Ұшқыр ойдың байламы. Шешендік сөздердің тарихи және көркемдік құндылығы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Сабақ : №5

Мектеп: Қарағанды қаласы НЗМ

Күні :

Мұғалім:

Сынып: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

1-БӨЛІМ: Ұшқыр ойдың байламы

Шешендік сөздердің тарихи және көркемдік құндылығы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

7.Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы. Сюжет арқылы шығарманың тарихи, көркемдік құндылығына баға беру.

Сабақ мақсаты:

Шығарманың сюжетін түсінеді, көркемдік және тарихи құндылығын талдап, баға береді

Бағалау критерийлері:

Шығармадағы кейіпкерлерді анықтап, мәтін сюжетін түсінеді;

Шығармадағы тарихи құндылықты талдап , баға береді;

Көркемдік құндылықтарын талдай отырып бағалайды.

Пәнаралық байланыс:

Шешендік өнер, мәдениеттану, тарих.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Компьютер, PowerPoint презентациясы

Құндылықтарды игерту:

Жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтары, өмір бойы білім алу, құрмет, ашықтық жұпта, топта, ұжымдағы ынтымақтастықты қалыптастыру.

Тілдік мақсаттар:

Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер: шешендік өнер, билер, дау, хан.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер;

Менің анықтамам...

Мен ... ... ... ойлаймын.

Менің ойымша.....

Мен... ... ... келісемін.

Осыған дейін меңгерілген білім

Бұл бөлім нәтижелі қарым-қатынас білімі мен түсінігін кеңейте отырып, 5-6-сыныптарда дамытылған тілдік дағдыларды жалғастырады және өткен сыныптарда оқыған бөлімдермен байланыс жасалады.

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Дереккөздері

Басы

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар берілген сілтеме бойынша кіріп, Қаз дауысты Қазыбек би туралы интеллект карта толтырады.

https://mm.tt/1626232498?t=O27gTEebYh

Оқушылардың картаға жазған мәліметі таныстырылады. Мұғалім қажет болған жағдайда сұрақ қоя отырып толықтырады.

Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен, бағалау критерийлері мен дескрипторлармен таныстырады. Жұмыс алгоритімін хабарлайды.

Интербелсенді тақта

Ортасы

15 мин

Мағынаны тану кезеңі

Троп түрлерінің анықтамасы үйге қосымша оқуға беріледі. «Қазыбек бидің елшілігі» шешендік сөзімен үйде танысып келеді.

ҚАЗЫБЕК БИДІҢ ЕЛШІЛІГІ

 Қазыбек би Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп, алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабданға барғанында 14 жаста екен. Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек: «Дат, тақсыр!» - деп жұлқынып алға шығады да:

 - «Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз. Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз. Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммін, жабысқалы келгенбіз. Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!» – депті.

 Жас баланың бұл сөздерінен бас алыспақ батырлықты да, ынтымаққа шақырған ізгілікті де аңғарған қалмақ ханы әділдікке жығылып, өжеттігі мен шешендігіне риза болып: «Дауысың қаздың дауысындай екен, бұдан былай сенің есімің Қаз дауысты Қазыбек болсын», – деген екен. Соның арқасында елшілік жау қолындағы 90 тұтқынды шабылған мал, тоналған мүлігімен шашау шығармай қайтарып алып, елге олжалы оралған екен.

Тапсырмалар қойын дәптер папкасында орындалады.

1-тапсырма.

Шығармадан көркемдегіш құралдарды тауып, қолданысына талдау жасаңыз.

мәтіннен мысал

түрі

автордың қолданысына баға

қылышынан қан тамған қаһарлы хан

Тұрақты тіркес, эпитет

Қалмақ қанының қатігез, атынан ел үркетіндей айбарлы, айбынды болғандығын танытқан

Дескриптор:

Шығармадан кемінде 4 көркемдегіш құралды табады;

Көркемдегіш құралдардың түрін анықтайды;

Автордың қолданысына баға береді.

2-тапсырма.

Бұл шығарманың тарихи құндылығы неде деп ойлайсыз?

мәтіннен мысал

дәлелдеу

14 жасында билермен бірге қалмақ ханына барады

Жас та болса, жауапкершілікті үлкен жиынға барады

Дескриптор:

Шығарманың 3 тарихи құндылығын анықтайды.

Құндылық деп тануының себебін талдап көрсетеді

Сабақты бекіту

«Қазыбек - мәмлегер тұлға» тақырыбында ойларын ПОПС әдісімен түйіндейді.

Менің ойымша

Себебі мен оны ..................... деп түсінемін.

Оны мен ............. деген фактілермен, деректермен дәлелдеймін.

Осыған байланысты .............. деген шешімге келдім.

Оқушылар қалауларымен жазылымдарын автор орындығында оқиды. Өзара кері байланыс беріледі.

Үлестірме қағаздары, интербелсенді тақта, таратпа қағаздары

Соңы

2 мин

Қосымша ақпарат

Рефлексия

Оқу міндеттері/сабақ міндеттері орындалды ма?

Білім алушылар бүгін не үйренді?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

Жоспарға қандай өзгерістер енгізілді?

Сіз өткізген сабақ туралы ойлану үшін төмендегі орынды пайланыңыз.

Сіздің сабағыңызға анағұрлым тән сол жақ блоктағы сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу