Шешендік өнер: Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздері. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, дидактикалық материал.


Майқы бидің шешендік сөздері

Бірде Майқы би мәжіліс кезінде қалғып кетеді. Онымен қатар отырған кіші билер мұнысын өздерін менсінбегендікке балап, жамандыққа жориды. Біреуі бүйірінен түртіп қалады. Сонда Майқы би көзін ашып: «Ойпырмай, оятып жібердіңдер-ау, түсімнің аяғын көріп үлгермедім!» - депті. Бет-жүзі құбылып өзгеріп, қатты қапаланғаны сонша, отырған жұрт шошып кетеді. Майқы әңгімесін жалғайды: «Көзі қысық, тісі қисық жаудан емес, көзі шегір, өзі жемір жаудан зұламат келер. Ұрпағым содан қатты азап шегер. Керегелері қирап, шаңырағы шайқалар, бүліншік келіп, жұрт апатқа ұшырар. Түсімнің соңында халқымның шегір көзді жебір мен жемірден құтыла бастағанын көрдім. Әттең,осы арада сендер мені оятып жібердіңдер».

Тұлпардан тұлпар туады,Сұңқардан сұңқар туады,Асылдан асыл туады,Жалқаудан масыл туады,Масылдан малықпас туады,Тілазардан қалжақпас туады,Таздан жарғақпас туады,Сараңнан бермес туады,Соқырдан көрмес туады,Мылжыңнан езбе туады,Қыдырмадан кезбе туады.

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.Ханның биі ақылды болса,Қара жерден кеме жүргізеді.Би екеу болса, дау төртеу болады.Дауыл болмай жауын болмас,Даулы болған қауым болмас.Егіз ешкі сауын болмас,Екі жалқау ауыл болмас.Естіге айтқан тура сөз,Шыңға тіккен тумен тең.Есерге айтқан тура сөз,Құмға сіңген сумен тең.Ақиық қыран қартайса,Жас жағалтайдан тепкі жейді.Парақор биге ісің түспесін,Сараң үйге кісің түспесін.

Майқы би (12—13 ғғ.) — атақты би, суырып салма ақын.Өмірбаяны

Энциклопедиялық өдебиеттерде оны «Майқы би», «Байқы», «Байқу» деп те атайды.

Әкесі — Ман. Майқы жастайынан ақсақ болды. Сондықтан да болар Майқы атанғаны және оның 18-атасының да есімі Майқы болған. Шыңғыс ханның замандасы әрі кеңесшісі. Ел оны ең беделді адам, әулие деп те атаған, себебі, ол ел тағдыры мен оқиғаларды болжай білген. Шыңғысханның ұлы Батысқа жорыққа аттанған кезде әскерінің оң қанатын сеніп тапсыратын болған. Абай Майқы биді 12 бидің санатына қосқан, сонымен бірге ол 1206 жылы Шыңғыс хан моңғолдардың ханы болып сайланған кезде құттықтауға барған 12 ханның бірі көрінеді.

Аңыздар бойынша, ноғайлықтар көшіп, Орманбет би қайтыс болған соң, Майқы би қазақтарды үш жүзге бөлген екен. «Жүз» деген сөз араб тілінен аударғанда «бөлім» деген мағынаны білдіреді. 

Мөңке бидің шешендік сөздері

Азарсың, жұртым, азарсың,Азарыңның белгісі:

Құрамалы, қорғанды үйің болады,Айнымалы, төкпелі биің болады.Халыққа бір тиын пайдасы жоқАй сайын бас қосқан жиын болады.Ішіне шынтақ айналмайтынЕжірей деген ұлың болады.Ақыл айтсаң ауырып қалатынБедірей деген қызың болады.Алдыңнан кес-кестеп өтетінКекірей деген келінің болады.Ішкенің сары су болады,Берсең итің ішпейді,Бірақ адам оған құмар болады.Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады.Ит пен мысықтай ырылдасқан,Еркек пен қатының болады...

 

Азарсың, жұртым, азарсың,Азарыңның белгісі:

Жас баладан биің болар,Жас балшықтан үйің болар,Ат жақсысы арбада болар,Жігіт жақсысы саудада болар.

Көлдің суы бітіп, табаны қалар,Аттың жүйрігі кетіп, шабаны қалар.Жақсының атағы кетіп, азабы қалар,Әулиенің аруағы кетіп, мазары қалар.Сөздің маңызы кетіп, самалы қалар,Сөйтіп, ақылы жоқ, санасыздың заманы болар.

Азарсың, жұртым, азарсың,Азарыңның белгісі:

Құрамалы, қорғанды үйің болады,Айнымалы, төкпелі биің болады.Халыққа бір тиын пайдасы жоқАй сайын бас қосқан жиын болады.Ішіне шынтақ айналмайтынЕжірей деген ұлың болады.Ақыл айтсаң ауырып қалатынБедірей деген қызың болады.Алдыңнан кес-кестеп өтетінКекірей деген келінің болады.Ішкенің сары су болады,Берсең итің ішпейді,Бірақ адам оған құмар болады.Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады.Ит пен мысықтай ырылдасқан,Еркек пен қатының болады...

 

Азарсың, жұртым, азарсың,Азарыңның белгісі:

Жас баладан биің болар,Жас балшықтан үйің болар,Ат жақсысы арбада болар,Жігіт жақсысы саудада болар.

Көлдің суы бітіп, табаны қалар,Аттың жүйрігі кетіп, шабаны қалар.Жақсының атағы кетіп, азабы қалар,Әулиенің аруағы кетіп, мазары қалар.Сөздің маңызы кетіп, самалы қалар,Сөйтіп, ақылы жоқ, санасыздың заманы болар.

Ертеңіне сенбейтін күнің болады.Бетіңнен алып түсер інің болады.Алашұбар тілің болады,Дүдәмалдау дінің болады.Әйелің базаршы болады,Еркегің қазаншы болады,Жылқы жұлдыз болады,Қой құндыз болады.Кебір - жерге теңеледі,Әйел - ерге теңеледі,Көл - теңізге теңеледі.Сиыр - өгізге теңеледі.Ақырзаман адамы -Сағынып тамақ жемейді,Ащыны - ащы демейді,Тапқанын олжа дейді,"Алһам" білгенін молда дейді.Бір-біріне қарыз бермейді,Шақырмаса, көрші көршіге кірмейді.Сарылып келіп тосады,Құны жоқ қағазды судай шашады...

Азарсың, жұртым, азарсың,Азарыңның белгісі:

Ақыр заман халқыныңШайдан басқа асы жоқ,Жақыннан басқа қасы жоқ.Лағынет қамыты мойнында,Жұмыстан қолының босы жоқ.Әрқашан да олардыңКөңілінің хошы жоқ.Бар шаруасы түп-түгелЕнді мұның несі жоқ...

Заман ақыр боларда -Жер тақыр болар,Халқы пақыр болар.Балалар жетім болар,Әйелдер жесір болар,«Ә» десе, «мә» дейтін кесір болар.Бас қосылған жерлердеӘйел жағы ден болар,Жаман-жақсы айтса да,Өзінікі жөн болар.Орай салып бастарын,Жалпылдатып шаштарын,Тақымдары жалтылдап,Емшектері салпылдап,Ұят жағы кем боларСөйткен заман кез болса,Түзелуі қиын болар.

 

Азарсың, жұртым, азарсың,Азарыңның белгісі:

Құбыладан шыққан күнЖанып шығар деп еді.Жалғаны жоқ бұл сөзімАнық шығар деп еді.Балғын-балғын көлдерден,Балық шығар деп еді.Екі басы қайқайып,Қайық шығар деп еді.Қазақ, сенің сорыңаҚырда - қоқан, ойда - орыс,Жарып шығар деп еді...

Қылмысы жаққан қылықты,Алып шығар деп еді.Қылмысы жақпас қырсықтыЕкі етігі су болып,Бір жаратқан тәңіргеНалып шығар деп еді.Ауылдарын шу қылған,Жаулықтарын ту қылған,Зайып шығар деп еді.

Келіні - айғыр, кемпіріСаяқ шығар деп еді.Бір уысқа толмайтынАяқ шығар деп еді.

 

Азарсың, жұртым, азарсың,

Азғаныңның белгісі:

Тайпақ-тайпақ көлдерден

Балық шығар деп еді.

Ол балықты аулайтын

Үш ашалы шанышқы

Қайық шығар деп еді.

Қамыс жаққан пенделер

Алып шығар деп еді.

Қамыс жақпас қырсықты

Екі етегі су болып,

Бір жараткан Тәңірге

Налып шығар деп еді.

Жаулықтарын ту қылған,

Ауылдарын шу қылған,

Зайып шығар деп еді.

Оқшантай жоқ, кісе жоқ,

Белбеу шығар деп еді.

Жүгініс жоқ, малдас жоқ,

Көлбеу шығар деп еді.

 

Азарсың, жұртым, азарсың,Азарыңның белгісі:

Заман ақыр адамы

Менмен шығар деп еді.

Үй басына тақ еткен

Келін шығар деп еді.

Келісімен кіржиіп,

Саяқ шығар деп еді.

Бір уысқа толмайтын

Аяқ шығар деп еді.

Қай жақ болса - қонысың,

Сол жақ шығар деп еді.

Бұзау, тайынша, танаға

Жүк артылар деп еді.

Ағып жатқан дария

Суы тартылар деп еді.

Өзі болған жігітке

Қыз артылар деп еді.

Көкек айы болғанда,

Кемпір күйлер деп еді.

Ендігінің қатыны

Байын билер деп еді.

«Туған байым болар!»-деп,

Аруақ шығар деп еді.

Сол аруақтың ішінен

Ыңғайы жоқ жаманның

Пышағы мен шақпағы,

Қалып шығар деп еді.

Бес қойға алған өгізің

Тегін дерсің деп еді.

Егін егіп, тарының

Сөгін жерсің деп еді.

Жалаң аяқшар иттерін

Бегім дерсің деп еді.

Алысқа деген қамыстан

Үй шығады деп еді.

Сол үйіңнің ішінен

Құныс жауырын, қой бұтты,

Би шығады деп еді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу