Майқы би мен Мөңке би аңыздары. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, дидактикалық материал.
1-мәтін: Майқы бидің көрегендігі
Қырымнан келіп Бұхарада хандық құрып тұрған Қызыл Арыстан деген ханнан тұтқында жүрген күң әйел ұл табады. Оның тұла бойы алапес болған екен. Оны көрген перзентсіз бәйбішесі ханға «Бұл баланың көзін құрт, құртпасың еліңді өскенде ала тайдай бүлдіреді», - дейді. Хан бәйбішесінің күндестікпен айтқан сөзіне иланып, әскерінен қырық жігіт бөледі де: «Мына баланы тапқан шешесімен Сырдариядан өткізіп тастаңдар. Өлсе өлер өлмесе өзінше күн көрер. Шешесі де, баласы да мұнда қайтып келмейтін болсын, өздеріңе де бостандық»,-дейді.
Ақыры олар баланы Қаратау өңірінде тастап кетеді. Балаға аң аулап жүріп Майқы бидің баласы Үйсін кез болады. Бірақ бала оған ермейді. «Кімсің» деген сұрағына бала жауап та бермейді. Үйсін далада көргенін әкесіне айтып келеді: «Бір ағаштың түбінде отырған баланы көрдім, ай десе аузы, күн десе көзі бар. Көрген кісі қызығардай. Жалғыз айыбы тілі жоқ екен», — дейді.
Майқы:
- Оған мені апарыңдар, мен сөйлесіп көрейін, – дейді. Майқы барса, бала оны көргеннен-ақ атып тұрып:
-Ассалаумағалейкум, хан біткеннің қазығы, бұқара жұрттың азығы! – деп сәлем береді.
-Уағалейкумәссәлем,балам, әменда аман бол! Болайын деп тұрған ұл екенсің, жүр маған ер? – деп, оны аулына ертіп алып келеді. Өкіл бала етіп: төбел бие сойып, төменгі елді, жорға бие сойып, жоғарғы елді шақыртып, той қылады. Той тарқасымен «ердің ері, егеудің сынығы» деп қасына бел баласы Үйсін бастаған жүз жігіт қосып беріп, жолға аттандырады.
- Қаратаудан асып әрі қарай жүре беріңдер, алдарыңнан Ұлытау, Кішітау дейтін таулар, Қаракеңгір, Жездікеңгір деген өзен-сулар кездеседі. Сол жерлерге барып, ірге теуіп орнаңдар. Ақ найзаның ұшымен ақ білектің күшімен ел-жұрт болуды ойлаңдар. Күндердің күнінде осы бала хан болады, сендер қарашасы боласыңдар, деп – Майқы батасын беріпті.
Майқы бидің батасын алған Ахметті халық Сарыарқаның кіндігі атанған Ұлытауда хан көтереді. Кейін асқан батыл жауынгерлігімен ел арасында Алаша хан атанады.
2-мәтін: Мөңке бидің болжамы
Кезінде Мөңке би келешек туралы былай депті:"Кер заман кезінде: - Көлдің суы бітіп, табаны қалар,Аттың жүйрігі кетіп, шабаны қалар,Жақсының атағы кетіп, азабы қаларӘулиенің аруағы кетіп, мазары қалар, Сөйтіп, ақылы жоқ санасыздың заманы болар.Кер заманның кезінде: - Құрамалы, қорғанды үйің болар,Айнымалы, төкпелі биің болады,Халыққа бір тиын пайдасы жоқ,Ай сайын бас қосқан жиын болады.Ішінде шынтақ айналмайтын,Ежірей деген ұлың болады,Ақыл айтсаң ауырып қалатын,Бедірей деген қызың болады.Алдыңнан кес-кестеп өтетін,Кекірей деген келінің болады.Табалдырықтан биік тау болмас.Кер заманның кезінде су тартылыр,Таң мен торпаққа жүк артылар,Ар-ұяттың бәрінен жұрдай болып,Қарап тұрған жігітке қыз артылар.Ішкенің сары су болады,Берсең итің де ішпейді.Бірақ адам оған құмар болады.Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады,Ит пен мысықтай ырылдасқанЕркек пен қатының болады...Кер заманның кезінде: - Ертеңіне сенбейтін күнің болады,Бетіңнен ала түсетін інің болады.Алашұбар тілің болады,Дүдәмалдау дінің болады.Еркегің қазаншы болады,Әйелің базаршы болады.Жылқы жұлдыз болады,Қой құндыз болады.Кебір жерге теңеледі,Әйел ерге теңеледі.Көл теңізге теңеледі, Сиыр өгізге теңеледі.Ақырзаман адамы - Сағынып тамақ жемейдіАщыны ащы демейді.тапқанын олжа дейді,Алһам білгенін молда дейді.Бір-біріне қарыз бермейді,Шақырмаса көрші көршіге кірмейді.сарылып келіп тосады,Құны жоқ қағазды судай шашады.Ақырзаман халқының - Шайдан басқа асы жоқ,Жақыннан басқа қасы жоқ.Лағынет қамыты мойынын даЖұмыстан қолының босы жоқ.Әрқашанда олардыңКөңілінің қошы жоқ.Бар шауасы түп-түгел,Енді мұның иесі жоқ.Заман ақыр болады,-Жер тақыр болар,Халқы пақыр болар.Балалар жетім болар,Әйелдер жесір болар,"Ә" десе "Мә" дейтін кесір болар.бас қосылған жерлердеӘйел жағы ден болар.Жаман-жақсы айтса даӨзінікі жөн болар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру