Адам жанының құпиясы. Б. Майлин «Шұғаның белгісі» хикаятындағы автор бейнесінің рөлі. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, дидактикалық материал. 2-сабақ.


1.ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАЛАЙ ҚАРСЫ ТҰРУҒА БОЛАДЫ?

  Гендерлік теңдікке қол жеткізуге арналған адам құқықтары жөніндегі құжаттардың ішінде басқаларынан маңыздырағы - Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою жөніндегі конвенция болып табылады. Қазіргі кезде оған 185 ел, соның ішінде Қазақстан да қосылған. Бұл құжатта: «Конвенция әйелдер мен ерлердің теңдігіне қол жеткізу үшін әйелдерге саяси және қоғамдық өмірде – сайлауларда дауыс беру мен қатысу құқығын қоса алғанда, – сондай-ақ білім беруде, денсаулық сақтауда және жұмысқа орналасуда тең құқықтар мен мүмкіндіктер беру арқылы негізді қамтамасыз етеді. Қатысушы мемлекеттер әйелдер адамның барлық құқықтары мен негізгі бостандықтарын пайдалана алуы үшін, заңнамалық және уақытша арнайы шараларды қоса алғанда, барлық тиісті шараларды қабылдауға келісімдерін білдірді» деп жазылған. Бүгінде әрбір адамның жеке басының қол сұғылмаушылығына, бостандыққа, барлық құқықтары сақталуына және қорғалуына, атап айтқанда, зорлықзомбылықтан қорғалуына құқығы бар. Сондықтан, егер де қыз бала, әйел адам отбасындағы зорлық-зомбылықтан қорғауға мұқтаж болса, қорғау мемлекеттік деңгейде де, әлеуметтік деңгейде де жүзеге асырылуы керек. Мұнда мемлекеттік құқық қорғау органдары түйінді рөл атқарады және осындай жағдайларға қатысты іс-қимыл жасау бойынша, сондай-ақ гендерлік зорлық-зомбылықтың барлық нысандарының алдын алу бойынша жұмыстың жүргізілуі үшін негізгі жауапкершілікте болады.

2.РӘБИҒА СЫЗДЫҚОВА. КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ ТІЛІН ТАНУДЫҢ ҚЫРЛАРЫ

 Функционалдық стильдердің бір тармағы – көркем әдебиет тілін зерттеуде әңгіме негізінен екі түрлі проблема төңірегінде болады. Олар: 1) жалпы ұлттық әдеби тілдің даму барысындағы көркем әдебиет тілінің орны, 2) жеке жазушылардың сөз мәнері (даралық стилі). Бұларды тағы екі түрлі тұрғыдан қарастыруға тура келеді: бірі – ш е б е р л і к, екіншісі – нормалылық тұрғысы. Ашып айтсақ, біріншісі – көркем әдебиет тілін, яғни «поэтикалық сөзді»50 стилистика объектісі ретінде қарастыру, екіншісі – жалпы ұлттық әдеби тілдің белгілі бір қаттауының, айталық, лексикасының немесе грамматикасының нормалары мен ұлттық көркем тіл нормаларының арақатынасы, қарым-қатынасы және бұл нормалардың көркем текстерде көрінуі тұрғысынан қарастыру.

 Жалпы тіл білімінде стилистиканы: 1) тілдің стилистикасы, яғни системалардың жүйесі (стилистика языков); 2) сөздің стилистикасы, яғни тіл элементтерінің жалпы халықтық қолданысын зерттеу (стилистика речи); 2) көркем әдебиет стилистикасы, яғни поэтикалық зерттеу деп бөліп қарастырады52. Бізде, қазақ ғылымында, негізінен, алдыңғы екеуі зерттеу объектісіне көбірек айналып, соңғы сала кенжелеп келе жатқанын айту керек. Дегенмен мүлде жоқ деуге болмайды. Е. Жанпейісов, X. Нұрмаханов, М.Серғалиев, X. Кәрімов, Б. Шалабаев сияқты зерттеуші ғалымдар бірқатар жазушылардың сөз шеберлігін, көркемдік тәсілдерін талдап танытады. Демек, көркем шығармалар тілін стилистика объектісі етіп зерттеуде жазушының эстетикалық талаптарды өтеу шеберлігі, яғни қалам иесінің қолтаңбасы, сөз өрнегі (мәнері) талданады.

 Жазушы шығармасында айтпақ идеясын, бермек образдарын және көрсетпек суреттерін тіл арқылы білдіреді. Көркем шығармада н е н і ң суреттелгені ғана емес, қ а л а й суреттелгенінің мәні зор. Сол «қ а л а й »-ды көрсету – стилистиканың міндеті. Қайталап айтсақ, стилистика сөз эстетикасын, сөздің контекстегі рөлін зерттейді. Демек, лингвостилистика ұлттық көркем тіл мәдениеті дамуының негіздерін көрсететін ғылым саласы болады. Стилистиканың лингвистикалық міндеті с т и л ь д і к әсердің өзін емес, сол әсерді туғызатын тілдік механизмдізерттеу болып табылады.

 Стилистика мен сөз мәдениеті мүдделері тоғысып жатады, өйткені тіл элементтерінің көркем сөзде дұрыс не бұрыс қолданылуын (яғни сөз мәдениетінің бұзылып не сақталып тұрғандығын) анықтау үшін әуелі сол элементтің қай орында, қандай мақсатта жұмсалып тұрғандығын, яғни стильдік жүгінің бар-жоғын білу керек. Сөздің стильдік бояуы ол сөздің негізгі мағынасына үстелген қабат болғандықтан, сол қабаттың сыр-сынын тауып алу қажет болады. Зерттеушілер стилистика мен сөз мәдениеті проблемаларын бір-бірімен байланыстыра қарастыру – бүгінгі күннің көкейкесті шаруасына айналып отырғандығын көрсетеді. Сөйтіп, стилистиканың мақсаты – тіл элементтерінің жұмсалуын бағалау болғандықтан, олардың орынсыз, қате қолданылуын тауып-талдау тіл мәдениеті міндеттерімен ұштасады.

 Функционалдық стильдің бір тармағы – көркем шығарма тілін лингвостилистика тұрғысынан зерттеуде мыналарды нысанаға алады:

 а) «автор образы» дегеннің көрінісі;

 ә) баяндаудың түрлері;

 б) кейіпкерлердің сөзін беру (кейіпкерлерді сөйлету) принциптері;

 в) кейіпкерлер тілі мен автордың өз тілінің көрінісі.

 Бұл – негізінен, көркем проза стилистикасына қатысты проблемалар. Ал драматургия мен поэзия салаларында лингвистикалық стилистика бұдан өзгеше мәселелерді қояды.

 Орыс лингвистикасында д р а м а т у р г и я тілі жан-жақты, жақсы зерттелгендігін байқаймыз. Бұл салада мынадай мәселелерге көңіл аударылған:

 а) кейіпкерлер образын тіл арқылы көрсету;

 ә) кейіпкерлер тілі арқылы ауызекі сөйлеу тілінің типтенуі (типизация);

 б) драмада сөз мағынасын стильдік мақсатта пайдалану.

 Поэзияға келсек, мұндағы лингвостилистикалық ізденістер мүлде ерекше болмақ. Ең алдымен, поэзияның өзі «тұнып тұрған» образдылық (бейнелілік) болса, сол образдылықты жасайтын құралдар мен тәсілдерді зерттеу міндеті тұрады (образдылықты танып-таныту – әрине, көркем проза мен драматургия стилистикасының да «шаруасы»). Лингвистикалық стилистика көркем сөздің ерекшеліктерін зерттейтін болғандықтан, оған ырғақ, эвфония, поэтикалық синтаксис, сөз арқылы берілетін бейне (словесный образ) сияқты тарамдарды қамтитын лингвистикалық поэтика кіреді. Поэзия тілін лингвостилистика тұрғысынан зерттегенде, ең алдымен, ондағы образ жасампаздық (образотворчество) мәселесі көзделеді. Ал образ жасампаздық тіл элементтерін (құралдарын) жазушының өз қаламында жарата білуі арқылы пайда болады. Сөз-образдардың түрлерін, оның ұлттық бояуын (колоритін) тану да – поэзия стилистикасының міндеті. Қазақ тіл білімінде бұлардың барлығы да – әлі жүйелі түрде зерттелмей келе жатқан салалар. Ең алдымен, қазақ стилистикасында лингвистикалық негізде «автор образы» дегенді монографиялық планда арнайы танып-білу мүлде сөз болмаған зерттеу объектісі екенін айту керек.

 «Автор образы» – тіл жағынан алғанда, көркем шығарманың мағыналық стильдік діңгегі53 («автор образы» деген мен «шығарма авторы» бір емес екендігін ескерту артық болар). «Автор образын» анықтау дегеніміз – сол шығарманы стилистика тұрғысынан талдау деген сөз. «Автор образын» шығарманың баяндау стилінен, диалогтар мен монологтерді беру үлгісінен, экспрессивтік-стильдік элементтерінен көріп, тануға болады. Қысқасы, «автор образы» – лингвостилистикалық проблема.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу