Шешендік өнер: Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздері. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Келісілді «Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі ___________________________________ |
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атадан қалған асыл сөз | Мектеп: | |||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Шешендік өнер: Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздері | |||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Бағалау және салыстыру 9.3.1.1 шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау; | |||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Шығармаларды мазмұндас туындылармен салыстырып, тарихи, көркемдік құндылығына баға беру | |||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тарихи құндылық, көркемдік құндылық, тілдік құралдар, автор ойы т.б. | |||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| - Қазақстандық патриотизм және әлемдік азаматтық; - жаңашылдық; - ғылыми ілгерілеушілікке қызығу; - ұлттық рухани жаңғыру | |||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қоғамтану, тарих | |||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Аудио, видео құрылғылар | |||||||||||||||
Бастапқы білім | 8-сыныпта өтілген материалдар | |||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Ұйымдастыру кезеңі: Қызығушылықты ояту/Тақырыпты болжату «Сен білесің бе?» ойыны 1) Түгел сөздің түбірін бір жерден таратып, түп атасына теңелген кім? (Майқы би) 2) Халқының болашағын көрегендікпен болжап кеткен қайсы би? (Мөңке би) 3) Кейбір тарихшылар атақты Бәйдібек бидің атасы санайтын биді білесің бе? (Майқы би) 4) Құрамалы, қорғанды үйің болады,Айнымалы, төкпелі биің болады.Халыққа бір тиын пайдасы жоқАй сайын бас қосқан жиын болады,-деп толғаған қай шешен еді? (Мөңке би) Осы мәліметтер арқылы оқушылар тақырыпты болжайды, керек мәліметті түртіп алады. ОМ, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады. | Слайд 1 Слайд 2 | ||||||||||||||
Сабақтың ортасы Мәтін оқуға 5 минут Айналмалы бекетке 7 минут 7-8 минут 7 минут 3 минут | Т. 1-тапсырма. Саралау қағидасы: тереңдету Сынып оқушылары саналу ретімен 2 топқа топтастырылады. Екі топтың әр мүшесіне Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздері бөлініп таратылады. Бұл-мағынаны терең тану мен уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. «Айналмалы бекет» әдісі Әр топтың мүшесі өз үзіндісіндегі шешендік сөздің мағынасын түсіндіру үшін келесі топқа барады, ал келесі топтың бір оқушысы келіп, екінші топқа өз үзіндісін түсіндіреді. Осы ретпен жалғасып, барлық мәтіннің үзінділерінің мазмұнын түсіндіру қамтылады. Осылайша көлемді мәтіннің мазмұнын жылдам түсінуге мүмкіндік жасалады. Дескрипторлар
Т. 2-тапсырма. Құндылықтар спектрі Әр топ өздері оқыған шығармалардың тарихи құндылықтарын айқындайды. Келесі топтың толықтыруына болады. Шығармалардың көркемдік құндылықтарын анықтау үшін кесте түрінде жұмыс жасауға болады. Екі бидің шығармаларына салыстырмалы талдау жасайды. Мысалы:
Дескрипторлар
Бағалау: мұғалім топтарды комментарий арқылы бағалайды. |
Слайд 3 Слайд 3 Слайд 4 | ||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия + - Сабақтың артықшылығы мен жетілдіруге тиіс тұсын айтады. Үйге тапсырма: Мөңке би мен Майқы бидің шешендік сөздерінен үзінді жаттау | Слайд 5 | ||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||
Саралау қағидасы жеделдету оқушыларға аз уақыттың ішінде көлемді мәтінді меңгертуге арналған тапсырмалар арқылы берілген | Саралау арқылы бағалау топ мүшелерінің белсенділігіне қарай беріледі. | Осы сабақта сынып бөлмесі ьаза, желдетілген, алғашқы медициналық көмек қобдишасымен қамтылған. Жарық оқушыларға сол жағынан түседі. Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары сақталады. | ||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
- Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас.Әуелі - білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған шешеңнің мейірімі секілді болады. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.Екінші - ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңіліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Оның себебі әрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас хусідшілікті зорайтады, адамшылықты зорайтпайды, бәлкім, азайтады. Және мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды, адам баласын шатастырып, жалған сөзге жеңдірмекші болады. Мұндай қиял өзі де бұзықтарда болады. Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас - өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хирслану жарамайды. Егер хирсланса, өз сөзімшіл ғурурлық, мақтаншақтық, хусідшілік бойын жеңсе, ондай адам бойына қорлық келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-төбелесуден де қашық болмайды.Үшінші - әрбір хақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма! Егерде ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады? Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?Төртінші - білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі - мұлахаза қылу, екіншісі - берік мұхафаза қылу. Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде болу керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.Бесінші - осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі деген төрт нәрсе бар. Содан қашық болу керек. Соның ішінде уайымсыз салғырттық деген бір нәрсе бар, зинһар, жаным, соған бек сақ бол, әсіресе, әуелі - құданың, екінші - халықтың, үшінші - дәулеттің, төртінші - ғибраттың, бесінші - ақылдың, ардың -бәрінің дұшпаны. Ол бар жерде бұлар болмайды.Алтыншы - ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл, ар үшін болсын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?