Дипломдық жұмыс: Биология | Тәнтану пәнінің Секреция бездері және Асқорыту тақырыптарын модульдеп оқыту

Дипломдық жұмыс: Биология  | Тәнтану пәнінің Секреция бездері және Асқорыту тақырыптарын модульдеп оқыту казакша Дипломдық жұмыс: Биология  | Тәнтану пәнінің Секреция бездері және Асқорыту тақырыптарын модульдеп оқыту на казахском языке

Мазмұны

Кіріспе

I. Қазақстан Республикасының қазіргі уақытта білім берудің
ұлттық үлгісі.....................................................................................
1.1. Жаңа технологиямен оқытудың педагогикалық-психологиялық
аспектілері........................................................................................
1.2. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары..
1.3. Жаңа үлгімен оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуге
ғылымдардың қосқан үлестері...................................................
1.4. Технологиялық оқытудың бір түрі-модульді оқыту.............

II. Модульдеп оқытудың жалпы сипаттамасы
2.1. Оқу модулін құрудың ерекшеліктері......................................
2.2. Модульдік оқытудың құрылымы............................................
2.3. Оқу модульін даярлау технологиясы......................................
2.4. Модульдік оқыту технологиясының оқушыларды және олардың
білім деңгейін дамытуға ықпалы.............................................
2.5. Модульдік оқыту-оқушылардың білім сапасын арттыруда

III. "Асқорту" және "Секреция бездері" тақырыптарын модульдеп
оқыту
3.1. "Асқорыту жүйесі" тақырыбына арналған модульді жүйе...
3.2. Осы тақырыпқа арналған бес сабақтың әдістемелері...........
3.3. "Секреция бездері" тақырыбын модульді жүйелеу және оны жоспарлау...............
Қорытынды.................................................................................
Әдебиеттер...................................................................................
Қосымша

Қазақстан Республикасы өзінің ғылыми-техникалық, экономикалық, ресурстық және рухани дамуының жаңа деңгейіне бағыт тануда. Республика өміріндегі бұл өзгерістер, білім беру саласына, соның ішінде мектепте оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне де әсерін тигізуде. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парагдигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі екі мазмұнның орнына жаңасы келуде.
Қазіргі заманның даму қарқынын мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан XXI ғасырдың әр мұғалімі үнемі ізденіс үстіндегі ғалым-педагог болуы тиіс. Я.А.Коменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект-субьектілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субьектілі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағыдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субьектілер-оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
"Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" деген, бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне, өмірлік мүдде бағдарына байланысты екеніне күмән жоқ. Бала мектеп табалдырығын оқып үйренуге деген үлкен ынтамен аттайды. Оларды қабілетті және қабілетсіз деп айтуға болмайды. Ал мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру ғана деп түсінбеуі керек. Ол ертең ең алдымен оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыруға көмектесіп, танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыра, басқара білуі тиіс. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту, ақыл-ой қабілетін жетілдіру. Өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қызметіне байланысты.
Жұмыстың мақсаты:
Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының барысында сабақтарды, соның ішіндегі тәнтану пәнінің "Секреция бездері" және "Асқорыту" тақырыптарын модульдеп оқыту. Оқушыларға осы жаңа технологияны пайдаланып, биологиялық білім беруге, ғылыми көзқарасты қалыптастыруға маңызы өте зор екендігін және модульдеп оқытудың жолдарымен, бағыттарымен оқушыларды таныстыру, сонымен бірге ойлау түйсігін кеңейтуге, сабақты толық меңгеруге үлкен септігін тигізетініне көз жеткізу.
Жұмыстың міндеттері:
1. Модульдеп оқытуға және оның әртүрлі бөлімдеріне жалпы түсінік беру.
2. "Секреция бездері" тақырыбы бойынша жоспар түзу, кесте құру.
3. "Асқорыту" тақырыбы бойынша сабақтарға бөлу, жоспар түзу.
4. Оқыту барысында екі тақырып бойынша ғылыми көзқарасты қалыптастыру мақсатында жаңа технологияны қолдану және оның тәрбиелік, білімдік деңгейлерін ашу, өңдеулер мен нұсқаулар жасау.
Зерттеу обьектісі:
Мектептегі педагогикалық іс-тәжірибе барысында оқушыларға аталған тақырыптар бойынша биологиялық білім мен ғылыми көзқарасты қалыптастыру үшін модульдеп оқытуды іс-жүзінде қолдану және оның тәрбиелік білімдік деңгейін анықтау.
Жұмыстың жаңашылдығы:
1. Әр оқу модулінде оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты 7-12 сағаттан тиеді. Аталған екі тақырыпты зерттеу бойынша 5 сағаттан тұратын оқу модулі тиімді екені көрінді.
2. Тақырыптар бойынша барлық сабақтың методикалық өңдеулерінің жаңаша формалары жасалынды: деңгей бойынша тапсырма беру, оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану.
3. Оқу модулінің қорытынды бөлімі сынақ сабағы түрінде берілді.
Жаңа технологиямен оқытудың педагогикалық-психологиялық аспектілері:
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі-баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Педагогикалық технологиялар - бұл білімнің болымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының формалар мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мүнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.
Әлемнің әртүрлі елдерінде жүргізілген зерттеулерде оқытудың технологиялық тәсілінің тиімділігі дәлелденген. М.Поташниктің пікірінше, бұл жағдайларда-технолог-ғалымдар жасаған "индустриалдың" нұсқасы, оның мәні бекітілген ережелер мен тәсілдерді қатаң сақтау болып табылады, ал басқа жағдайларда құрылымның "жусан" нұсқасы, ал өзгерістер мен түзетулерді қажеттілігіне қарай енгізуді ұсынады.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында оқыту формасын, әдістерін , технологияларын таңдауда көп нұсқалылық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.
Зерттеу нәтижелері мен тәжірибелік-эксперименталдық жұмыс оны орта мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, колледждерде, институттарда және т.б. қолдануға болатынын көрсетті.
Оқыту технологиясында зерттеулер көрсеткендей, оқу процесін мұқият құра білген жағдайда оқушылардың білім сапасын едәуір арттыруға және материалын барлық оқушылардың жүз пайызға меңгеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Технология ауқымында оқу процесі мынадай бастапқы жағдайларда құрылады: баланың көптеген тұлғалық психикалық қасиеттері оның жеке өзіндік, өзін қанағаттандыратын қызметі барысында айқындалып, қалыптасады. Технологияда бұған ерекше мән беріледі. Танымдық қызметіне рахаттанып, қанағаттану әр оқушының соңында жоғары нәтижеге қол жеткізуінің маңызды факторларының бірі. Сондықтан да сөйлеу бөліміндегі бағалар және бағалау ынталандырушы сипатта болады.
Бұл технологияның маңызды шарты-оқушылардың кез келген ғылыми көздерді, оқулықтарды, оқу құралдарын пайдалануына болатындығы, сондай-ақ ұйымдастырушы, көмекші, кеңесші ретінде мұғалімнен жедел кеңес алатындығы.
Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары.
Қазақстан Республикасыңың ұзақ мерзімді дамуының басты бағыттарының бірі - білім беру - қоғаммен мемлекеттің рухани, әлеуметтік, экономикалық, мәдени алға басуының негізі. Егеменді Қазақстанның қалыптасу жағдайында ұлттық білім беру жүйесін демократиялық принциптер мен жеке тұлғаның құқықтары және әлемдік тәжірибе мен отандық дәстүрлер негізінде реформалау елеулі маңызға ие болып отыр.
Қазақстан Республикасының білім саясаты білім берудің мемлекеттік стандартын жасау және енгізу арқылы жүзеге асады. Педагогикадағы стандарттау көп типті мектеп жағдайында білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізуге ықпал ететін білім беру процесін жобалаудың жаңа тәсілі.
Қазақстан Республикасы Ата Заңының 30-бабының 4-параграфында: "Мемлекет жалпы білім беру стандарттарын белгілейді. Кез келген оқу орындарының қызметі осы стандартқа сәйкес оқу орындарының қызметі осы стандартқа сәйкес болуы тиіс" деп көрсетілген.
Стандартты енгізудің негізгі мақсаты қоғам сұраныстары мен оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес азаматтар білімділігінің орнықты деңгейін қолдау, барлық оқу-тәрбие орындарында білім алуға тең жағдайларды қамтамасыз ету, мектеп түлектерінің білімі мен біліктеріне бірдей талаптар тағайындау.
Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды: мектеп түлектерінің дайындық деңгейі. Мемлекеттік стандарт тағайындаған талаптардан төмен болмауы тиіс. Бұл деңгейлерге жету білім ұйымдарының алға қойылған мақсаттарға жетуінің куәлі болып табылады.
Мемлекеттік стандарттың негізгі компоненттерінің бірі - базистік оқу жоспары (БОЖ), ал оқыту тілдері әр түрлі мектептердің барлық сатылары үшін типтік жоспарлар жасауға негіз болатын нормативтер кешенін анықтайды. БОЖ мектеп құрылымы туралы, оқу пәндерінің минимал жиынтығы, мазмұндық толымдылық және оқыту жылдары бойынша білім салаларының өзара қатынасы туралы түсінік береді, әрбір пән бойынша минимум оқу жүктемелерін көрсетеді. Онда инвариантты (өзгермейтін) және вариативті (жылжымалы) бөлімдер ерекшелінеді. БОЖ-ның инвариантты өзегі жеті білім саласынан тұратын мемлекеттік компонентті құрайды. "Филология", "Математика", "Жаратылыстану", "Қоғамтану", "Өнер", "Технология", "Дене шынықтыру". Пәндер бойынша оқу жүктемелерінің көлемін анықтау барысында бұл стандартта әрбір білім саласы ұсынуының орташа элемдік мәні ескеріледі. Вариативті бөлік арқылы мектеп компоненті жүзеге асырылады. Ол білім беруде демократияландыру ұстанымдарын жүзеге асыруға ықпал етеді, педагогтардың шығармашылық әлеуметтерінің көрінуіне мүмкіндіктерін туғызады, оқушыларға қосымша білім беру бағдарламаларын таңдауға құқық береді. БОЖ-ң оқушы компоненті білім алу процесін даралауға, оқуды мотивациялауды дамытуға мүмкіндік туғызады.
Білім стандарты білім беру мүмкіндіктерін жүзеге асыруға кепілдіктер бере отырып, оқытудың әдістері мен түрлерінің мазмұнын рәсімдемейді, оқу материалының құрамы мен көлеміне қатаң талап қоймайды. Ол өз ішінде сан алуан білім беру стандарты 1998 жылы дайындалды. Оны жетілдіру білім беру сапасын көтеру қажеттігінен, өзгермелі әлеуметтік жағдайларға білім мазмұнын сәйкестендіруден туындап отыр. Стандарты қайта өңдеп, жетілдіру қажеттілігінің басты негіздемесі-демократияландыру, ізгілендіру және интеграциялау негізінде Қазақстандағы білім беру сапасын әлемдік деңгейге неғұрлым жақындату болып табылады.
Білім беру стандарты әлеуметтік - педагогикалық ерен құбылыс ретінде болашаққа бағдарланған білім моделі болып табылады. Ол күтілетін (жоспарланатын) білімдік жетістіктерді, атап айтқанда: меңгерілген білім мен біліқтіліктерді таныс емес жағдайларға өз бетінше қолдануды, оларды шешуді; обьектілердің жаңа қызметін көре алуды; таныс іс-әрекет тәсілдерін өз бетінше белгісіз жаңа жағдайға қисындастыра қолдануды; өмірге қажетті дағдыларды (компетенция), альтернативті ойлауды қалыптастыруды және т.б. көрсетеді. Стандарттау обьектілері ретінде базалық білім мазмұны, оқушылардың дайындық деңгейі, оқу жүктемесінің көлемі, мамандармен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар таңдалып алынды. Мектеп курсының 34 оқу пәні бойынша жалпыға міндетті стандарттары осы саладағы жұмыстың нәтижесі болып табылады. Олар қазақ, орыс, ұйғыр тілдерінде жалпы білім беретін оқу орындарының бастауыш, негізгі, жоғарғы сатыларына арналған бес жинақта баяндалған.
Білім мазмұнын жетілдіру білім беру процесіне айқын жеке тұлғалық мән беруді, білімдік тұжырымдарға қарағанда әрекетшілдіктің басым болуын көздейді, оның нәтижесінде компоненттік деп оқушылардың күнделікті өмірдегі нақты, ақиқат мәселелерді шешу мүмкіндігі, практикалық іс-әрекетке дайын болуы түсініледі. Мұндай жағдайда оқытудың сыртқы мазмұны жеке тұлға меңгеретін ішкі білім мазмұнына айналуы тиіс. Стандарт оқушылардың өз бетінше шығармашылық әрекеттеріне арналған тұжырымдарды, мектептен тыс шаралардың бағыттарын анықтайды. Стандарт негізінде жалпыға ортақ білімділікті тексеру жүзеге асады, ал болашақта, жалпы орта білім беретін оқу орындарының мекшіктік және бағыну түріне тәуелсіз олардың барлық түлектері үшін қорытынды тестілеу жүзеге асатын болады.
Білім беру деңгейіне қойылатын талаптарды дайындау - үздіксіз процесс: алдағы уақытта әлеуметтік жағдайлар ескеріле отырып, мектеп сұранысына сәйкес стандарттар өңделіп отырылады.
Стандарттар оқу пәндері бойынша:
- базалық білім мазмұнына,
- білім беру бағдарламаларының түрлеріне,
- оқу жүктемесінің көлеміне,
- мектептің әр сатысындағы оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейіне,
- оқу процесін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру шарттарына қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.
Аталған стандарт оқу процесіне қатысушылардың (оқушылар, мұғалімдер, мектеп басшылары, білім беруді басқару орындары, ата-аналар, көпшілік) білім мазмұнына, оқушылардың оқу жүктемесінің жоғары шекті көлеміне, білім сапасын мемлекеттік бақылаудың рәсімдері мен ережелеріне, оқушылардың белгілі бір білім бағдарламаларын меңгергендігін куәландыратын құжат нұсқаларына қойылатын талаптарды бірмәнді түсінуін қамтамасыз етуі тиіс.
Қолданылу саласы.
Бұл стандарт ҚРБМЖМС (білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты) 02.003-2002 негізінде дайындалды және білім мазмұнының мемлекеттік міндетті минимумына, оқу пәні "биология" бойынша және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды.
Стандарт ережелері:
- Қазақстан Республикасының жалпы білім беруді жүзеге асыратын барлық ұйымдарында, олардың меншіктік формасына, типіне және түріне тәуелсіз "Биология" пәнін оқытуды жүзеге асыру кезінде;
- бастауыш және орта кэсіптік білім ұйымдарында қабылдау емтихандарының материалдарын дайындау кезінде;
- жоғары оқу орындарында "Биология" пәні боынша педагог кадрларды даярлауға арналған оқу бағдарламаларын жасау кезінде;
- білім беру санасындағы ғылыми-зерттеу институттарында "Биология" пәні бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер дайындау барысында;
- білім беру жүйесі қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау институттарында "Биология" пәні бойынша педагог мамандардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау бағдарламаларын жасау барысында;
- білім беру саласындағы орталық және жергілікті атқару органдарында "Биология" пәні бойынша оқыту сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде қолдануға және сақталуы міндетті.
Сонымен бірге стандарт республиканың мемлекеттік басқару органдары мен ұйымдарында білім қызметін лицензиялау, білім беру ұйымдарын аттестациялау, жұмыстың оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын дайындау, олардың жүзеге асырылуын бақылау кезінде пайдаланылуы мүмкін.
"Биология" пәні бойынша осы стандарт білім берудің сәйкес сатысының базистік оқу жоспарымен, білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспарымен, жұмыстың оқу жоспарымен, оқу бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылады.
Жалпы ережелер.
1. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өзара үйлесімді мүддесін және мүмкіндігін білдіреді.
2. Мемлекет мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт ауқымында азаматтардың бәріне бірдей тегін жалпы орта білім беруге кепілдік береді.
3. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт жалпы орта білім беретін орындары түлектерінің дайындық деңгейін бағалауға негіз болып табылады.
4. Құрылтайшылар жалпы білім беретін оқу орындарын жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін деңгейден төмен болмайтындай етіп қаржыландырады.
5. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқытуды:
- берілген мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа және сол негізде жасалып, оның құрамдас бөліктері болып есептелетін оқу пәндерінің стандарттарына;
- оқу-нормативтік құжаттар жиынтығына базистік, типтік және жұмыстың оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларына, ал қажет болғанда-жеке білім беру бағдарламаларына;
- Қазақстан Республикасы білім саласындағы орталық атқару органдары берілген тәртіп бойынша бекіткен басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырады;
6. Осы стандартты қолдану келесі мақсаттарды;
- білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз етуді;
- оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын міндетті талаптар ұсыну есебінен және жалпы білім беретін оқу орындары жұмысының тиімділігін бақылау жүйесін құру арқылы оқытудың сапасын арттыруды;
- жалпы орта білім беру саласының білім беру процесіндегі барлық субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеуді;
- балалардың денсаулығын қорғауды және жеке тұлғаның (жеке-жеке) жан-жақты дамуына қолайлы жағдайларды, соның ішінде оқушылардың қосымша білім алуға сұраныстарын қанағаттандыру мүмкіндіктерін қамтамасыз етуді;
- жалпы білім беретін оқу орындарының әр түрлі типтері мен түрлері жағдайында жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта білім берудің эквиваленттілігін қамтамасыз етуді;
- білім беруге бөлінген мемлекеттік бюджет қаржыларын орынды пайдалануды көздейді.
7. Аталған мақсаттарға жету үшін жалпы білім беретін оқу орындары оқытудың әртүрлі технологияларын қолдана алады. Осы стандартта белгіленген талаптарды нақты жағдайларда мүмкіндігінше сапалы жүзеге асыру үшін олар оқытудың, тәрбиелеудің, оқу процесін бақылаудың түрлерін, құралдарын және әдістерін өздері таңдауға құқылы.
8. Жеке тұлғаның сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды меңгеру күндізгі оқу, күндізгі-сырттай (кешкі) оқу және экстернат түрінде жүзеге асуы мүмкін.
9. Осы стандарттың ережелері оқу пәндерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартары ауқымында ашылып көрсетіледі және нақтыланды.
10. Оқу пәндерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары:
- оқу пәндерінің жалпы сипаттамасы (оқытудың мақсаттарын, міндеттерін);
- оқу пәні бойынша оқушылардың оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемін;
- оқу пәнінің базалық мазмұнын;
- оқу пәні бойынша оқушылардың міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды;
- оқу пәні бойынша білім беру процесін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптарды анықтауы тиіс.
Осы стандарттар балалардың денсаулығын қорғау ісіне, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына және оқу процесінің сапасын көтеруге
қолайлы жағдайлар туғызуды қамтамасыз етуге қызмет етеді деп сенеміз.
Жаңа үлгімен оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуге ғалымдардың қосқан үлестері.
Ғылымға мықтап енген "педагогикалық технология" ұғымына әртүрлі түсініктемелер берілген (В.П.Беспалько, В.М.Шепель, И.П.Волков, М.Чошанов, М.В.Кларин, Г.К.Селевко және т.б.) К.Д.Ушинский былай деген: "Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады"
Г.К.Селевко жаңа білім парадигмасында бірінші орында тұрған "жеке тұлға" туралы былай деп анықтама береді: "Жеке тұлға - бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:
- адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;
- өзіне және өзі мен өзінің дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі;
- іс жүзінде жығылып жүрген әлеуметтік рольдер қызметінің жүйесі, мінез-құлық әрекеттерінің жиынтығы;
- айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете түсінуі;
- қажеттілік жүйесі;
- шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы;
- сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы және т.б.
Бүгінгі таңда П.М.Әрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру (JДЕ) технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Довыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті - тұлғалық технологиясы.....



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Тәнтану пәнінің Секреция бездері және Асқорыту тақырыптарын модульдеп оқыту жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар дипломдық жұмыстар, Тәнтану пәнінің Секреция бездері және Асқорыту тақырыптарын модульдеп оқыту, дипломдык Тәнтану пәнінің Секреция бездері және Асқорыту тақырыптарын модульдеп оқыту жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казах, Дипломдық жұмыс: Биология | Тәнтану пәнінің Секреция бездері және Асқорыту тақырыптарын модульдеп оқыту дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін