Опера өнері. Музыка, 5 сынып, қосымша материал. 4 – сабақ.
6 сынып Музыка Опера өнері 3 сабақ
Мазмұны
- Сабақ жоспары
- Дидактикалық материалдар
- Презентация
Кіріспе
Нұсқаулықта Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, Бағдарламаны іске асырудан
күтілетін нәтижелер туралы ақпарат берілген. Ұсынылған материалдар «Музыка» пәні
мұғалімдеріне өз сабақтарын жоспарлап, өткізуге көмектесетін болады. Сонымен қатар, мұғалімдерге ықшам сабақ арқылы Бағдарлама материалдарын өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығу мен тапсырма әзірлеуге мүмкіндік беріледі.
Сабақ тақырыбы:
Опера өнері
Оқу мақсаты:
6.1.2.1 – классикалық музыка жанрлары мен түрлерін анықтау;
6.1.3.2 – әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндердің орындау тұрлерін салыстыру;
Сабақ мақсаты:
Оқушылар:
- опера өнерінің жанрлары мен түрлерін анықтау;
- әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндердің орындау түрлерін салыстыру;
Сабақ барысы:
1 кезең. Сабақ тақырыбын бейнебаян тамашалау арқылы ашу. Бейнематериалды сабақтың құрамында таба аласыз, егер ұсынылған бейнебаян сіздің көңіліңізден шықпаса ауыстыруыңызға болады.
Сабақ мақсаты мен сабақ барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтау. Ұйымдастыру кезеңін 5 минут ішінде өткізуіңіз қажет.
2 кезең. 1 тапсырмада Оқушылар жекешеленген жұмыс арқылы опера туралы мәлімет жинайды. Төмендегі сұрақтарға жауап ізденеді.
1.Опера дегеніміз не?
2.Опера әншілерін анықтаңыз.
Бұл тапсырманы орындау үшін сізге ноутбук немесе музыкалық әдебеиттерін жинағын дайындап қоюыңыз қажет.
2 тапсырмада оқушылар шығармашылық жұмыс жасайды. (топтық жұмыс).
Топ ішінде 3 опера әншісін тандай отырып, постер құрастырады. Постердің құрамында әншінің фотосуреті, өмірбаяны, орындаған әндер тізімі болуы қажет.Ол үшін сізге түрлі түсті қағаз, фломастер, бірнеше опера әншілерінің фотосурттерін әзірлеп қоюыңызға тура келеді.
Әр топ өзінің постерлік жұмыстарын сынып алдында таныстырады.
«Бас бармақ» әдісі арқылы постердің жұмысын бағалайды. Бұл бағалау әдісін өткізу үшін сізге дидиактикалық материалда берілген суреттерді басып шығару қажете етеді.
3 тапсырмада оқушылар салыстыру жұмысын өткізеді (жұппен).
Сіздің мақсатыңыз салыстыру жұмысын түсіндіріп беру және тақырыпшаны тарату. Қалыптасқан операның түрлі жанрларын оқушылар жұппен «Венн диаграмма» әдісі арқылы салыстырады.
- эпикалық-қаһармандық - тарихи-қаһармандық опера;
- тарихи-романтикалық - тарихи-тұрмыстық опера;
- лирикалық-тұрмыстық – драмалық опера;
- комедиялық және сатиралық опера.
4 тапсырмаға шығармашылық жұмысты орындауға бет бұрыңыз. Оқушылар канондық әндету арқылы шығармашылық жұмысты сынып алдында ұсынулары қажет.
3 кезең. Бағалау әдісі «Екі жұлдыз бір тілек». Бұл бағалау әдісін өткізу үшін сізге ұсынылған дидактикалық материалдарды басып шығару қажет.
Рефлексия.
Мұғалім оқушылармен сабақ барысында орындалған іс-әрекеттерді талқылайды. Қиындық туғызған тапсырмаларға көңіл бөледі.
Оқушылар кестені толтырады.
Білдім | Толықтырғым келеді | Біле алмадым |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру