Б. Майлин «Шұғаның белгісі» повесі. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 3-сабақ.


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні:

Сынып 9 сынып

Бөлім: Б. Майлин «Шұғаның белгісі» повесі

Сабақтың тақырыбы

Б. Майлин «Шұғаның белгісі» повесі

Оқу мақсаттары

9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу

 Сабақтың мақсаты

Автор стиліне сай шығармашылық жұмыс жазады.

 Бағалау критерийлері

Автор стилін анықтайды;

Шығармашылық жұмыс жазады.

 Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика және терминология:

Менің ойымша.....Мен келісемін… Мен келіспеймін…

 Алдыңғы білім

Б.Майлин шығармашылығы

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

2 минут

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

І.Ұйымдастыру кезеңі

(Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, сабаққа дайындығын пысықтау)

Ресурстар

Білімнің өзектілігі

3 минут

ІІ.Қызығушылықты ояту

«Шұғаның белгісі» - қазақ прозасының шоқтығы биік туындыларының бірі. Мұнда кейіпкер образдары біртіндеп, оқиға желісі бойынша, басынан өткен істердің арқасында анықталып, көрініп отырады. Махаббатқа деген адалдық, ақылдылық, сезімнің нәзік тұстары қазақ жастарына тән әдеп пен иба салт-дәстүрге сіңіріле отырып баяндалған. Жазушы Шұғаның ажарлығымен қоса мінезінің салмақты, ұстамды, ақылды екенін көрсетеді. Өз заманының қыздарымен салыстыру арқылы Шұғаны биікке көтереді. Әрине, бұл көпке күйе жағу емес. Ал «Сол Шұғалар хатты зорға танушы еді. Сонда да осы күнгінің оқыған он қызына бергісіз еді» деу арқылы Шұғаның зеректігінен, білімпаздығынан хабар береді. 

Мақсат қою

3 минут

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын/ негізгі мақсаттарын тұжырымдап дәптерге жазып алады.

Жаңа материалды игеру

5 минут

5 минут

20 минут

ІІІ. Мағынаны тану

1.Ой шақыру

  • Шұғаның өліміне кім кінәлі?
  • Әбдірахман іс-әрекетіне сіздің көзқарасыңыз. Егер сіз Әбдірахман мұғалімнің орнында болсаңыз...

Оқушылар пікірі сұралады.

2. Автор стилін анықтау.

Мәтінмен жұмыс жүргізе отырып оқиғадағы негізгі ой, шарықтау шегі Шұғаның Әбдірахманмен таныс болып, араларындағы қатынастың өрбуін суреттеуімен түсіндіру

Үлестірмелі тапсырма

  Берілген үзіндіден оқиғаға тірек болған сөзді тауып түсіндіріңіз.Әбдірахманның сол кездегі беделі, абыройы, қызметі туралы автор қалай суреттеген? Дәлел келтіріңіз.

  • Мынау аттан түсіп жатқан кім?- деді Шұға.
  • Әбдірахман ғой.
  • Әбдірахманың кім?
  • Қазақбайдың баласы.
  • Ия, әлгі учитель баласы ма?
  • Ия
  • Жап-жас жігіт екен ғой,- деп бірер қарайды да, Шұға отауға кіріп кетеді.

3. Шығармашылық жұмыс

«Мектепте білім беруге ер-азаматтарды шақыру керек. Себебі балабақша мен мектепте әйелдердің тәрбиесін алған балалар қыз секілді болып барады» -деген болатын білім және ғылым министрі К.Н.Шәмшидинова Мәтіндегі тірек сөзді негізге алып, бүгінгі қазақ қоғамындағы өзекті мәселенің бірі ер мұғалімдердің аздығы туралы автор стиліне сай ойтолғау жазыңыз. (Сөз саны 250-300 сөз)

Бағалау дескрипторы:

Шығарма үзіндісі арқылы кейіпкерге баға береді.

Мәтіндегі тірек сөз арқылы көтерілген мәселені анықтайды.

Мәселені өмірмен байланыстырып, шығармашылық жұмыс жазады.

Сабақтың соңы

2 минут

  • Кері байланыс

Сіз үшін маңызды болған нәрсе?

Сіз үшін қажет емес ...

Үй тапсырмасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабаққа рефлексия жасау кезінде берілген сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз. Сұрақтың құрылымын жабасаңыз болады.

  • Оқушылардың барлығы оқу мақсатына жетті ме? Жетпесе, неліктен?
  • Қолданылған дифференциация сабақтың мақсатына жетуге қалай ықпал етті?
  • Сабақ кезеңдері уақытқа сай жүзеге асты ма?
  • Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды? Неліктен?
  • Сабақты жақсартуда не ықпал етер еді (оқыту мен оқу туралы ойланыңыз)?

.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу