Жеңіс туралы өлеңдер авторымен. 9 мамыр
Құрметті оқырмандар. 9 мамырда Жеңіс күні болады, соған орай шығарылған ақындардың авторлық бірқатар өлеңдерін ұсынамыз.
Жеңіс жыры
Өрт лаулап, бұрқырап қорғасын,
Шеңгелін қанды ажал жайғанда,
Ойрандап жауыздың ордасын,
Болдық біз найзағай майданда!
Жеңіс туы,
Жеңіс туы
Желбіресін мәңгілік!
Жеңіс жыры,
Жеңіс жыры
Асқақтасын жаңғырып!
Бел шешіп, қабағын ашпаған,
Бой жазды күлімдеп қалың ел.
Әлемді апаттан сақтаған,
Жеңіспен оралды жауынгер!
Жеңіс туы,
Жеңіс туы
Желбіресін мәңгілік!
Жеңіс жыры,
Жеңіс жыры
Асқақтасын жаңғырып!
Жеңісім – салтанат, сән-сәулет,
Өмірім өркендей береді.
Жеңісім – береке, бақ-дәулет,
Осы ғой адамға керегі.
Жеңіс туы,
Жеңіс туы
Желбіресін мәңгілік!
Жеңіс жыры,
Жеңіс жыры
Асқақтасын жаңғырып!
Автор: Ж.Өмірбеков
Намысынан халқының жаратылған
Көзінде отты жасын бар,
Сан жырлар оны жаңа ұрпақ.
Келешек,
Ұлы ғасырлар
Баукеңе қарар таңырқап!
Жеңілден безіп әманда,
Үлесін алған ауырдан,
Күрделі біздің заманға
Ұқсайды
Қайсар Бауыржан!
Аялап оны алыста
Тербеген дала бесігі.
Бауыржан болып
Соғыста
Жарқ етті
Қазақ есімі!
Өрт кешкен отты жылдарда
Шынығып өсті өр тұлға.
Сүйеу боп
Сұрапылдарда
Даласы тұрды артында.
Аға боп майдан өрінде
Сан ұлттың ұлын баураған,
Жүргенде Ол туған жерінде
Жеңілмес Антей – аумаған.
Жауына тізе бүккен бе,
Ел үшін шығып жекпе-жек,
Өмірді сүйгендіктен бе
Өлімге барған...
Бетпе-бет!
Болса да бірі жалпының
Көрмеді оған дарып оқ!
Өзінің туған халқының
Қалды Ол –
Аппақ ары боп!
Ақиқат естен танары –
Жүрегі жаудың шайлыққан.
Қадалса шоқты жанары
Ажал да...
Одан қаймыққан.
Ыза-кек өртеп өзегін
Майданда жалын құшқанда,
Шын сүйгендіктен өз елін
Қаһарлы болды дұшпанға.
Жықпастан туын Елдіктің
Жеткіз деп келер таңдарға
Тапсырды:
Өрлік,
Ерлікті –
Болашақ Бауыржандарға!
Автор: Қайрат Жұмағалиев
Қажетті сілтемелер:
- 9 мамыр жеңіс күніне тақпақтар
- Жеңіс күніне арналған өлеңдер
- Жеңіс туралы мақал-мәтелдер
- Жеңіс туралы тағы өлеңдер авторымен
- Жеңіс туралы Нақыл сөздер
Жайқалтқан бұл жер үстін,
Келді міне жеңіс күн.
Сол жеңістің арқасы,
Басын шалдық көп істің.
Кетсе дағы көп есем,
Жұртым аман,ел есен.
20 миллион аз емес,
Нөлдері көп демесең.
Желбіреп жеңіс жалауы,
Алаулап жанып алауы.
Қазағым бүгін азат ел,
Қуанышты бұл жаңалық.
Азаттық сыйлап жаңа күн,
Армандап келген сан ғасыр.
Бұл жеңіс оңай келген жоқ,
Жан беріскен,жан алып.
Азаттық үшін шайқаста,
Жауынгерлер жаралы.
Қаншама мына қазаққа,
Жеңіс күнін сыйлады.
Автор: Гүлсана Тілеубекова
Ұлы Отан соғысы туралы авторлары бар өлеңдерді ұсынамыз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?