жұмысы.

Қалыптастырушы бағалау құралдары:

-мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту);

- өзін өзі бағалау;

- мұғалімнің жазбаша кері байланысы;

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу;

-оқушылардың жазбаша кері байланысы.

- Сабақ барысында әрекеттер жиі ауыстырылады;

- қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе, себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыс дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқу орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу