Опера өнері. Музыка, 5 сынып, презентация. 3 – сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Опера өнері
Сабақ мақсаты:
Операдағы дауыс тембрлерін біліп, анықтай алу;
Опера жанрының түсініктерінің біліп түсіну;
Операмен танысып, үзіндісін орындау.
Вокалдық музыка — ол дауыстың басты рөлде болғаны оған аспаптардың сүйемелдеуі немесе а cappella болып айтылуы мүмкін.
1 Тапсырма. Тыңдау және талдау
Опералардан бейнежазба үзінділерін көріңіздер:
Дж. Верди «Травиата»
П.И. Чайковский «Евгений Онегин»
М. Төлебаев «Біржан – Сара»
Ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?
Операда сол елдің ұлттық әуендері естіледі ме?
Несімен ?
Халық әндерін орындаудан операда орындаушылық мәнері несімен ерекшеленеді?
Бағалау критерийлері:
Пәндік терминологияны қатыстырып, музыканы салыстыру.
Опера деген не?
Опера деген бір үлкен сахналық көрініс. Онда вокалдық (соло) ансамбль (хор), аспаптық музыка (симфонический оркестр), драматургия, бейнелеу өнері (декорациялар, костюмдер) хореография (балет) бар.
Операда вокалдық жанрдың түгелі формалары кездеседі : (ария, ариозо, ән, монолог, речитатив, дуэт, трио, квартет, хор).
Дауыс тембрлері
Бибигүл Ахметқызы Төлегенова
Опералық әнші, ұстаз
ҚР халық әртісі.
Тембрі- Сопрано
Ермек Серкебаев
Опералық әнші, ұстаз
ҚР халық әртісі.
Тембрі- Баритон
Алібек Днишев
Опералық әнші, ұстаз
ҚР халық әртісі.
Тембрі- Тенор
3 Тапсырма. Викторина
Шығармалардан үзінділер тыңдап, дауыс тембрлеріне қатысты викторина жазыңыз.
4 Тапсырма. Орындау.
М. Тулебаевтің "Біржан - Сара" операсынан хор үзіндісін жаттаңыз (шумақ). Оны канон түрінде орындап тырысыңыз.
Әнде не туралы айтылған?
Орындаушылық құрамының атауы?
Әннің көңіл-күйі қандай?
"Біржан - Сара" операсынан хор.
Тойға тойы қосылсын, жас Сараның,
Сарасына арнайды жастар әнін.
Көтерілген отауы құтты болсын,
Ұзақ жасап екеуі болсын аман.
5 Тапсырма. Талдау
Топта опера туралы ақпаратты айтып беріңіз.
Бағалау критерийлері:
Пәндік терминологияны кірістіріп берілген ақпаратты түсіндіру.
1 топ:
Опера дегеніміз не?
Опера қандай жанрға жатады?
2 топ:
Симфониялық оркестрдің операдағы рөлі қандай?
Операны көрсетуде қандай мамандықтар ат салысады?
3 топ:
Сіз қандай атақты операларды атай аласыз?
Әйгілі опера театрларын білесіз бе?
4 топ:
Операда не болуы маңызды?
Операдағы дауыс атаулары?
Рефлексия
Сізге не ұнады?
Қай тапсырма қиын болды?
Әннің (хор) көңіл-күйін жеткізе алдыңыз ба?
Қай жерді жақсарту керек деп ойлайсыз?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру