Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Ормандағы мола) » ZHARAR © 2016 | сырбай мауленов Ормандағы мола өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мәуленов олендер жинагы, Ормандағы мола




  • »

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Ормандағы мола)

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Ормандағы мола) казакша Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Ормандағы мола) на казахском языке

Орман үшін ұрыста,
Жауған оққа ұшты ер.
Айбарлы ұлын айналып,
Қойнына алып құшты жер.
Орман қоршап айнала,
Орап нуға құндақтап.
Жауыннан да дауылдан,
Сол қабырды тұр сақтап.

Автоматты кезеніп,
Адамзаттың жауына.
Полк туы желбіреп,
Жөнелдік біз тағы да.
Келеді жас полковник,
Қияға көз жіберіп.
Кеудесінде кегі бар,
Күзгі аспандай түнеріп.
Желбірейді Қызыл Ту,
Символындай жеңістің.
Майдан маршы ойнайды
Дүрілдетіп жер үстін.
Теңізде де, көкте де,
Алар «сыйын» сұм дұшпан.
Кірді майдан ішіне,
Келген полк шығыстан.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 163
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .