Б. Майлин «Шұғаның белгісі» повесі. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, презентация. 3-сабақ.


«Шұғаның белгісі» - қазақ прозасының шоқтығы биік туындыларының бірі. Мұнда кейіпкер образдары біртіндеп, оқиға желісі бойынша, басынан өткен істердің арқасында анықталып, көрініп отырады. Махаббатқа деген адалдық, ақылдылық, сезімнің нәзік тұстары қазақ жастарына тән әдеп пен иба салт-дәстүрге сіңіріле отырып баяндалған. Жазушы Шұғаның ажарлығымен қоса мінезінің салмақты, ұстамды, ақылды екенін көрсетеді. Өз заманының қыздарымен салыстыру арқылы Шұғаны биікке көтереді. Әрине, бұл көпке күйе жағу емес. Ал «Сол Шұғалар хатты зорға танушы еді. Сонда да осы күнгінің оқыған он қызына бергісіз еді» деу арқылы Шұғаның зеректігінен, білімпаздығынан хабар береді. 

1.Ой шақыру

Шұғаның өліміне кім кінәлі?

Әбдірахман іс-әрекетіне сіздің көзқарасыңыз. Егер сіз Әбдірахман мұғалімнің орнында болсаңыз...

Үлестірмелі тапсырма

  Берілген үзіндіден оқиғаға тірек болған сөзді тауып түсіндіріңіз.Әбдірахманның сол кездегі беделі, абыройы, қызметі туралы автор қалай суреттеген? Дәлел келтіріңіз.

Мынау аттан түсіп жатқан кім?- деді Шұға.

Әбдірахман ғой.

Әбдірахманың кім?

Қазақбайдың баласы.

Ия, әлгі учитель баласы ма?

Ия

Жап-жас жігіт екен ғой,- деп бірер қарайды да, Шұға отауға кіріп кетеді.

«Мектепте білім беруге ер-азаматтарды шақыру керек. Себебі балабақша мен мектепте әйелдердің тәрбиесін алған балалар қыз секілді болып барады» -деген болатын білім және ғылым министрі К.Н.Шәмшидинова. Мәтіндегі тірек сөзді негізге алып, бүгінгі қазақ қоғамындағы өзекті мәселенің бірі ер мұғалімдердің аздығы туралы автор стиліне сай ойтолғау жазыңыз. (Сөз саны 250-300 сөз)

Бағалау дескрипторы:

Шығарма үзіндісі арқылы кейіпкерге баға береді.

Мәтіндегі тірек сөз арқылы көтерілген мәселені анықтайды.

Мәселені өмірмен байланыстырып, шығармашылық жұмыс жазады.

Кері байланыс

Сіз үшін маңызды болған нәрсе?

Сіз үшін қажет емес ...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу