Қолданбалы есептерді шешу. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
9.3B бөлім: Үшбұрыштарды шешу | Мектеп: Шымкент қаласыхимия- биология бағытындағы Назарбаев Зияткеркерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Архабаева Ж.Қ. | ||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Қолданбалы есептерді шешу | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.1.3.10 синустар және косинустар теоремаларын үшбұрыштарды шешуде және қолданбалы есептерді шығаруда қолдану; | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: - Синустар және косинустар теоремаларын дәлелдейді және қолданады. | ||||||
Бағалау критерийлері | Білу және түсіну: Синустар және косинустар теоремаларын біледі. Қолдану: Қолданбалы есептерді шығаруда синустар және косинустар теоремаларын қолданады Талдау және жинақтау: Синустар теоремасын дәлелдейді | ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| ||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзін-өзі бағалау, өзара бағалауды ұйымдастыра отырып, өзін және өзгені құрметтеуді дағдыландыру. Жұптық жұмыс барысында ынтымақтастықта жұмыс жасай алу дағдысын, бірін-бірі және өзін-өзі бағалауда академиялық шынайылық қалыптастыру. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Тарихи мәліметтер беру арқылы тарих пәнімен байланыстыруға болады | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Инженерлік калькулятор онлайн қолдануды үйрету | ||||||
Бастапқы білім | Үшбұрышқа іштей сызылған және сырттай сызылған шеңберлерді білу, үшбұрыштардың түрлерін, үшбұрыштың теңсіздігін, үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатынасты, үшбұрыштың аудан формулаларын білу, тікбұрышты үшбұрыштарды шеше білу. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Басталуы 0-3 мин | Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу. Үй жұмысын тексеру Сабақтың тақырыбы, жоспары жарияланады және оқушылармен бірлесе отырып оқу мақсаттары анықталады. | 1-2 слайдтар | |||||
3-10 мин 10-15 мин | Өткен білімді актуалдау: “Үшбұрыштар” тақырыбы бойынша теориялық материалдарды қайталау. Анықтамалар мен тұжырымдардың ақиқат/жалғандығын анықтауға арналған тест.
Бағалау. Дайын жауаптар арқылы өзара бағалау. Оқушылар парталас көршілерінің жұмысын тексеріп қорытынды жасайды, нәтижесін жазбаша кері байланыс беру арқылы көрсетеді. (Деңгейлік жұмыстар)
Сонымен: біз синустар және косинустар теоремаларын қолдана отырып үшбұрыштың қандай элементтерін анықтай аламыз? А). 1-2 кеспе қағаздармен 2 оқушы тақтада жұмыс жасайды. Б). 3-5 кеспе қағаздармен 3 оқушы орындарында тапсырма орындайды. Бағалау. Кеспе қағаздармен жұмыс жасаған оқушылардың жұмыстарын мұғалім тексереді және ауызша кері байланыс береді. С). Қалған оқушылар “Геометрия ежелгі қолданбалы есептерде” атты тарихы деректерді тыңдайды. (журнал Математика в школе 1995 г.) | Қосымша 1 Қосымша 2 Мұғалімнің мәлімдемесі 3-6 слайдтар | |||||
Cабақтың ортасы 15-25 мин | Практикалық жұмыс. Қол жетпейтін арақашықтықты анықтауға есептер шығару. 1 есеп. Адам өте алмайтын батпақтың енін анықтау үшін h биіктікте орналасқан тікұшақтың жоғарғы жағынан біз α және β бұрыштарын өлшедік. Батпақтың АВ енін анықтаңыз.
Берілгені: СD DВ; <САВ = α; <СВD = β СD = h Табу керек: АВ. Шешуі: 1. АDC тікбұрышты үшбұрыштан табамыз: АС = 2. АВС –дан синустар теоремасы бойынша: = = = Жауабы: 2 есеп. Таудың жоғарғы жағы А нүктесінен 38 ° 42 ° бұрышта көрінеді, ал тауға 200 м қашықтықта жақындағанда, 42 ° бұрышта көрінеді. Таудың биіктігін табыңыз. Берілгені: АВ = 200 м, <САВ = α = 38°42’; СВD = β= 42°; СD DA. Табу керек: СD. Шешуі: 1. СВА-дан синустар теоремасы бойынша = , яғни CB = . 2. В бұрышы — АВС-ның сыртқы бұрышы, сондықтан β = α +γ, яғни γ = β – α. 3. СВ = . 4. СВD-дан табамыз СD = СВ sinβ = sinβ = 14325 м. Жауабы: СD = 14 325 м. | 7 слайд 8 слайд | |||||
25-27 мин | Сергіту сәті.
Көзге арналған гимнастика. Ағашта қанша алмакөрсеңіз сонша рет отырып-тұрыңыз. Қанша алмұрт көрсеңіз сонша рет еденге дейін еңкейіңіз (жеміс ағаштарының суреттері тақтаға ілінеді). | Қосымша 3 | |||||
27-37 мин
| Сабақты бекіту. Өзіндік жұмыс (2 нұсқа) Бағалау. Өзін-өзі бағалау. Оқушылар өз жұмыстарын дайын жауаптармен салыстырады және қорытынды жасайды. | Қосымша 4 | |||||
Сабақтың соңы 37-40 мин | Кері байланыс: бүгінгі сабақтың мақсатына сәйкес оқушылар алған әсерлерімен бөліседі және нені түсінбегендерін, түсінуге не кедергі болғанын стикерлерге жазып тақтаға іледі. Оқушылар сабақтың қорытындысын шығарады. Маған ұнады... Бүгін сабақта білдім... Ұсыныс жасаймын.... Мен сабақта үйрендім... Мен бүгін сабақта қайталадым.... Мен бүгін сабақта бекіттім.. Үй тапсырмасы. | 9-10 слайдтар | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Тапсырма жеңілден күрделіге қарай бағытталған. Қолданбалы есептер шығару барысында оқушылардың ой-пікірі тыңдалады. Олардың қажеттіліктері ескеріледі. Сынып ішінде сұрақтарға жауап іздеу ұйымдастырылады. Қабілеті жоғары оқушылар сұрақ туындаған оқушыларға жауап беруі ұйымдастырылады. Деңгейлік тапсырмалар қарастырылған. | Сабақ барысынды оқушы жетістігі ескеріліп отырылып мадақтау мен бағаланады. Өзін-өзі бағалау және бірін-бірі бағалау бағалау критерийлеріне сүйене отырылып жүзеге асырылады. | Кабинет ауасы тазартылады. Кабинеттегі техника қауіпсіздігінің сақталуы қадағаланады. Көзге арналған гимнастика өткізіледі | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру