Опера өнері. Музыка, 5 сынып, қосымша материал. 3 – сабақ.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Сабақ барысын оқушыларға сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары, бағалау критерийлерімен таныстырудан бастаңыз. Сыныпты топтарға бөліп, опералардан бейнежазба үзінділерін көрсетіңіз. Әр топқа нақты бір операны беріп немесе барлық топқа үш операны салыстыртып, талдауға болады. Пәндік терминологияның көмегімен музыканы салыстырып, талқылауды сұраңыз.
Келесі тапсырма, дауыс тембрлеріне арналған. Алдын-ала дауыс тембрлері жөнінде жазбаша ақпарат дайындаған дұрыс. Берілген кесте дауыс тембрлерін сәйкестендіріп қойып шығуға арналған (жұпта не топта).
Сопрано | Ерлер дауысы |
Меццо-сопрано | Балалар дауысы |
Дискант | Ерлер дауысы |
Альт | Ерлер дауысы |
Бас | Әйелдер дауысы |
Контральто | Балалар дауысы |
Тенор | Ерлер дауысы |
Баритон | Балалар дауысы |
Қосымша тапсырманы орындау үшін шығармалардан үзінділер тыңдап, дауыс тембрлеріне қатысты викторина жүргізіңіз. Бұл есту дағдысы көмегімен дауыс тембрлерін ажыратуға бағытталған.
Орындауға арналған тапсырмада М. Тулебаевтің "Біржан - Сара" операсынан хор үзіндісін тыңдап, әнді орындау ережесіне сай, жаттап үйретіңіз (шумақ). Оны сыныпта канон түрінде орындап тырысыңыз. Орындау барысында көркем бейнесі мен мінезін жеткізуге көмектесіңіз.
Талдау тапсырмасында оқушыларды төрт топқа бөліп, опера туралы біліміңізді ортаға салып, қысқаша қорғап беруді сұраңыз. Қорғау кезінде пәндік терминологияны кірістіріп, берілген ақпаратты түсіндіруді ұсыныңыз. Сабақтың соңында тақырып бойынша рефлексия жүргізіңіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру