Әлем әдебиеті үлгілерімен үндестік («Балаби мен Сырым» шешендік сөзі мен әлем әдебиеті үлгілерін салыстыру). Қазақ әдебиеті, 9 сынып, презентация.


Әлем әдебиеті үлгілерімен үндестік

Балаби мен Сырым» шешендік сөзі мен әлем әдебиеті үлгілерін салыстыру)

Оқу мақсаты:

Б/С. Әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, шағын сын мақала жазу.

Сабақ мақсаты:

Қазақ әдебиетіндегі шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдау, сын мақала жазу.

Бағалау критерийлері:

Әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, шағын сын мақала жазады.

1-тапсырма. Ж

Шешендік сөзді оқып, идеясын, негізгі ақпарат пен жанама ақпаратты анықтаңыздар. Сыни пікір жазыңыз.

Дескрипторлар:

Мәтіннің негізгі идеясын анықтайды;

Негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды;

Сыни пікір жазады.

 

2-тапсырма. Ж.

Аристотель мен Сократтың нақыл сөздерінен Сырымның сөздерімен үндес келетінін тауып, салыстыра талдау жасап, шағын сын мақала жазыңыз.

Аристотельдің нақыл сөздері:

Маған достық та, шындық та қымбат. Дегенмен әрқашан шындықты бірінші орынға қоямын.

Халыққа қызмет етіп, жақсылық жасау үшін ғаламды төңкеріп бай болып немесе күллі адамзатты басқарып, патша болуымыз міндетті емес. 

Бар ғаламның байлығын ұсынса да, ешкімнің доссыз өмір сүруге батылы жете қоймас.

Басымыздағы нығметтердің қызығы оны достарымызбен бөліскенде арта түседі.

Достарын бағалап, оны сүйетін адамдарды бағалаңыздар.

Жақсылық жасау - оның жанының мүмкіндіктерін барынша пайдалану ғана.

Өзіміз қандай қарым-қатынасты қаласақ, достарымызға да дәл сондай қарым-қатынаста болайық.

Адамды басқару өнеріне қызығып зерттеп жүрген адамдар халықтың болашағы оның жастарын тәрбиелеуде екендігін анық біледі.

Жомарт адам - керек кезде керекті адамға керекті нәрсесін беретін жан.

Кеудесі кең адамның артықшылығы сол - жақсылықты өз пайдасы үшін емес, шын жаны ашығаннан қылады. 

Ақылдылық - біліміңді дұрыс пайдалана білуде.

Сократтың нақыл сөздері:

Әрбір адам күн сияқты, тек оған жарқырауға мүмкіндік беру керек.

Ақшасы жоқ адам кедей емес, арманы жоқ адам кедей.

Тек бір ғана жақсылық бар ол - білім, тек бір ғана жамандық бар ол - надандық.

Мен көп нәрсені білмейтінімді білемін, алайда басқалар мұны да білмейді.

Адамдарды таныған сайын, өзімнің итімді қатты қадірлеймін.

Қалаған адам - амал табады, қаламаған - себеп табады.

Ашулы адам ешқандай пайдасыз басқаларды зәбірлейді.

Әлемді өзгертпес бұрын, өзіңді өзгерт.

Абыройсыздықпен өмір сүргенше, батылдықпен өлген артық.

Сөз сүйектен өтпесе, таяқ та көмектеспейді.

Табиғат көп көріп, көп тыңдау үшін екі көз, екі құлақ берді, ал аз сөйлеу үшін бір ғана ауыз берді.

Достарыңның жүрегін құр қошеметпен емес, көңілден шыққан шынайы сөздермен жаулап ал.

Дескрипторлар:

Стильдік, жанрлық ерекшелігін сақтайды;

Мақала құрылымын сақтайды;

Салыстыра талдау жүргізеді;

Нақыл сөздерді орынды қолданады.

Кері байланыс «Табыс баспалдағы»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу