Шахмардан Құсайыновтың «Томирис» драмасы мен Светқали Нұржановтың «Хан кегі» поэтикалық драмасының тарихи көркемдік құндылығы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 14 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4. Заман, дәуір тұлғасы

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Смагулова Р.А.

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Шахмардан Құсайыновтың «Томирис» драмасы мен Светқали Нұржановтың «Хан кегі» поэтикалық драмасының тарихи көркемдік құндылығы

Оқу бағдарламасына сілтеме

Б/С Тарихи және көркемдік құндылығы

Сабақтың мақсаты

10.3.1.1 - шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;

Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • прозалық драманы поэтикалық драмамен салыстырады;
  • екі шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.

Тілдік мақсаттар

Тұмар билеген замандағы тарихи оқиғаларды айқындайтын тарихи сөздерді қолдану

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Азаматтық позиция мен құрмет

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

АКТ қолдану дағдылары

Оқушыларға берілетін тапсырмалар үшін презентация қолданылады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Шахмардан Құсайынов «Томирис» драмасы.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Басы

5 минут

Қызығушылығын арттыру.

«Суреттер галереясы» әдісі бойынша суреттерге баға беру және салыстыру

https://www.youtube.com/watch?v=DML1MwqeH0E

Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары хабарланады.

https://www.youtube.com/watch?v=DML1MwqeH0E

Ортасы

3 минут

8 минут

15 минут

Мағынасын ашу.

«Миға шабуыл» әдісі.

Оқушылар төмендегі Сабыр Адайдың өлеңін оқып, сұраққа жауап беруде осы өлеңдегі автордың ойын өздерінің жеке ойларымен байланыстыра жеткізеді:

«Томирис» өлеңінен үзінді

Біздің Тұмар – Мойындағы намыс-ты,

Ұлы жорық таныс-ты.

Ата жауға біздің елде орын жоқ,

Кир патша, ол да келіп қан ішті.

Біздің Тұмар – Көк Түріктің тұмары,

Биігінде тұр әлі.

Біздің Тұмар – бар ерліктің анасы,

Хақтан намыс, елден жеңіс сұрады.

...Біздің ару Маңғыстаудың түлегі,

Ұлықтайды балапанын қыр елі.

ТомирисімМенің асыл Тұмарым,

Саған тосын, маған мәлім сыр еді

Сабыр Адай

  • Тарихи шындық пен көркем шығармадағы Томиристің арасында қандай байланыстар бар?

 

Шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстыру

Шахмардан Құсайыновтың «Томирис» драмасын Светқали Нұржановтың сахналанған «Хан кегі» поэтикалық драмасымен салыстырады.

 Светқали Нұржановтың «Хан кегі» поэтикалық драмасынан үзінді көреді.

 http://www.gio.ee/watch?v=zuM9WIL9m-M

 /1.10- 1.18 минут аралығы/

Дескриптор:

  • прозалық драманы поэтикалық драмамен салыстырады.

 

 Топтық тапсырма.

1-топ.

Тұмар ханшайым мен Бопай ханымның ел басқару істерін салыстыру. /Тарихи деректер арқылы/

2-топ.

Тұмар ханшайым мен Бопай ханымның бейнесіндегі ұқсастықтарды анықтау.

3-топ.

Тұмар ханшайымның өмірінен көрініс дайындау.

4-топ.

Тұмардың бейнесін ашатын айшықты сөздерді тауып жазу.

Дескриптор:

1.Тұмар ханшайым мен Бопай ханымның ел басқару істерін салыстырады. /Тарихи деректер арқылы/

2.Тұмар ханшайым мен Бопай ханымның бейнесіндегі ұқсастықтарды анықтайды.

3. Тұмар ханшайымның өмірінен 2 минуттық көрініс дайындайды.

4. Тұмардың бейнесін ашатын айшықты сөздерді тауып жазады.

Бағалау.

https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/24775/

https://www.inalmaty.kz/afisha/full/91112

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D2%B1%D0%BC%D0%B0%D1%80_%D1%85%D0%B0%D0%BD%D1%88%D0%B0

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс.- Қазіргі заманда Тұмар ханшайымға ұқсас қыздар бар ма? /Оқушылардың өз ойлары тыңдалады./

Үйге тапсырма:

Шахмардан Құсайыновтың «Томирис» драмасы мен Светқали Нұржановтың «Хан кегі» поэтикалық драмасының тарихи маңызына талдау жасау.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту. Бөліп оқыту сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. Топтағы оқушылардың жеке қабілет ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырманы саралап (дифференциация) даярлау.

Бірнеше тапсырмаларды жоспарлау кезінде олардың бір-бірімен байланысты болуына баса назар аударамын. Мысалы, бірінші тапсырмада ақпарат берілсе, келесі тапсырманы сол алған ақпараттарды қолдануға құрамын.

Қазақстан тарихы пәнімен пәнаралық байланыс.

Азаматтық позиция, құрмет құндылықтары көзделеді.

Оқушылардың партада дұрыс та ыңғайлы отыруы, т.б. ескеріледі.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқушылар азаматтық позиция, құрмет құндылықтарының маңызына көңіл бөле отырып, бұрынғы мен қазіргіні салыстырып, сыни тұрғыдан баға береді. Оқушылар Шахмардан Құсайыновтың «Томирис» драмасы мен Светқали Нұржановтың «Хан кегі» поэтикалық драмасының тарихи көркемдік құндылығын салыстырды.

Тапсырмаларды орындауда ынтымақтаса жұмыс жасады. Жеке, жұпта, топта жасаған жұмыс түрлері де өз нәтижесін көрсетті. Тапсырмаларды орындауда оқушылар уақытты дұрыс пайдалана алды. Сабаққа кері байланыс жасауда өмірмен байланыс тығыз болды.

Жалпы баға

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1: Екі жанрдағы тарихи шығарманы салыстырып, бір-біріне сұрақ қоюы.

2: Светқали Нұржановтың «Хан кегі» поэтикалық драмасының сахналық көрінісі.

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1: Шетел әдебиетіндегі Томириске ұқсас бейнемен салыстыру..

2: Оқу-білім туралы мақал-мәтелдерді еске түсірту.

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпаратты алдым?

Оқушыларға тарихи маңызы бар шағын көлемдегі шығармаларды оқыту және оған сабақ кезінде талдау жасату



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу