Қазақша тақпақ: 9 Мамыр - Жеңіс күні

Қазақша тақпақ: 9 Мамыр - Жеңіс күні казакша Қазақша тақпақ: 9 Мамыр - Жеңіс күні на казахском языке

Ойлап-ойлап тұрдым көп,
Сауал бердім білгім кеп:
- Қуанышты мереке -
Жеңіс күні қай күн? - деп.

Атамнан да сұрадым,
Көкемнен де сұрадым.
Ағамнан да сұрадым,
Апамнан да сұрадым.

Тосты бәрі құлағын:
- Дұрыс, - десті, - сұрағың!
Бейбіт күні бәрі де -
Жеңіс күні, шырағым!

Азаттықты аңсаған еркін елміз,
Дос пейілді ұлттарға жаны - көлміз.
Ұшқан құстың қанаты талатұғын
Көк аспанбыз, көсілең - алтын төрміз.

Отаным бар, ордам бар мақтанатын,
Қазақстанымды сүйемін, мақтап атын.
Бізді осындай егемен ел болсын деп,
Қазақстанда шығарған жастар атын.

Жетпіс жылда өтелмей парызымыз,
Туған тілдің алдында қарызымыз.
Басқа ұлттарға үнемі мазақ болмай,
Арымызға айтайық арызды біз.

Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт - берекең - атаң қымбат
Туып - өскен елің қымбат
Кіндік кескен жерін қымбат


Бақыт сыйлап жатады әр күн
Санамызға жарық берген
Әкелері аталардың
Бұл Жеңісті алып келген.

Көрдік, сіздерді жайдық құшақ,
Елестетіп жанын қиған құрбандарға.
Қарсы аламыз үлгі тұтып,
Майданды көрген, бізге өмір берген аталарды!

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Құтты болсын жеңіс күні ағайын
Көптен күткен ұлы күнде жар салайын.
Ата - бабам қан берісіп шайқасқан,
Ата - бабам намыс бермей айқасқан

Жеңіс күнін қарсалайық бәріміз.
Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз.
Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған
Ардагерлер, ағаларға мың алғыс.

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.

Ұлы Отан соғысы

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шилісу ауылы
«Шилісу негізгі мектебі» КММ–сінің
4-сынып оқушысы: Ердәулетқызы Шаймира
Жетекшісі: Билибаева Қарлығаш Урамбаевна

Жеңіс туы желбіреген кездерде,
Қуаныштың жасы үйірілген көздерге.
Отан үшін отқа түскен аянбай,
Батырлықтың рухы мұра біздерге.

Ұлы Жеңіс тарихтада жырланған,
Тебіренер еске алса әр халық.
** жылдық мерей тойы жеңістің
Ардагерлер рухына бағыштайық!




KZ / Қазақша Тақпақтар жинағы, соғыс жеңіс туралы тақпақтар, жеңіс туралы тақпақ, жеңіс туралы тақпақтар, жеңіс күні туралы тақпақ, ұлы жеңіс туралы тақпақ, 9 мамыр жеңіс күні тақпақтар, 9 мамыр жеңіс күні туралы тақпақ, 9 мамыр жеңіс күні тақпақ, Балаларға арналған қазақша тақпақтар жинағы, Қазақша Тақпақтар жинағы, Тоғызыншы 9 Мамыр Жеңіс күні тақпақтар жинағы, 9 мамыр женис куни олендер, 9 мамыр женис куни такпактар, 9 мамыр женис куни олен, стихи на 9 мая день победы на казахском языке, стихотворение на 9 мая день победы на казахском языке, стихи на казахском языке на 9 мая день победы, Балаларға арналған қазақша тақпақтар жинағы Тоғызыншы 9 Мамыр Жеңіс күні тақпақтар жинағы жеңіс туралы тақпақ жеңіс туралы тақпақтар жеңіс күні туралы тақпақ ұлы жеңіс туралы тақпақ 9 мамыр жеңіс күні тақпақтар 9 мамыр жеңіс күні туралы тақпақ, Қазақша тақпақ: 9 Мамыр - Жеңіс күні казакша такпактар балаларга арналган тақпақтар қазақша балаларға стишки на казахском для малышей стихи для детей на казахском языке Қазақша Тақпақтар жинағы