А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесінің сюжеті. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Келісілді
«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Парасат пайымы | Мектеп: | ||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||
Сынып: 10 Қазақ әдебиеті | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесінің сюжеті | |||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Т/Ж 10.1.1.1 - әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну. | ||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Әңгіменің мазмұнын түсіну, сюжетіне әдеби талдау жасау, тақырыбын, идеялық-көркемдік мазмұнын ашу. | ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Шығарманың мазмұнын толық түсінеді, сюжетіне әдеби талдау жасайды. | ||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Әңгіме жанры, сюжет, композиция, идея, т.б. | ||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топта өз ойларын қорғап, қазақ халқының бойындағы адамгершілік, бауырмалдық қасиеттерді бағалай білуге тәрбиелеу. | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Тарих, қазақ тілі, сөз өнері | ||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақтамен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады. | ||||||||||||||||
Бастапқы білім | Қаныш Сәтбаевтың өмір жолы | ||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Сәлемдесу. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аударту. «Шаттық шеңбер» әдісі. Оқушылар шеңберге тұрып, бір-бірін қайталамай сағат тілінің бағыты бойынша бүгінгі сабаққа тілектерін білдіреді. Мысалы: Белсенділік, табандылық, сабырлылық, тапқырлық, т.б. Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады. Шығарма авторы мен тарихы туралы қысқаша мәлімет беріледі. Интербелсенді тақтада шашыранды сөздер көрсетіледі, оқушылар автордың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерді құрастырып, дәптерге түртіп алады. Шығарманың туу тарихы. «Шашты» атты әңгіменің (2014) тууына игі әсерін тигізген көрнекті ақын Қасымхан Бегмановтың азаматтық қайраткерлігі екені рас. Қасымхан ақын «Мұстафа Шоқай жолымен» атты екі томдық деректі проза жазбағанда, Мұстафа Шоқайдың ұлы бабасы Шашты туралы ірі әңгімем атымен болмас еді! Айгүл КЕМЕЛБАЕВА, жазушы Ой қозғау. - Мұстафа Шоқай деген кім? - Әңгімені жазуға себеп болған қандай жағдайлар? - Әңгіменің «Шашты» деп аталуы нені меңзейді? Топқа бөлу. Оқушылар «Шашты» әңгімесінің кейіпкерлері арқылы 4 топқа бөлінеді: 1-топ: Кенжебек 2-топ: Тасқұл 3-топ: Атажан 4-топ: Шашты | 1-слайд 2,3-слайд 4-слайд 5-слайд | |||||||||||||||
Сабақтың ортасы 15 минут 10 минут 5 минут | 1-тапсырма. «ДЖИКСО» әдісі. Жұмыс топ: Алдымен алдарына қойылған түстер бойынша жұмысшы топтарға бөлініп алады. Жұмысшы топтарға әңгіменің бір бөлігі таратылады. Әңгіме бөлігін оқып, өз топтарында талқылайды. Талқылауға аз ғана уақыт беріледі. Бастапқы топ: Сабақ басында бөлінген бастапқы топтарына қайта келіп, қолдарындағы әңгіме бөліктерін құрастырады. Толық әңгіме мазмұнымен танысып, әңгіме соңын әр топ өз топ мүшелерімен ақылдаса отырып аяқтайды. Содан соң барлық топқа әңгіменің толық нұсқасы таратылады. 2-тапсырма. Топтық жұмыс. «Кенжебек» тобы: Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу, бүгінгі күнмен байланыстыру. Тасқұл тобы: Шығармадағы ұлттық және адамгершілік құндылықтарды анықтау. Шашты тобы: «Шашты» әңгімесі арқылы жазушы оқырмандарға қандай ой тастады? Өз пікірімен бөлісу. Атажан тобы: Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасау.
Дескрипторлар: - шығарманың мазмұнын толық түсінеді; - топта талқылауға түседі; - әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашады; - ұлттық және адамгершілік құндылықтарды анықтайды; - өзіндік пікірін білдіреді; - композициялық құрылымына талдау жасайды. Бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша жұптар бір-бірінің жауаптарын бағалайды. Кері байланыс. Мұғалім тарапынан жұптарға кері байланыс беріліп, келесі тапсырмаларға нұсқау ұсынылады. | 6-слайд 7-слайд 8-слайд | |||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс. Сабақ соңында «INSERT» кестесі толтырылады.
Үй тапсырмасы. «Шашты» әңгімесін толық оқып келу. | 9-слайд | |||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия |
| ||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру