Адам жанының құпиясы. Б. Майлин «Шұғаның белгісі» хикаятындағы автор бейнесінің рөлі. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 2-сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
САБАҚ: 2 | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: 9-сынып | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |
Сабақтың тақырыбы | 3-бөлім. Адам жанының құпиясы Б. Майлин «Шұғаның белгісі» хикаятындағы автор бейнесінің рөлі | ||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | Анализ және интерпретация 9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау. | ||
Сабақтың мақсаттары | Идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі автор бейнесінің рөліне талдау жасау. | ||
Бағалау критерийлері | Шығарма желісі бойынша идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі автор бейнесінің рөліне талдау жасайды. | ||
Тілдік мақсаттар | әйел теңсіздігі, көңіл бөлу, шоқтығы биік туынды, суреткер, бейтарап қарамау, аяушылық сезімін білдіру, биікке көтеру, төрінен ойып тұрып орын алу, зерлі сөздің зергері, т.б. | ||
Құндылықтарды дарыту | Адами қасиет, тәлім-тәрбие, достық, татулық | ||
Пәнаралық байланыстар | Тарих, өзін-өзі тану, валеология | ||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта, слайд, планшет, ноутбук | ||
Осыған дейін меңгерілген білім | Б. Майлин «Шұғаның белгісі» хикаяты |
Жоспар | |||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Іс-шаралар | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 10 минут | Қызығушылықты ояту кезеңі «Саяхаттаушы ақпараттар» әдісі. Сыныптың әр бұрышына мұғалім сөйлем немесе сөздерді (бүгінгі сабақ тақырыбына қатысты, мысалы қайғыға бату, сырласу, аққудың көгілдіріндей т.б. ) ақ параққа жазып іліп қояды. Оқушылардың қолдарына сол сөз немесе сөйлемдердің жауабын немесе сұрағын карточкаға жазып береді. Оқушылар сыныпты айналып жүріп, өзінің қолындағы тапсырмаға қатысты парақты табады. Барлығы тауып болған соң бірлесе жүріп әр парақтың жанына барады. Өз парағының жанына келгенде, сол оқушы өзіне қатысты оқу материалын түсіндіреді. | https://prezi.com/3ryl_bdh1mqk/presentation/ Бейімбет туралы ойлар | |||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 10 минут 5 минут 5 минут | Мағынаны тану кезеңі
1-тапсырма. Оқушылар берілген ой-пікір аясында хикаяттан мысалдар келтіре отырып, дәлелді талдауларын ұсынады.
Осы талдау негізінде оқушылар «Ойлану пирамидасын» қолдана отырып, әңгімеден дәлел келтіреді. Әңгіменің негізгі ойы: ______________ _________________ Әңгімедегі мораль философиясын суреттейтін екі сөз: __________ ____________ __________ ___________ Әңгімедегі ойдың маңыздылығын суреттейтін төрт сөз: _______ _________ _________ ________ ___________________ 2-тапсырма. Оқушылар «Шұғаның белгісі» хикаятының әр бөліміне ат қою арқылы негізгі оқиғаларға түсінік береді және берілген хикаят бойынша автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы рөлін анықтайды.
3-тапсырма. Шығарма желісі бойынша топ мүшелері проблемалық 2 сұрақтан құрастырады. Құрастырған сұрақтарын сағат тілімен келесі топтарға ұсынады. Басқа топтың оқушылары жауап береді. Мысалы:
Бағалау. «Бармақ» әдісін қолдана отырып бағалайды. Бағалау дескрипторлары:
4-тапсырма. Оқушылар автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтайды. «Т кестесі» әдісі қолданылады.
Топтық талқылау тапсырмасы: Төмендегі ақпараттық мәтінді «Шұғаның белгісі» шығармасында көтерілген мәселемен салыстырып, қазіргі қоғамдағы репродуктивті денсаулыққа оң/теріс әср ететін фактілер туралы ойбөліседі. | ||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс. «Плюс, Минус, Қызықты»
| ||||||||||||
Қосымша мәлімет | |||||||||||||
Саралау – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз? | Пәнаралық байланысқа сілтеме Денсаулық және қауіпсіздік АКТ сілтемелері Құндылықтар сілтемесі | ||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?