Қолданбалы есептерді шешу. Геометрия, 9 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1
Анықтамалар мен тұжырымдардың ақиқат/жалғандығын анықтауға арналған тест.
- Үшбұрышта 150° бұрышқа қарсы үлкен қабырға жатады.
- Тең қабырғалы үшбұрышта ішкі бұрыштары өзара тең және әрқайсысы 60°-тан.
- Қабырғалары 2 см, 7 см, 3 см болатын үшбұрыш бар.
- Тікбұрышты теңбүйірлі үшбұрыштың катеттері өзара тең.
- Егер теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы бір бұрышы 50° болса, онда табанына қарама-қарсы жатқан бұрыш 90° тең.
- Егер тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышы 600 тең болса, онда оған іргелес жатқан катет гипотенузаның жартысына тең.
- Тең қабырғалы үшбұрышта барлық биіктіктері өзара тең.
- Кез-келген үшбұрыштың екі қабырғасының ұзындықтарының қосындысы үшінші қабырғасының ұзындығынан кіші.
- Екі доғал бұрышты үшбұрыш бар.
- Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының қосындысы 900-қа тең.
- Егер үшбұрыштың екі бұрышының қосындысы 900-тан кіші болса, онда үшбұрыш доғал болады.
- Косинустар теоремасы арқылы үшбұрыштың түрін анықтауға болады.
- KLN үшбұрышында KL=8,4 cм, LN=13,2 см, KN=7,5 см. L бұрышы ең үлкен.
- Үшбұрыштың қабырғалары 10см, 12см, 7см. 7см-ге тең қабырғаға қарама-қарсы жатқан бұрыш доғал болады.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру