Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Лермонтов)

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Лермонтов) казакша Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Лермонтов) на казахском языке

Күндей боп қара нөсер төккен күзде,
Саңқылдап ақын үні жеткен бізге.
Жарқылдап толқынмен бір көтерілген,
Жалтылдап жалғыз желкен көк теңізде.
Даусынан алай-дүлей дауыл борап,
Жиһанды от қиялы алған орап.
Жіберіп ойлы көзін дүниеге,
Басынан Қазбектің тұрған қарап.
Шарқ ұрып шалқар ойы шалқып аққан,
Күмбірлеп көкірегі толқын атқан.
Жыршысы махаббаттың жаны жұмбақ,
Жұлдыздан жоғары ұшып қанат қаққан.
Тәңірден дауыл сұрап дарқан өскен,
Өр ақын өртпен ойнап майдан кешкен.
Аспанда бір күн туып, күндей батып,
Ерлікпен бір күн туып, бір күн өшкен.
Тәкаппар аспаннан да бойы биік,
Қасарған қара түнде қабақ түйіп.
Дауыл мен нажағайдан тыныстаған,
Бар әлем құшағына кеткен сыйып.

Өтер күндер, кетер жылдар,
Бірақ ойдан шықпас еш.
Қараңғы окоп, қалың орман,
Сұрғылт аспан, күзгі кеш.
Енді бүгін біржола
Күрсілдеген тынды атыс.
Күрсінді де, демін алды,
Күркіреген күнбатыс.
Жаңа жылда еліміздің
Еске алып ерлігін.
Бокалдарды көтерейік,
Келші, сәулем, кел күнім!

1945




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, сырбай мауленов Лермонтов өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мауленов олендери, сырбай мауленов стихи казахском языке, сырбай мәуленов олендер жинагы, Лермонтов, лермонтов туралы өлең, лермонтов туралы олен стих, сырбай мауленов Лермонтов өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мауленов олендери, сырбай мауленов стихи казахском языке, сырбай мәуленов олендер жинагы, Лермонтов, лермонтов тур, Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Лермонтов), Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Лермонтов) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке