Шахмардан Құсайынов «Томирис» драмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім: Заман, дәуір тұлғасы

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бекайдар Г Б

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Шахмардан Құсайынов «Томирис» драмасы.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Түсіну және жауап беру/Анализ және интерпретация

Сабақтың мақсаты

10.1.2.1 - әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;

10.2.2.1 - шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау;

 Бағалау критерийлері

  • Шығармада көтерілген мәселелерді талдайды;
  • Авторлық идеяны өмір шындығымен байланыстыра талдайды.

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Азаматтық жауапкершілік:

Шығарманы талдауда тарихи кезеңдерге шолу жасау арқылы елжандылық сезімдерге тәрбиелеу. Өткенге, тарихқа құрмет көрсету

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Қ. Жұмаділов «Тағдыр» романын талдады

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі

Қызығушылықты ояту

https://www.youtube.com/watch?v=IuhpjllmzdA

(сілтеме арқылы бейнебаянды қарайды)

Томирис ханшайымы туралы сіз не білесіз?

«Томирис» пьесасы туралы не білесіз?

«Томирис» пьесасын көргіңіз келеді ме? Не себепті?

Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийі, күтілетін нәтижелер талқыланады.

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

15 минут

Мағынаны тану кезеңі «Сыныпқа сауал»

  • «Томирис» пьесасында қандай мәселелер көтерілген?

Ықтимал жауаптар: Томиристің ел басқару саясаты, сол кездегі халық арасындағы сатқындық, алауыздық, жаугершілік, сақ тайпаларының жауынгерлігі, Томиристің ержүректілігі т.б.

1-тапсырма «Кестелі ой»

Мәселенің бірін таңдап, өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

Шығармада көтерілген мәселе

Шығармадан мысал

Сіздің көзқарасыңыз.

2-тапсырма «Тұжырымдар жалғасы»

Оқушыларға бірнеше тұжырымдар беріледі. Оқушылар берілген тұжырымды шығарма мазмұнымен байланыстыра, өз ойымен жалғастырады.

Тұжырымдар:

1-тұжырым. Томирис жеңіліс көрмеген  Кир патшаға қарсы  күллі сақ жұртшылығын атқа қондырған, сөйтіп бұрын-соңды болып көрмеген қырғын шайқас өткен. Біздің бүгінгі жерімізді осыдан 2,5 мың жыл бұрын ұлы бабаларымыз осылай қорғап қалған еді…

2-тұжырым. Егемендік пен бостандық қазақтың ежелгі асыл арманы болғаны белгілі. Туған жер мен елдің тұтастығы, халқының еркіндігі кімнің болса да патриоттық сезімін оятып, ұлттық намысын жанитын құдіретті күш. Сақтың ұлы падишасы Томиристің тұлғасын сахнаға шығару сол патриоттық сезім мен театрдың суреткерлік ұстанымын айқындай түскен...

3-тұжырым. Қазақ қыздарының батырлық жолы Томирис – Тұмар анамыздан бастау алатыны белгілі. Тәуелсіздік алған Қазақстанның драматургиясында тарихи бейнелер мол-мол сурттеле бастаса, соның бір шырайын шығарған туынды – Шахмардан Құсайыновтың "Томирис" драмасы...

4-тұжырым. «Спектакль-толғау, батыл сақ әйелінің мойнына түскен соғыстың ауырпалығы туралы толғау. Халықтың тағдыры, бірлік үшін қажырлы күрестің жылдары оны шыңдады. Және Томиристің жас әйелден ұлы патшайымға дейін өзгерісі басталғанға дейін кезең қамтылды...

5-тұжырым. Бұл пьеса – Томирис анамыздың өмір сүрген б.э.д 503 жылдардағы ата- бабамыздың атамекенді қалай сүйгенін, қалай қорғағанын, қалай сақтағанын суреттеген биік парасатқа жетелейтін көркем туынды...

Дескрипторлар:

  • тұжырымды жалғастырады;
  • шығарма мазмұнымен байланыстырады;
  • өзіндік пікір, көзқарас білдіреді.

Бағалау. Өзара бірін-бірі бағалау жүргізіледі.

Үлестірме қағаздар

Сабақтың соңы

5минут

Кері байланыс «Ашық пікір алаңы»

  • Шығарма сізге ұнады ма?
  • Шығармада қандай тақырып көтерілген?
  • Шығарманың оқырманға берері не?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Топтық бағалау, өзін-өзі бағалау, тиімді кері байланыс арқылы жүзеге асады.

Тарих, пәнімен байланысып, өткенді бағалау, ұлттық құндылықты талдау арқылы құрмет құндылығы дамытылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ жетекшісі: ________________ Үсен А. М



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу