Б. Майлин «Шұғаның белгісі» хикаятындағы автор бейнесінің рөлі. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 2-сабақ.


Пән: Қазақ әдебиеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 9

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Бөлім

Адам жанының құпиясы

Сабақтың тақырыбы

Б. Майлин «Шұғаның белгісі» хикаятындағы автор бейнесінің рөлі

Оқу мақсаты

Анализ және интерпретация

9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау.

Сабақтың мақсаты

  • Идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі автор бейнесінің рөліне талдау жасау.

Бағалау критерийі

  • Шығарма желісі бойынша идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі автор бейнесінің рөліне талдау жасайды.

Тілдік мақсаттар

әйел теңсіздігі6 көңіл бөлу, шоқтығы биік туынды, суреткер, бейтарап қарамау, аяушылық сезімін білдіру, биікке көтеру, төрінен ойып тұрып орын алу, зерлі сөздің зергері, т.б.

Алдыңғы тақырып

Б. Майлин «Шұғаның белгісі» хикаяты

Сабақта қамтылатын білім беру құндылықтары

Адами қасиет, тәлім-тәрбие, достық, татулық

Зерттеген мәселе бойынша өмірлік ұстаным

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Іс-шаралар

Ресурстар

10 минут

Қызығушылықты ояту кезеңі

Ой шақыру

Бейімбет туралы айтылған Ілияс Жансүгіровтің сөзін талқылаудан бастайды және «6 Неліктен» стратегиясын қолданып, сұрақтарға жауап береді. Алдыңғы сабақтармен байланыс орнатылады.

  • ««Шұғаның белгісі» – театрдың үлкен бір ойыны. Бұл – драма күйінде үлкен шығарманың бірі. Бұл бір дәуірдегі бай мен бұқараның тұлғасын көрсетеді».

І. Жансүгіров

«6 НЕЛІКТЕН» стратегиясы 1. Неліктен Бейімбет әйел теңсіздігі мәселесіне көңіл бөлген? 2. Неліктен «Шұғаның белгісі» хикаятын қазақ прозасының шоқтығы биік туындыларының бірі дейміз?

3. Неліктен Бейімбет Майлинді – "қазақ әңгіме жанрының атасы" дейді?

4. Неліктен суреткер қайғылы Шұғаға бейтарап қарамайды?

5. Неліктен автор басты кейіпкерге аяушылық сезімін білдіреді?

6. Неліктен Бейімбет өз заманының қыздарымен салыстыру арқылы Шұғаны биікке көтереді?

6. Неліктен Бейімбетті «тамаша талантымен әдебиетіміздің төрінен ойып тұрып орын алған зерлі сөздің зергері» деп бағалайды?

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

https://prezi.com/3ryl_bdh1mqk/presentation/

Бейімбет туралы ойлар

5 минут

10 минут

5 минут

5 минут

Мағынаны тану кезеңі ТЖ

Тақырып – автордың құбылысқа қатынасын шығармасында зерттеу, көрсету үшін сұрыптап алған негізгі ойы немесе ой жиынтығы.

Тәсіл – композиция мен тілдің арақатынасын көрсететін амал.

Тұтастық мәтіннің – мәтін ішіндегі сөйлем, абзац, тарау, бөлім мазмұндарының тұтастығы.

Тұтастық күрделі синтаксистік – ерекше синтаксистік-стилистикалық бірлік құрайтын бірнеше сөйлемдер жиынтығы.

Тұтастық күрделі фразалық – мәтін құрайтын тіл бірлігі.

1-тапсырма. Оқушылар берілген ой-пікір аясында хикаяттан мысалдар келтіре отырып, дәлелді талдауларын ұсынады.

  • «Майлин «Шұғаның белгісін» жазып, қолжазба журналда («Садақ») жариялағанда қазақ прозасы жанр ретінде жаңа туып-қалыптаса бастаған еді. Десек те, дәл осы шығарма суреткерлік шеберлік тұрғысынан пайымдағанда, күні бүгінге дейін қазақ повесінің үлгісі болып қалып отыр».

Осы талдау негізінде оқушылар «Ойлану пирамидасын» қолдана отырып, әңгімеден дәлел келтіреді.

Әңгіменің негізгі ойы:

______________ _________________

Әңгімедегі мораль философиясын суреттейтін екі сөз:

__________ ____________ __________ ___________

Әңгімедегі ойдың маңыздылығын суреттейтін төрт сөз:

_______ _________ _________ ________ ___________________

2-тапсырма. Оқушылар «Шұғаның белгісі» хикаятының әр бөліміне ат қою арқылы негізгі оқиғаларға түсінік береді және берілген хикаят бойынша автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы рөлін анықтайды.

  • 1.Қос жолаушы
  • 2.Сұлу қыз – Шұға
  • 3.Кездесу
  • 4.Учитель Әбдірахман
  • 5.Ғашық жүректер
  • 6.Хат.
  • 7.Жабылған жала
  • 8.Қоштасу
  • 9.Айықпас дерт
  • 10.Соңғы хат
  • 11.Белгі

3-тапсырма. Шығарма желісі бойынша топ мүшелері проблемалық 2 сұрақтан құрастырады. Құрастырған сұрақтарын сағат тілімен келесі топтарға ұсынады. Басқа топтың оқушылары жауап береді.

Мысалы:

  • Шұғаның өліміне кім кінәлі?

Бағалау. «Бармақ» әдісін қолдана отырып бағалайды.

Бағалау дескрипторлары:

  • шығарма желісі бойынша дәлел келтіре отырып, талдауларын ұсынады;
  • талдау негізінде әңгімеден дәлел келтіреді.
  • автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы рөлін анықтайды;
  • проблемалық сұрақтар құрастырады.

4-тапсырма. Оқушылар автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтайды.

«Т кестесі» әдісі қолданылады.

Т кестесі

Шығармадағы автор бейнесі

Автордың белгілі бір оқиғадағы көрінісі

Бағалау. «Блоб ағашы»

Дескриптор:

  • шығармадағы автор бейнесін табады;
  • автордың белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтайды.

Ойтолғаныс кезеңі

Әңгімеге қатысты мақалмен, қанатты сөздермен тұжырымдайды, қорытынды жасайды.

5 минут

Кері байланыс. «Плюс, Минус, Қызықты»

  • «Плюс» – оң әсер еткен фактілер мен алған білімдерің жайлы жаз.
  • «Минус» – «қолымнан келмей жатыр» немесе «түсініксіз болып тұр» деген ойларыңды жаз.
  • «Қызықты» деген бағанға өзіңе қызықты болған жайтты немесе көбірек білгің келетін нәрсені жаз.

Қосымша мәлімет

Саралау – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз?

Пәнаралық байланысқа сілтеме

Денсаулық және қауіпсіздік

АКТ сілтемелері

Құндылықтар сілтемесі

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды?

Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу