Шахмардан Құсайынов «Томирис» драмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Пәні: қазақ әдебиеті

Сабақ тақырыбы:

Шахмардан Құсайынов «Томирис» драмасы

2- сабақ

Мектеп:

Уақыты:

Мұғалімнің аты – жөні:

Сынып: 10-сынып

Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Белгілі бір оқыту мақсаты; Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі

Т/Ж1.Әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;

Сабақтың мақсаттары

10. Әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;

 Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, әлем әдебиеті, өнер 

АКТ –ны қолдану дағдылары

Таныстырылым (слайдтар)

 Бағалау критерийі

Шығарманың композициясын уақыт тұрғысынан талдай алады.

 Тілдік

 Міндеттер

 

 

 Глоссарий

Оқушылар түсінеді және сипаттайды...

Тақырыпқа байланысты сөздер мен терминдер:

Сабаққа қатысты глоссарийді оқушылар өздері құрайды.

Диалог арқылы оқушылардытақырып бойынша сөйлеуге ынталандыру;

Топта өз көзқарасын білдіруге машықтанады;

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Біздің ойымызша.....

Біз келісеміз...

Мен ойлаймын ...

Алдыңғы білім

Шахмардан Құсайынов «Томирис» драмасы

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Сәлемдесу.

3.Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен , күтілетін нәтижелермен таныстырылады.

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

20 минут

Топқа бөліну. Сабақты бастамас бұрын оқушылар тақтаның алдына шығып таяқша әдісі арқылы топқа бөлінеді.

1. Жасыл, қызыл, сары түсті фигуралар

3. Таяқшаның түсі бойынша 4 топқа бөлінеді.

Ой шақыру бөлімі:

Оқушыларды ержүрек сақ тайпалары,олардың жорықтары,сақ патшасы Тұмардың елін,жерін қорғаудағы ерлік істері мен шырақтың ерлігі және парсылардың сақ жеріне жорығымен таныстырылады.

материалдарды оқып-үйрену барысында «шығыс колекциясы» атты электронды оқулықтан сақ тайпаларының қару-жарақтары,киімдері және ертедегі қазақ жерін мекендеген тайпалар өмірінен,олардың жорықтары бейнеленген сюжеттен (бейнебаян арқылы) үзінді пайдаланылады.

Электрондық оқулық,бейнефильм болмаған жағдайда, «Қазақ тарихы»журналындағы сақтардың өмірі,жорықтары,жауынгерлері бейнелеген иллюстрацияны пайдалануға болады.Сонымен қатар «Аруна» баспасынан шыққан «Томирис» атты кітаптан үзінді және иллюстрациялық материалдарды пайдаланған тиімді.

Осы үзінділер негізіндегі әңгіме өткізіледі.

1.ДЖИГСО әдісі бойынша оқушылар «Шахмардан Құсайынов «Томирис» шығармасын оқып , мазмұнымен танылады, бірін-бірі оқытады

2.ДЖИГСО ұжымдық оқыту әдісі. Оқушылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында топтық оқыту әдісі қолданылады.

- Алдымен сынып 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Оқушылар 1, 2, 3, 4-ке дейін санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын шығарманың оқулықтағы беттері белгіленген соң, әр оқушыға шығарма бөлігін түсініп оқу қажет екендігі ескертіледі.

4 логикалық бөлікке бөлінген шығарманың 4 бөлігін 4 топтың оқушылары бөліп алады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” шығарманың тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының жауапкершілігіне байланысты екені түсіндіріледі.- Сыныптағы оқушылар бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің оқып келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осы әдіс арқылы топтағы оқушылар бірін-бірі оқытуға, шығарма мазмұнын қысқаша баяндауға үйренеді.

«Тарихи тұлға» сайысы

Сонымен қазақ әңгімесіне арқау болған қандай аңыз, ол үшін сабағымыздың жоспарына назар салайық: ЖОСПАР: 1. 1.Ержүрек сақ тайпалары.

2. Парсы патшасы Кирдің сақ тайпаларына қарсы жорығы.

3. Ерлігі аңызға айналған қолбасшы әйел-Тұмар патшайым.

4. Шырақтың ерлігі

1-тапсырма.

1. Сақтар туралы қандай жаңа, тың мәліметтер алдыңдар?

2. Сақтарды неліктен өнерліде жеңілмейтін садақшылар деп атайды?

3. Сақ патшайымы Тұмардың ерлігі туралы не білесіңдер?

Қалыптастырушы бағалау.

2-тапсырма.Топтық тапсырма. Топтық жұмыс.  «Тарихи тұлға» сайысы

1. Жұмыс жасауға дайын постерлер, плакат, маркер, желім беріледі.

2. Жұмыс істеудің тәртібі түсіндіріледі.

1-топ. «Ержүрек сақ тайпасының суреттемесін» жасайды2-топ. «Кир патшаға» және оның жауынгерлеріне сипаттама беру тапсырылады.

3-топ. «Тұмар-сақ қолбасшысы, патшайымы» деген тақырыпта сипаттама дайындап,тақырыпшаның күрделі жоспарын жасайды.

Бұл тапсырманы орындауға 10-15 минут уақыт беріледі.Әр топ белгіленген уақыт ішінде сипаттама жасайды.Оқушылар тарихи қайраткерлердің портретін жасауы,сурет,карта-схема,кесте,күрделі жоспар дайындауы мүмкін.Олардың рөлдерін ойнауы бағаланады.Әр топ бір-екі оқушы ауызша суреттемелер жасап,жоғарыда берілген тапсырманы қалай орындағанын көрсетеді.Сыныптың басқа топтағы балалары қойған сұрақтарға жауап береді.Әр топ өз шамасы келгенше тапсырманы қалай орындағанын барлық сынып алдында талқылауға ұсынылады.

Мұғалім бақылаушы ретінде оқушыларға қосымша сұрақтар қояды,жаңа материалды қалай меңгергенін тексереді.Мұғалім:

1. Тұмар-Томиристің,Шырақтың ерлігі сендерге қалай әсер етті?

2. Отанды сүю деген сөзді қалай түсінесіңдер?

3. Қазіргі бейбіт заманда елін, жерін қорғайтын ерлік істер жасала ма? Күнделікті өмірден мысалдар келтір.

Оқушылар бірін-бірі «Саусақ әдісімен» бағалайды. Шығарма мазмұнын түсінікті тілмен жеткізе алған оқушылар марапатталады.

Рефлексия.(сабаққа талдау жүргізу.) Оқушылар бүгінгі сабаққа өзіндік көзқарастарын білдіреді. Топ бір-бірінің жұмысын бағалайды.Жалпы сабаққа пікірлерін стикерлерге жазып, іледі.

карта,

«Шығыс колекциясы» атты электронды оқулық,

Бейнефильм

нен үзінді. 

Түрлі карта-схема,кесте жасау,тарихи қайреткерлердің портреттері

https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/24334/.

«Қазақ тарихы»

журналы

«Томирис» атты кітаптан

үзінді

«Аруна» баспасы

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс.

3+2+1

Үйге тапсырма. :§17. «Тұмар патшайым», «Шырақтың ерлігі» әңгімелерін оқып танысу,сұрақтар мен тапсырмаларға жауап дайындау.

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Коммуникативті дағдыларын дамыту мақсатында құрылған топтар/жұптар қабілеті төмен оқушыларды қабілеті жоғары оқушылардың қолдау көрсетуін меңзейді. Мұғалім талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалау тиіс.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету, марапаттау

Пәнаралық байланыс:тарих

Белсенді оқыту әдістерін қолдану,

Оқушылардың жас ерекшелігін сақтау,еліміздің патриоты бола білетін,салауатты өмір салтымен жүретін және саналы да білімді оқушыны дайындау

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу