Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Сыр ұлы) » ZHARAR © 2017 | сырбай мауленов Сыр ұлы өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мәуленов олендер жинагы, Сыр ұлы




  • »

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Сыр ұлы)

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Сыр ұлы) казакша Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Сыр ұлы) на казахском языке

Айнымас досым болды ерте күнде,
Өмірдің өріне өрлеп өстік бірге.
Жайқалып жазғытұры шешек жарған
Жайдары жүзі ұқсайтын қызыл гүлге.
Шыңдардың шығып алып төбесіне
Құмар еді қиялымен кеңесуге.
Өлеңнің жатушы еді жалынды оты,
Талдырмаш оның нәзік денесінде.
Өткір көз, өр мінезді, қыран қабақ,
Ақындық әлеміне жайды қанат.
Жүректің сазды күйін саңқылдатып
Жанында райхан жаз жатты ұялап.
Жанды сөз, жалынды ырғақ, жыр иесі,
Қызық қой ақындықтың дүниесі.
Қиялы лашын құстай көкті айналып,
Толқытқан сыр толқынын ой пернесі.
Өмірдің еркетайы ақын ұлан,
Қеудесі ой теңізі сапырылған.
Кейкезде нажағайдан қиялы ұшқыр
Шатырлап түскен аспан шатырынан.


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 289
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .