Шахмардан Құсайынов «Томирис» драмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Пән: Қазақ әдебиеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 10

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Бөлім

Шахмардан Құсайынов «Томирис» драмасы

Сабақтың тақырыбы

Томирис туралы ойлардың ұрпақ үшін құндылығы

Оқу мақсаттары

  • 10.Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау.

Сабақтың смарт мақсаты

  • Шығармадағы кейіпкерлерді сипаттайды.
  • Кейіпкерлер жүйесін жинақтайды.
  • Басты кейіпкерлердің іс-әрекетін даралайды.

Бағалау критерийі

  • көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды;
  • жекелеген кейіпкерлер іс-әрекетін даралайды.

Тілдік мақсаттар

Драма, тек, тектілік, көркем шындық, ерекше тәсіл, шиеленіскен тартыс, нәзіктік жауынгерлік рух, ішкі толғаныс, жан дүние, т.б.

Алдыңғы тақырып

Қ.Жұмаділов «Тағдыр» романы

Пәнаралық байланыс

Тарих

 АКТ қолдану

  дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты таныстырылымды көріп, интербелсенді тақтаны қолданады.

Сабақта қамтылатын білім беру құндылықтары

Ынтымықтастық

Жауапкершілік

Құрмет

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Іс-шаралар

Ресурстар

5 минут

Қызығушылықты ояту кезеңі

Сабақтың тақырыбын суреттер арқылы болжайды.Ойларын ортаға салады.

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

 Стикерге жазылған сақтар, Томирис, жазушы сөздерін оқушылардың өздері тартады немесе мұғалімнің өзі таратады (мұғалім саралау бойынша стикердегі сөздерді өзі жеке таратып та топқа бөле алады), осылай оқушылар топқа бөлінеді.

Суреттер

10 минут

10 минут

10 минут

5 минут

Мағынаны тану кезеңі ТЖ

1-тапсырма. Берілген сұрақтарды мұқият оқиды, жұбымен ақылдаса отырып, жауап береді (әр топқа екі сұрақтан беруге де болады).

  • Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті туралы не білесіз?
  • Сіз оқырманға қандай тамаша әдеби шығарма ұсынар едіңіз? Неліктен?
  • «Қазіргі қазақ драматургиясы – қазақтың XX ғасырдағы классикалық әдебиеті дамуының заңды жалғасы» деген тұжырыммен келісесіз бе?
  • Сізге “Еңлік – Кебек”, “Ел ағасы”, “Бәйбіше – тоқал”, “Қарагөз”, “Томирис” туындылары таныс па? Қандай жанр?
  • Тарихи кейіпкер Томирис жайында не білесіз?
  • Томирис туралы ойлардың ұрпақ үшін құндылығы неде деп ойлайсыз?
  • Драмалық жанрдың қайсысы көңіліңізге жақын? Неліктен?

2-тапсырма. Оқушыларға «Томирис» драмасын көз жүгірте оқып шығу тапсырылады (Мұғалім шығарманы алдын ала оқуға бергені абзал). Оқи отырып, драмадағы басты кейіпкерлерді анықтайды. Кейіпкерлер тізімін жасайды.

Мысалы:

Кейіпкерлер

Тарихи драмадағы рөлі

Томирис

сақтар патшайымы

Рүстем

Томиристің жұбайы

Кир

парсылардың патшасы

Бахтияр

патшайымның көмекшісі

Зогак

Рүстемнің бауыры

Хусрау

тайпа көсемі

Шапур

тайпа көсемі

Бағалау. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

3-тапсырма. Драманың басты кейіпкерлері Томирис пен Кирге жеке тоқталып, іс-әрекеттерін даралайды.

Екіжақты күнделік

Томирис

Кир

Бағалау. «Блоб ағашы»

Дескриптор:

  • шығармадағы кейіпкерлерді анықтайды;
  • көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды;
  • жекелеген кейіпкерлер іс-әрекетін даралайды.

Ойтолғаныс кезеңі. Жеке жұмыс

4-тапсырма. Оқушылар сабақты бекіту мақсатында берілген кестені толтырады.

Тақырыптың өзектілігіне ұқсас шығармаларды атаңыз.

Автор өмір сүрген заман көрінісіне сипаттама беріңіз.

Ортақ мәселені қазіргі заман көрінісімен қалай байланыстырар едіңіз?

Драмадағы көркемдік шешімге қандай баға берер едіңіз?

5 минут

Кері байланыс

Қосымша мәлімет

Саралау – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз?

Пәнаралық байланысқа сілтеме

Денсаулық және қауіпсіздік

АКТ сілтемелері

Құндылықтар сілтемесі

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды?

Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу