А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесінің тарихи және көркемдік құндылығы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 1 сабақ.


https://www.youtube.com/watch?v=Yc9tatFrK_8

А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесінің тарихи,

көркемдік құндылығы

Оқу мақсаттары

Бағалау және салыстыру

10.3.1.1 - шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау;

Сабақ мақсаттары

Шығарманың тарихи негізі мен көркемдік шындықтың қатынасын ажырату, көркемдік тұрғысынан автордың шығармашылық тәсілдемесіне баға беру

Бағалау критерийлері

Шығарманың тарихи негізін айқындайды;

Көркемдік құндылығына баға бере алады;

Автордың шығармашылық тәсілдемесіне талдау жасай алады.

Топқа бөліну

«Тарихыңды таны...» ТЖ

Саралаудың тереңдету қағидасы

1-топқа: Қазақ-түрікмен халықтарының ХҮІІІ ғасырдағы саяси қарым-қатынасының картинасын жасау тапсырылады. (ғаламтор қолдану арқылы)

Өнімі: саяси картина- ментальді картасы

 

2-топқа: Әңгіменің арқауына негіз болған аңыздың қай өңірде болғанын нақтылау картасын жасау (әңгіме мәтінімен жұмыс)

Өнімі: географиялық-физикалық карта

 

3-топқа: Әңгімеде кездесетін ру-тайпалардың аттарын теріп жаза отырып, қазақтардың жылқы баптау тәсілінің ерекшеліктерін табу.

(әңгіме мәтінімен жұмыс)

Өнімі: кластер құру

Дескрипторлар

Шығарманы түсінеді;

Тарихи саяси қарым-қатынастарды айқындай алады;

Аңыздық сюжеттің детальдары арқылы жұмыс жасайды;

Тапсырмада сұралған мәліметті өңдей алады;

Жұппен/сыныппен ынтымақтастықта бірлесе жұмыс істейді.

Жұмысты әр топ немесе топ өкілі тақтаға шығып, өз тапсырмаларының нәтижелерін таныстырып, түсіндіреді.

Бағалау:

жұптар бір-біріне дескрипторларға сүйене отырып, Бағдаршам арқылы ауызша комментарий береді.

 

«Көркемдік көкжиегі»

(Сократтық әңгіме үлгісі. Ауызша)

Жазушының аңыздық сюжет негізінде жазған көркем әңгімесінің шығармашылық тәсілдемесін талдау үшін келесідей талқылау сұрақтары беріледі. Топтар сол сұрақты өзара бөлісіп алып, жауап береді.

Талқылау сұрақтары

Шығарманың басты көркемдік құндылығы неде деп ойлайсыз?

Шығарманың шындыққа жанаспайтын тұстары қайсы, сіздің ойыңызша?

Шығарманы оқу барысында сіздің авторға қоятын басты сұрағыңыз қандай болар еді?

Авторға осы әңгімесі үшін қандай мінездеме берер едіңіз?

Тарихи шындық пен көркемдік шындықтың арасы бұл әңгімеде алшақ жатыр ма, әлде керісінше ме?

Шығарма кейіпкерлерінің бірін алып тастаңыз, туындыны қалай өрбітер едіңіз?

Дескрипторлар

Шығармағы оқырман тұрғысында өзіндік бағасын бере алады;

Тарихи шындық пен көркемдік шындықтың арақатынасын түсінеді.

Автордың шығармашылық тәсілдемесіне талдау жасай алады.

 

Бағалау: топтардың өзін-өзі жетістік сатысы бойынша бағалауы

«3Қ» әдісі

Не қажет?

Не қызық?

Не қиын?

Үйге тапсырма: Әңгіменің көркемдік тіліне талдау жасау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу