9 Мамыр - Жеңіс күні (Соғысты көрген тағдырлар)

9 Мамыр - Жеңіс күні (Соғысты көрген тағдырлар)

Жеңістің 70 жылдығына арналады

Қиындық кезең сындары
Ерліктің отын маздаттың.
Соғыстың сұрапыл жылдары -
Тағдыры талай боздақтың.

Аттанып ердің дүрмегі,
Отан деп келді сөз басы.
Соғыстың күңгірт күндері -
Жесірдің ащы көз жасы.

Алыстап жылдар барады,
Білініп уақыт бағасы.
Соғыстың зарлы заманы -
Жетімнің қайғы, наласы.

Ерлікке толып өткені,
Ұмытылмай тұрды ер ісі.
Соғыстың соңғы көктемі -
Солдаттың асқақ Жеңісі.

Жақыны қамығып ойланған,
Тағдыры солай болса бір.
Оралмай қалып майданнан,
Хабарсыз кетті қаншама ұл.

Өссе де ұрпақ тербеле,
Демейік өткен солғындар.
Ұмытылмай жатсын кеудеде
Соғысты көрген тағдырлар.

Салмағын содан ұғасың,
Жеңістің білсең бұл күнін.
Осынау күннің куәсін
Құрметтей, ұрпақ, жүр бүгін!
Авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Оқырман Аружан
    Оқырман Аружан 31.03.2022 19:06
    1 + 0 -
    Мен кулер осы гуглдан Адаму согыс туралы андер ыздеим Барак бары отрыве ал согыс туралы ан маман актрисалыкка керек болган жатр
    Шыгарсандар дурыстап шыгарындарш махл
  2. Акжан Джомартова
    1 + 0 -
    кушти, мен осыны аламын