Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Дауыл күнгі дария)

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Дауыл күнгі дария) казакша Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Дауыл күнгі дария) на казахском языке

Тұнып жатқан көкке атып толқындарын,
Дауыл бұрқап дарияның соқты жарын.
Нажағайдың жарқ еткен сәулесінен,
Айдынында ойнайды отты жалын.
Көбік қайнап сапырып дарияны,
Салып қиқу сақылдап жарға ұрады.
Шұлғи тартқан сулығын шу асаудай,
Арындайды толқынның арғымағы.
Туған жердің толқынын толтыра ішіп,
Құшағыма дауылын кеттім қысып.
Арпалыста атуға дұшпанымды,
Аспанынан нажағай алдым құшып.
Асып толқын жатқанда иегінен,
Тұрмын қарап дарияның жиегінен.
Туған елдің күшіндей толқын атқан,
Дауыл күнгі дарияны сүйемін мен.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, сырбай мауленов Дауыл күнгі дария өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мауленов олендери, сырбай мауленов стихи казахском языке, сырбай мәуленов олендер жинагы, Дауыл күнгі дария, сырбай мауленов Дауыл күнгі дария өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мауленов олендери, сырбай мауленов стихи казахском языке, сырбай мәуленов олендер жинагы, Дауыл күнгі дари, Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Дауыл күнгі дария), Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Дауыл күнгі дария) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке