Б. Майлин «Шұғаның белгісі» повесі. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, презентация. 1-сабақ.


1 тапсырма

«Джигсо» әдісі арқылы шығарма мазмұнымен танысады.

І топ 1-3 бөлім

ІІ топ 4-6 бөлім

ІІІ топ 7-9 бөлім

ІV топ 10-13 бөлім

Ретімен орналастырыңыз

4. Мен әңгімені неден бастарымды білмедім, жол жайын айтып өткен «Шұғаның белгісі» дегені бар еді. Одан пәлендей сөз туады деп дәмеленбесем де, бастауға себеп болсын деп ойлап:

- «Шұғаның белгісі» дегеніңіз не нәрсе, тау ма, - дедім.

- Жоқ, әшейін, бір обашық, - деді. Кейін қалып бара жатқан соң тағы тебініп қатарласып:

- Шұғаның белгісін сіз білмейтін шығарсыз-ау, - деді

2.Артыма жалт қарасам екі жігіт түсіп аттарын байлап жатыр екен. Біреуі орысшалау киінген.

Тани кеттім.

- Әбдірахман ғой, - дедім.

- Әбдірахманың кім?

- Қазақбайдың баласы.

- Ия, әлгі учитель баласы ма?

- Ия.

- Жап-жас жігіт екен ғой, - деп бірер қарады да, Шұға отауға кіріп кетті.

Мен Әбдірахманға амандасып, үйге ертіп жүрдім. Отаудың сықырлауығынан Шұғаның бізге сығалап қарап тұрғандығы білінді.

1.Біз ауылға жеткенде Беркімбайдың үйінің қасы лық толған адам екен. Атты байлап Әбдірахманды үйге кіргіздім де, неге жиналып тұрғандарын білейін деп аяңдап кісілерге қарай жүрдім. Жақындай бергенімде бір салт атты шоқытып келді де, айқайлап бірдеме айтып кейін жүріп кетті. Не айтқанын есіте алмадым. Бірақ әлденеге жүрегім тітіркенді. Бойым мұздады...Жүгіре басып жандарына келгенімде «Құдай рахмет етсін!..» деп беттерін сипап бата қылысты. Мен аң-таң болдым.

3. Біз келгенде ойын жаңа басталған екен. Шұғалар өлендерін тоқтатып, арқаннан түсті. Жай әзілмен көп уақыт оздырдық.Домбыра алдырып Әбдірахман ән салды. Бишара, жігіт еді ғой.Ондай ойындарда бір түрлі ұстайтын арқасы бар еді. Өлеңді түйдектетіп үзбестен соқты. Жұрттың бәрі Әбдірахманның аузына қарады. Жатып қалған бірен-саран кемпірлер шапандарын жамылып келіп өлең тыңдасты. Ойын-күлкінің қызығымен таң атқанын да білмей қалдық. Жұрт біртіндеп ыдырай бастады.

5. Бәрібір мен бақытты бола алмаймын. Әкем аяса, менің дертім жаныма батқан соң аяп отыр. Ертен сауықсам қайта күйсеуден тайынбайды. Өлем деп арман қылмаймын, жалғыз-ақ арманым бар. Түнеугі кергенде Әбдірахман бір ауыз сөз айта білмеді. Бір көріп сөйлесіп, жаным шығарда, «ІІІұғам!» деп бетіме бетін тигізсе, бар арманым бітіп, дүниеден армансыз етер ем... әй, жоқ қой! - деді.

Ауыр күрсінді.

Шығарманың композициялық құрылымына талдау

Шығарма қалай басталады? 

Екі жолаушының әңгімесі( не туралы?)

Оқиға қалай байланысады?(Мысал келтір) «Сықырлауықтан  сығалаған сұлу  сезім» Әбдірахманды  Шұғаның  тұнғыш  көруі.

Оқиға қалай дамиды? (дәлелде) Адамдар тағдырына  негізделген «Махаббаттың  маздаған  отына  су  шашу»

Шарықтау шегін, оқиғаның шиеленісуін неден байқадыңдар?  Дертті   Шұға                

Шығарма немен аяқталды?( шешімі

Шұға  десе –Шұға  еді –ау!....

Бағалау дескрипторы:

Шығарма мазмұнын түсінеді;

Шығарма үзінділерін сюжеттік ретімен орналастыра алады;

Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасай алады;



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу