Қайталау. Практикалық есептерді шешу. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар: Қайталау | Караганды қаласындағы ХББ НЗМ | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы | Қайталау. Практикалық есептерді шешу. | ||||||||
Cабақтың түрі | Білімді практикалық қолдану, жалпылау, жүйелеу сабағы. | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.3.2 бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының қатыстары арқылы берілген анықтамаларын білу; 8.1.3.3 Пифагор теоремасын дәлелдеу және қолдану; 8.1.3.4 тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрышының төбесінен гипотенузасына түсірілген биіктігінің қасиеттерін дәлелдеу және қолдану 8.1.3.7 тікбұрышты үшбұрыштың элементтерін табу үшін 300 , 450 , 600 - қа тең бұрыштардың синус, косинус, тангенс және котангенсінің мәндерін қолдану; | ||||||||
Сабақ мақсаттары | Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар практикалық есептерді шығаруда қолдану. | ||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы мақсатына жетті егер: - тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстарды біледі. - тікбұрышты үшбұрышты шығарады; - тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстарды есеп шығаруда қолданады | ||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: -тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусын, косинусын, тангенсін және котангенсін табуды түсіндіреді; - дәлелді талқылау қадамдарын сипаттайды; - есептерді шешуде қандай да бір формуланың (теореманың) қолданысын негіздейді; - берілген бөлімнің пәндік лексикасын, символикасын және терминологиясын сауатты қолданады. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы анықтамасынан α бұрышына қарсы жатқан катет ... тең; - тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы анықтамасынан α бұрышына іргелес жатқан катет ... тең; - тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тангенсі анықтамасынан α бұрышына қарсы жатқан катет ... тең; - Пифагор теоремасын қолданып, ... табамыз; - негізгі тригонометриялық тепе-теңдік негізінде ...; | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ақпаратты дербес таңдауға және жіктеуге, ситуацияны талдауға, мәселелерді қою, шешім қабылдауға, топта жұмыс істеуге, олардың жұмыс сапасына жауапты болуына, өз уақытын ұйымдастыруға қабілеттілігі. Топтар мен жұптардағы жұмыс ұйымдастыру арқылы оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту, бір-біріне құрмет көрсету, сондай-ақ біреудің көзқарасын тыңдау мүмкіндігі дамиды Құндылықтарды қалыптастыру осы сабаққа жоспарланған жұмыс арқылы жүзеге асырылады. | ||||||||
Пәнаралық байланыс | Архитектура, өнер, экономикамен байланыс қолданбалы міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтаны бейленеу және жазу құралы ретінде қолдану | ||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар келесі ұғымдарды біледі: Тіктөртбұрыш ауданы, Пифагор теоремасы, үшбұрыштың ауданын таба алады. | ||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
|
| Слайд 1-5 Слайд 6-11 Слайд 12-19 Слайд 18 -23 Қосымша 3 Слайд 20 Қосымша 1 Слайд 21 Қосымша 2 Слайд 22 Қосымша 3 | |||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||
Дифференциация | Бағалау | ||||||||
Деңгейлік тапсырма беру арқылы және өзін-өзі оқыту стратегиясын пайдалана отырып оқушылар арасындағы диффенциялық оқытуды жоспарлаймын | Оқушыларды үй жұмысын тексеру барысында өзара бағалауды және өзін өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалауды ұйымдастырамын. | ||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру