Майқы би мен Мөңке би аңыздары. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Келісілді «Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі ................................................... ________ |
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атадан қалған асыл сөз | Мектебі: | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы | Майқы би мен Мөңке би аңыздары | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру; 9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу | ||||||||
Сабақ мақсаттары | Көтерілген мәселеге қатысты өз заманының түсінігі, өз жасына қарай баға беру; Автор тіліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу | ||||||||
Бағалау критерийлері | Шығармаларды түсініп, сұрақтарға жауап бере алады; Көтерілген мәселеге қатысты өз ойларын білдіреді; Шығармашылық жұмыс жазады. | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Шешендікке баулу, тапқырлыққа, шапшаңдыққа үйрету. | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Тарих пәні | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||||
Бастапқы білім | |||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 7 минут | Сыныпта сабаққа ыңғайлы жағдай жасау; Түгендеу; Үй тапсырмасын сұрау; Билердің халық арасында көп таралған сөздері арқылы сабақ тақырыбын болжату:
Төртеу түгел болса төбедегі кетеді. (Майқы би)
Ішіне шынтақ айналмайтынЕжірей деген ұлың болады.Ақыл айтсаң ауырып қалатынБедірей деген қызың болады. (Мөңке би) Таба алмаған жағдайда суретін көрсетіп болжатуға болады. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады | Слайд, суреттер | |||||||
Сабақтың ортасы 10 минут 7 минут 13 минут | 1-тапсырма. Оқушылар берілген мәтінде көтерілген мәселенні бір мақалмен ғана түйіндеп өтеді. 1-мәтін: Майқы бидің көрегендігі Қырымнан келіп Бұхарада хандық құрып тұрған Қызыл Арыстан деген ханнан тұтқында жүрген күң әйел ұл табады. Оның тұла бойы алапес болған екен. Оны көрген перзентсіз бәйбішесі ханға «Бұл баланың көзін құрт, құртпасың еліңді өскенде ала тайдай бүлдіреді», - дейді. Хан бәйбішесінің күндестікпен айтқан сөзіне иланып, әскерінен қырық жігіт бөледі де: «Мына баланы тапқан шешесімен Сырдариядан өткізіп тастаңдар. Өлсе өлер өлмесе өзінше күн көрер. Шешесі де, баласы да мұнда қайтып келмейтін болсын, өздеріңе де бостандық»,-дейді. Ақыры олар баланы Қаратау өңірінде тастап кетеді. Балаға аң аулап жүріп Майқы бидің баласы Үйсін кез болады. Бірақ бала оған ермейді. «Кімсің» деген сұрағына бала жауап та бермейді. Үйсін далада көргенін әкесіне айтып келеді: «Бір ағаштың түбінде отырған баланы көрдім, ай десе аузы, күн десе көзі бар. Көрген кісі қызығардай. Жалғыз айыбы тілі жоқ екен», — дейді. Майқы: - Оған мені апарыңдар, мен сөйлесіп көрейін, – дейді. Майқы барса, бала оны көргеннен-ақ атып тұрып: -Ассалаумағалейкум, хан біткеннің қазығы, бұқара жұрттың азығы! – деп сәлем береді. -Уағалейкумәссәлем,балам, әменда аман бол! Болайын деп тұрған ұл екенсің, жүр маған ер? – деп, оны аулына ертіп алып келеді. Өкіл бала етіп: төбел бие сойып, төменгі елді, жорға бие сойып, жоғарғы елді шақыртып, той қылады. Той тарқасымен «ердің ері, егеудің сынығы» деп қасына бел баласы Үйсін бастаған жүз жігіт қосып беріп, жолға аттандырады. - Қаратаудан асып әрі қарай жүре беріңдер, алдарыңнан Ұлытау, Кішітау дейтін таулар, Қаракеңгір, Жездікеңгір деген өзен-сулар кездеседі. Сол жерлерге барып, ірге теуіп орнаңдар. Ақ найзаның ұшымен ақ білектің күшімен ел-жұрт болуды ойлаңдар. Күндердің күнінде осы бала хан болады, сендер қарашасы боласыңдар, деп – Майқы батасын беріпті. Майқы бидің батасын алған Ахметті халық Сарыарқаның кіндігі атанған Ұлытауда хан көтереді. Кейін асқан батыл жауынгерлігімен ел арасында Алаша хан атанады. 2-мәтін: Мөңке бидің болжамы Кезінде Мөңке би келешек туралы былай депті:"Кер заман кезінде: - Көлдің суы бітіп, табаны қалар,Аттың жүйрігі кетіп, шабаны қалар,Жақсының атағы кетіп, азабы қаларӘулиенің аруағы кетіп, мазары қалар, Сөйтіп, ақылы жоқ санасыздың заманы болар.Кер заманның кезінде: - Құрамалы, қорғанды үйің болар,Айнымалы, төкпелі биің болады,Халыққа бір тиын пайдасы жоқ,Ай сайын бас қосқан жиын болады.Ішінде шынтақ айналмайтын,Ежірей деген ұлың болады,Ақыл айтсаң ауырып қалатын,Бедірей деген қызың болады.Алдыңнан кес-кестеп өтетін,Кекірей деген келінің болады.Табалдырықтан биік тау болмас.Кер заманның кезінде су тартылыр,Таң мен торпаққа жүк артылар,Ар-ұяттың бәрінен жұрдай болып,Қарап тұрған жігітке қыз артылар.Ішкенің сары су болады,Берсең итің де ішпейді.Бірақ адам оған құмар болады.Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады,Ит пен мысықтай ырылдасқанЕркек пен қатының болады...Кер заманның кезінде: - Ертеңіне сенбейтін күнің болады,Бетіңнен ала түсетін інің болады.Алашұбар тілің болады,Дүдәмалдау дінің болады.Еркегің қазаншы болады,Әйелің базаршы болады.Жылқы жұлдыз болады,Қой құндыз болады.Кебір жерге теңеледі,Әйел ерге теңеледі.Көл теңізге теңеледі, Сиыр өгізге теңеледі.Ақырзаман адамы - Сағынып тамақ жемейдіАщыны ащы демейді.тапқанын олжа дейді,Алһам білгенін молда дейді.Бір-біріне қарыз бермейді,Шақырмаса көрші көршіге кірмейді.сарылып келіп тосады,Құны жоқ қағазды судай шашады.Ақырзаман халқының - Шайдан басқа асы жоқ,Жақыннан басқа қасы жоқ.Лағынет қамыты мойынын даЖұмыстан қолының босы жоқ.Әрқашанда олардыңКөңілінің қошы жоқ.Бар шауасы түп-түгел,Енді мұның иесі жоқ.Заман ақыр болады,-Жер тақыр болар,Халқы пақыр болар.Балалар жетім болар,Әйелдер жесір болар,"Ә" десе "Мә" дейтін кесір болар.бас қосылған жерлердеӘйел жағы ден болар.Жаман-жақсы айтса даӨзінікі жөн болар. Дескриптор:
2-тапсырма. Төмендегі іс-әрекеттер мен болжамдарға қатысты өз пікірлеріңізді білдіріңіздер.
Дескриптор:
3-тапсырма. Шығармашылық жұмыс Болмасаң да ұқсап бақ. Осы жасқа дейін сіздің де шешендік танытып, үлкендерді риза еткен кезіңіз болды ма, я болмаса қатарластарыңыздың шешендігіне куә болып па едіңіз? Болса оқиғаны жазбаша жеткізіңіз. Шешендерге ұқсап бағыңыздар Дескриптор:
| ||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?