Б. Майлин «Шұғаның белгісі» хикаятындағы автор бейнесінің рөлі. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, дидактикалық материал. 2-сабақ.


 1-тапсырма. Берілген ой-пікір аясында хикаяттан мысалдар келтіре отырып, дәлелді талдауыңызды ұсыныңыз.

  •  «Майлин «Шұғаның белгісін» жазып, қолжазба журналда («Садақ») жариялағанда қазақ прозасы жанр ретінде жаңа туып-қалыптаса бастаған еді. Десек те, дәл осы шығарма суреткерлік шеберлік тұрғысынан пайымдағанда, күні бүгінге дейін қазақ повесінің үлгісі болып қалып отыр».

 Осы талдау негізінде «Ойлану пирамидасын» қолдана отырып, әңгімеден дәлел келтіріңіз.

 

 Әңгіменің негізгі ойы:

 ______________ _________________

 

 Әңгімедегі мораль философиясын суреттейтін екі сөз:

 __________ ____________ __________ ___________

 

 Әңгімедегі ойдың маңыздылығын суреттейтін төрт сөз:

 _______ _________ _________ ________ ___________________

 

 2-тапсырма. «Шұғаның белгісі» хикаятының әр бөліміне ат қою арқылы негізгі оқиғаларға түсінік беріңіз. Берілген хикаят бойынша автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы рөлін анықтаңыз.

  •  1.Қос жолаушы
  •  2.Сұлу қыз – Шұға
  •  3.Кездесу
  •  4.Учитель Әбдірахман
  •  5.Ғашық жүректер
  •  6.Хат.
  •  7.Жабылған жала
  •  8.Қоштасу
  •  9.Айықпас дерт
  •  10.Соңғы хат
  •  11.Белгі

 

 

 

 3-тапсырма. Шығарма желісі бойынша проблемалық 2 сұрақтан құрастырыңыздар. Құрастырған сұрақтарыңызды жауап алу мақсатында сағат тілімен келесі топтарға ұсыныңыздар.

 

 Мысалы:

  •  Шұғаның өліміне кім кінәлі?

 

 

 Бағалау. «Бармақ» әдісін қолдана отырып бағалаңыздар.

 Бағалау дескрипторлары:

  •  шығарма желісі бойынша дәлел келтіре отырып, талдауларын ұсынады;
  •  талдау негізінде әңгімеден дәлел келтіреді.
  •  автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы рөлін анықтайды;
  •  проблемалық сұрақтар құрастырады.

4-тапсырма. Автор бейнесінің шығарма бойынша белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтаңыз.

«Т кестесі» әдісін қолданыңыз.

Т кестесі

Шығармадағы автор бейнесі

Автордың белгілі бір оқиғадағы көрінісі

Бағалау. «Блоб ағашы»

Дескриптор:

  • шығармадағы автор бейнесін табады;
  • автордың белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтайды.

 

 Ойтолғаныс кезеңі

 Әңгімеге қатысты мақалмен, қанатты сөздермен тұжырымдап, қорытынды жасаңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу