Қайталау. Практикалық есептерді шешу. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал, 2 сабақ.
Сабаққа әдістемелік нұсқаулықтар:
Практикалық есептерді шешу.
Оқу мақсаттары:
8.1.3.2 бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының қатыстары арқылы берілген анықтамаларын білу;
8.1.3.3 Пифагор теоремасын дәлелдеу және қолдану;
8.1.3.4 тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрышының төбесінен гипотенузасына түсірілген биіктігінің қасиеттерін дәлелдеу және қолдану
8.1.3.7 тікбұрышты үшбұрыштың элементтерін табу үшін 300 , 450 , 600 - қа тең бұрыштардың синус, косинус, тангенс және котангенсінің мәндерін қолдану;
Сабақтың түрі: білімді практикалық қолдану,қайталау және жалпылау сабағы
Үшбұрыштың ауданы: , , , мұндағы р –үшбұрыштың жарты периметрі.
Сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбын жариялайды және оқушылармен бірге сабақтың мақсаттарын, студенттердің «жақын даму аймағын», бағалау критерийлерін анықтайды, сонымен қатар оқушыларды сабақ кезеңдерімен таныстырады. Теориялық материалдарды қайталау және есептерді шешу дағдыларын бекіту кезеңінде оқушылар слайдтар бойынша тапсырмаларды орындайды.
Мұғалім сұрақтар қояды:
«Тікбұрышты үшбұрышты шешу» дегеніміз не?
Үшбұрыштың қандай элементтері бізге белгілі?
Үшбұрыштың қандай элементтерін табу керек?
Бұл үшін қандай формулалар мен ережелер қажет?
Сабақтың келесі бөлігі тікбұрыштағы үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатынастарды практикалық қолданудағы есептерді шешуге арналған. Балалардың мотивациясын арттыру үшін мұғалім ежелгі Мексика тарихына қысқаша экскурсия жасайды, Юкатан түбегіндегі Кукулкан пирамидасында төбеде орналасқан ғибадатхана туралы айтады. Пирамида 11 ғасырда салынған, бірақ үш жүз жыл өткен соң, ол орналасқан қаланың тұрғындары белгісіз себептермен мекенжайды тастап кеткен. Содан кейін мұғалім презентацияда пирамиданың суретін көруді ұсынады, оқушылармен осы құрылыстың кейбір өлшемдерін береді және оның биіктігін есептеуді ұсынады. Бұдан кейін соқушылар басқа тапсырмаларға көшеді.
Есеп.
1000 м биіктітегі ұшақтан ұшақ балық үйірінің үстінінен ұшып бара жатқаны туралы кемеге ақпарат жіберілді. Кемеден ұшақ 26 градус бұрышта көрініп тұр. Тригонометриялық кестені қолданып балық үйірі мен кеме арасындағы арақашықтықты тап. Жауапты бүтін санмен өрнекте.
Шешуі:ВС = 1000 ∙ ctg 260 ≈ 1000 ∙ 2,050 ≈ 2050 (м).Жауабы: 2050 м.
Тікбұрыштағы үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатынастарды және фигураның ауданын есептеу арқылы қолданбалы есептерді шешу - сабақтың маңызды сәттерінің бірі болып табылады. Қолданбалы есептерді шешу функционалдық сауаттылықты дамытуға, оқушылардың сыни ойлауына ықпал етеді және математиканы оқуға ынталандырады. Оқушылар жұмыстарды бағалайды, қателіктерді түзетеді, шешімдер мен жауаптарды түзейді және талқылайды, сонымен қатар есеп бойынша сұрақ қояды. Мұғалім, егер қажет болса, түзетеді және бағыттайды, сыныпта әрі қарай жұмыс істеуді жоспарлауға және білімін түзету бойынша жеке жұмыстарды жоспарлауға қателіктер жіберетін оқушыларды анықтайды.
Практикалық есептер:
1. Жауабы: 3сағ
2. Жауабы: 750 м2
3.
4.
Шешімі: Шеңберге жүргізілген жанаманың қасиеті бойынша: ..Пифагор теоремасы бойынша:,
км.
Жауабы: км.
Өздік жұмыс
Оқушылар жекедара есептерді шешеді, шешімдерін парақта немесе дәптерге жазады. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын бақылайды, түсіндіреді, әрі қарай жұмыс жоспарлауға арналған ескертпелер жасайды.
1.Жауабы: 40см және 20см; 20см 20см.
2. Жауабы: 10см және 10см.
3. Жауабы : 16см және 30см.
Үй тапсырмасы есептерді шешу дағдылары мен қабілеттерін бекітуге бағытталған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру