Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Партизан)

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Партизан) казакша Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Партизан) на казахском языке

Қара түнді жамылып
Қалың нуды қақ жарған.
Қапысын тауып дұшпанды
Қайыра соққан қапталдан.
Төбесі түпсіз көк аспан
Қонысы орман, қалың қар.
Кеудесінде ұласқан
Жауына кек пен жалын бар.
Жай оғындай партизан
Жауға тыным бермеген.
Кездессем сені құшар ем
Өмірде бұрын көрмеген.
1942

Сіздің жақта осы күні жаз екен,
Біздің жақта қыс болып тұр, жанеркем.
Сәлем жолдап көшкен бұлттан отырмын,
Бұлт жолына қарашы өзің таңертең.
Майдан деген сапырылған қан екен,
Қиын-қиын қилы жолы бар екен.
Шың қияда, шыңырауда келемін,
Шын күтсең тек, оралармын, жанеркем.
1942

Жауынгермін құшағымда
Керілген көк, кең дала.
Дауылды ермін, құшағымда,
Еркін ескен жел ғана.
Жайнаған от, шарлаған оқ,
Қаулаған өрт айналам.
Көкірегімде лаулаған кек,
Бұрқ-сарқ етіп қайнаған.
Жерге болмас шек десе де,
Жерге сыймас бұл кегім.
Аспанда шек жоқ десе де,
Сыймас оған жүрегім.
1941. Волхов майданы




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, сырбай мауленов Партизан өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мауленов олендери, сырбай мауленов стихи казахском языке, сырбай мәуленов олендер жинагы, Партизан, сырбай мауленов Партизан өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мауленов олендери, сырбай мауленов стихи казахском языке, сырбай мәуленов олендер жинагы, Партизан, Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Партизан), Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Партизан) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

  • Анализ сайта www.zharar.com