Опера өнері. Музыка, 5 сынып, сабақ жоспары. 4 – сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар:

6.1 Классикалық музыканың үздік туындылары

Мектеп:

Мерзімі:

Оқытушы:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Опера өнері

Сабақта іске асырылатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.1 – классикалық музыка жанрлары мен түрлерін анықтау;

6.1.3.2 – әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндердің орындау тұрлерін салыстыру;

 Сабақ мақсаттары:

– опера өнерінің жанрлары мен түрлерін анықтау;

– әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндердің орындау түрлерін салыстыру;

Бағалау критерийлері

– опера өнерінің жанрлары мен түрлерін анықтай алады;

– әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндердің орындау түрлерін салыстыра алады;

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Тыңдалған музыкалық шығарманы талдайды, сонымен қатар өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтай отыра, музыкалық терминологияны қолданады.

Лексика и терминология:

Опера, опера түрлері, опера жанрлары

Диалог пен жазбаға арналған арнайы сөздер:

Бұл әуеннің көңіл-күйі ...

Оркестрге арналған шығарманы орындау барысында ... қиындықтарға тап болдық.

Тыңдалған шығарманы сынып алдында ... көрсете білдік.

Құндылық

Берілген сабақ жоспары оқушылардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу, бірлесе жұмыс жасау.

Бастапқы білімдер

Өткен сабақта алған білімдері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Қорлар

Сабақ басы

0-5

1.Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ тақырыбын бейнебаян тамашалау арқылы ашу.

Сабақ мақсаты мен сабақ барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтау

Қосымша №1

Сабақ ортасы

5-10

10-25

25-30

30-35

2.Сабақ барысы

Тапсырма 1. Ақпарат іздену.

Оқушылар жекешеленген жұмыс арқылы опера туралы мәлімет жинайды.

1.Опера дегеніміз не?

2.Опера әншілерін анықтаңыз.

Тапсырма 2. Шығармашылық жұмыс (топтық жұмыс).

Топ ішінде 3 опера әншісін тандай отырып, постер құрастырыңыз. Постердің құрамында әншінің фотосуреті, өмірбаяны, орындаған әндер тізімі болуы қажет.

Бағалау критерийлер:

  • Опера әншілерін тандай алады;
  • Постер құрамын толық орындай алады.

Дескриптор:

  • 3 опера әншісын тандады;
  • Фотосуретті орындады;
  • Өмірбаянын жазды;
  • Орындаған әндер тізімін анықтады.

3. Бағалау.

Әр топ өзінің постерлік жұмыстарын сынып алдында таныстырады.

«Бас бармақ» әдісі арқылы постердің жұмысы бағаланады.

Тапсырма 3. Салыстыру (жұппен).

Қалыптасқан операның түрлі жанрларын оқушылар жұппен «Венн диаграмма» әдісі арқылы салыстырады.

  • эпикалық-қаһармандық - тарихи-қаһармандық опера;
  • тарихи-романтикалық - тарихи-тұрмыстық опера;
  • лирикалық-тұрмыстық – драмалық опера;
  • комедиялық және сатиралық опера.

«Венн диаграмма»

Қосымша №2

Қосымша №3

Сабақ соңы

35-40

4. Рефлексия

Мұғалім оқушылармен сабақ барысында орындалған іс-әрекеттерді талқылайды. Қиындық туғызған тапсырмаларға көңіл бөледі. Кестені толтыру.

Білдім

Толықтырғым келеді

Біле алмадым

Қосымша №4

Дифференциация мұғалім практикалық жұмыс барысында оқушылардың жұмыстарын бақылап, керек кезде қайта түсіндіріп, көрсетеді, көмектеседі. Аса қабілетті оқушыларға қиындау тапсырманы орындау ұсынылады, мысалға, бірнеше символдарды қолдану.

Бағалау – практикалық жұмыс басында оқушылар топ ішінде кестеде бағалау критерийлерін толықтырады.

Техникалық қауіпсіздік сақтау.

Қауіпсіздікті сақтау сабақ жүргізу.

Оқушылар шығармашылық жұмысты орындау барысында музыкалық қабілеті дамыған оқушы өзге оқушыларға өзінің көмегін тигізе алады.

Қалыптастырушы бағалау

6.1.1.2 – оркестрлер түрлеріндегі музыкалық аспаптардың дыбысталуын ажытару, оларды топтар бойынша жіктеу;

Топтық жұмысты орындау барысында ақпарат ізденуде, таныстырылым кезеңінде оқушылар бір-біріне деген құрметтілігін көрсете отырып, сабақ барысында қауіпсіздік ережелерін сақтайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу