алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы. Поэманың тарихи және көркемдік құндылығы. Қазақ әдебиеті, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Сабақ :

Мектеп:

Күні :

Мұғалім:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

Поэманың тарихи және көркемдік құндылығы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы

Кейіпкерлер бейнесі арқылы тарихи, көркемдік құндылығына баға беру

Сабақ мақсаты:

Кейіпкерлер бейнесі (сөйлеген сөзі, әрекеті, сезімі, көңіл күйі, өзара қарым-қатынасы, қабылдаған шешімі, ұстанымы мен мақсат-мүддесі) арқылы поэманың тарихи және көркемдік құндылығына баға беру.

Құндылықтарды игерту:

  • өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • ынтымақтастық пен ашықтық;
  • қазақстандық патриотизм және жауапты азаматтық позиция;
  • ұлттық және адами құндылықтарға деген құрмет;

Аталған құндылықтар оқушылардың топта жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлауы арқылы және бағалау дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Қазақстан тарихы, этнография

АКТ-ны қолдану дағдылары:

«Батыр Баян» поэмасының желісі бойынша түсірілген фильмнен үзінді көреді.

Бағалау критерийлері:

  • кейіпкерлер бейнесі (сөйлеген сөзі, әрекеті, сезімі, көңіл күйі, өзара қарым-қатынасы, қабылдаған шешімі, ұстанымы мен мақсат-мүддесі) арқылы поэманың тарихи және көркемдік құндылығына баға берді;
  • поэмадағы кейіпкерлер шешіміне өз көзқарасын білдіріп, сыни тұрғыдан баға береді.

Тілдік мақсаттар:

Пән лексикасы және терминология:

Поэма, намыс, Отан қорғау, махаббат, өкініш, ашу-ыза. Тура, жанама мінездеу, портрет, монолог, диалог.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін;

Осыған дейін меңгерілген білім

Поэманың мазмұнын біледі. Сюжеттік желісін түсінген.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

1 мин

Қызығушылықты ояту сатысы:

«Ой шақыру»

«Батыр Баян» поэмасының желісі бойынша түсірілген фильмнен үзінді көрсетіледі.

Тапсырма

Фильм эпизоды бойынша кейіпкерлердің күй-жайын, сезімін, әрекетін, шешімін тарихи құндылық ұғымымен байланыстыратын 1 мәселелік сұрақ әзірлеп жаз.

https://www.youtube.com/watch?v=pb_aTpt8G5I

38.15 мин бастап 38.50-ге дейін

Мұғалім төмендегідей бірнеше мәселелік сұрақ дайындап қояды. Оқушылардың өздерінің ойланып құрастыруына мүмкіндік беріп, мұндай сұрақтарды оқушыларға бірден қоймайды.

Мәселелік сұрақтар:

  • Батыр Баянның шешімімен келісесіз бе?
  • Ноянның қалмақ қызымен ілесіп, жау жеріне аттануын сатқындық деп бағалауға бола ма?
  • Махаббат сезімін басты орынға қойған албырт жас Ноянның осы сезімнің жетегінде қабылдаған шешімін сатқындық деп бағалау қатыгездік емес пе?
  • Егер Ноянның шешімін заманауи мәселелермен байланыстырып, тарихи құндылық тұрғысынан бағалайтын болсақ, қандай тұжырым шығаруға болады?

https://www.youtube.com/watch?v=pb_aTpt8G5I

Сабақтың ортасы

17 мин

Сабақтың оқу мақсатымен және бағалау критерийлерімен танысады.

Мағынаны тану сатысы:

«Проблемамен саудалас» әдісі

Тапсырма

Поэма бойынша талдауға алынатын кейіпкерлер:

Баян, Абылай хан, Ноян, қалмақ қызы

  • Берілген үзіндіні негізге ала отырып, кейіпкердің сөйлеген сөзі, өзара қарым-қатынасы, істеген әрекеті, көңіл күйлері, ой-сезімдері мен қабылдаған шешімдерінің себеп-салдарын тарихи құндылық ұғымы тұрғысынан талқылайтын 3 проблемалық сұрақ ойлап жаз.
  • Сұрақты сыныптық талқылауға ұсын.
  • Сұрақтарға жауап беріп, өз көзқарасыңызды білдіріп сөйле.

Дескрипторлар:

  • кейіпкерлердің сөйлеген сөзі, өзара қарым-қатынасы, істеген әрекеті, көңіл күйлері, ой-сезім, қабылдаған шешімдерінің себеп-салдарын тарихи құндылық тұрғысынан талқылайтын 3 проблемалық сұрақ әзірлейді;
  • сөз, суреттемелерді диалог, монологты кейіпкер сипатын танытудағы маңыздылығы тұрғысынан талдап, көркемдік құндылығына баға береді;
  • кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, қақтығыс күресі, қоршаған ортаға қатысын анықтайды;
  • кейіпкердің ұстанымындағы құндылықтарға өз көзқарасыңыз тұрғысынан баға береді.
  • кейіпкердің ұнамды қасиетін анықтап, оның оқырманға әсерін болжайды.

1-эпизод

«Қанайым, ойың удай, тілің шаян,

Амал не, келген жоқ қой батыр Баян.

Көп жаудың албастысы, ел еркесі

Баянның батырлығы алашқа аян.

Баянның аруақты құр атынан

Көп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ қоян?

Наркескен, өрттей ескен, қайтпас болат

Баянсыз қанатымды қалай жаям?!

Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай,

Келмесе қандыбалақ батыр Баян!»

Деген соң ойы теңіз хан Абылай,

Аяңдап батырларға қайтты Қанай.

2-эпизод

Жас Баян жауды талай көрмеп пе еді,

Сорғалап сұңқардайын төнбеп пе еді,

Майданда жолбарыстай жалғыз ойнап,

Сан қолға аш бөрідей кірмеп пе еді?!

Жебесі көбе бұзып, жүректі үзбей,

Найзасын, сірә, шалғай сермеп пе еді?

Бірін айт, бәрін айт та, басқа батыр

Баяндай «алашым!» деп еңіреп пе еді?

Бұл жолы кешігуі жай емес қой,

Тұлпарым кез болды ғой орға, тегі! 

3-эпизод

Баянның алып қайтқан сол сұлуы –

Балдырған бөбек дерлік, он төрт жаста-ақ.

Сол сұлу сұлу екен атқан таңдай,

Бір соған бар сұлулық жиылғандай.

Торғын ет, шапақтай бет, тісі меруерт,

Сөздері – су сылдырлап құйылғандай.

Бір улап көз қарасы, бір айнытқан,

Жұлдыздай еркелеген сөнбей-жанбай.

Лебізі – жібек лебі, жұмақ желі,

Кәусардай татқан адам қалар қанбай

4-эпизод

Баянның інісі бар он бес жаста –

Бөрінің бөлтірігі – бала Ноян.

Ноянның бар ақылы білегінде,

Билеген асау жүрек, қайнаған қан.

Келгенде-ақ сұлудың бір қарауынан

Ноянның жүрегінде ұшқын туған.

Сол ұшқын өртке айналып, жап-жас Ноян

Алысып жүрегімен, аласұрған.

Жастықта жалынданып сүйген қандай! 

Ноян да сол сұлуға – тәтті балдай,

Мөлдіреп қараушы еді көзі талмай.

5-эпизод

Қыз сонда: «Қалауым бар, Ноян батыр,

Адасқан аққу құстай мен бір пақыр.

Арқаның аруы боп жүрсем дағы,

Алыста туған, өскен жерім жатыр.

Ол анты: «Елдің шетін, анаң бетін

Бір көрмей, қозым, ерге барма!» – деді.

Анама сөзім – анау, өзім – мынау,

Жас Ноян, жүгінемін ер деп сені

Тапсырма

Берілген эпизодтағы көркемдік қолданыстар, суреттемелер, диалог пен монологты кейіпкер сипатын танытудағы маңыздылығы тұрғысынан талдап, көркемдік құндылығына баға беріңіз.

Кері байланыс:

  • Құрастырған сұрақтарымыз құндылыққа қатысты қандай келелі мәселелерді талқылауға көмектесті?
  • Қай кейіпкерге қатысты қойылған сұрақ бізге заманауи мәселелерді тарихи құндылық ұғымымен қоса талқылап, баға беруге көмектесті?
  • Кейіпкердің ұстанымындағы құндылықтарға өз көзқарасыңыз тұрғысынан баға беруде қандай қиындық туындады? Неге?
  • Қай кейіпкердің ұнамды қасиетін анықтап, оның оқырманға әсерін болжай алдыңыздар ма?
  • Поэманың көркемдік құндылығын бағалау автор шеберлігін тануға көмектесті ме?

Сабақтың соңы

1 мин

Рефлексия

Менің түсінгенім....

Менің тұжырымым .....

Менің жұмысымның бағасы ....

Үйге тапсырма:

Баян батыр туралы тарихи деректер мен қызықты аңыз-әңгімелерді, зерттеушілер пікірін оқып, ұғым-түсінігіңізді кеңейтіңіз.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

[attachment=28123:saba-zhospary.docx]
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқушылардың соңғы қоңырау мерекесі 1 маусымда өтеді 05.02.2023
» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы