Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Курстық жұмыс: Экология | ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Курстық жұмыс: Экология | ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Курстық жұмыс: Экология | ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ казакша Курстық жұмыс: Экология | ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ на казахском языке
Мазмұны

КІРІСПЕ

1 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ
1.1 Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттілігі
1.2 Нарық жағдайында экологияның экономикалық-құқықтық мазмұны әр түрлі нысандары
1.3 Экологиялық қауіпсіздік және оның экономикалық аспектісі

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Қазақстан Респбуликасындағы экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру тетіктері
2.2 Экологиялық қауіпсіздік және экономиканың тұрақты дамуы


ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ


1 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ
1.1 Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттілігі

Әлемде адамзат тіршілігі бар ортаға біздің білуімізше әзірше тек Жер ғана жатады. Табиғатпен оның байлықтары адамдардың өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы әл-қуатын арттырудың негізі болып саналады. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау проблемасы қазіргі заманның маңызды, қажетті мәселелерінің бірі.
Қоршаған ортаны қорғау дегеніміз табиғат пен адамның өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, жер мен оның қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін тағы басқа табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, сауықтыру, сапасын жақсарту, молықтыру. Бұл іс-әрекеттердің бәрі мемлекеттер заңымен, тиісті нормативтік-құқықтық актілермен, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің белсенді араласуымен, мемлекеттік және мемлекетаралық келісімдермен, конвенциялармен реттеліп жүзеге асырылады.
Қазақстанда «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заң 1991 жылы қабылданған. Осы заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты тиімді пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері:
• халықтың денсаулығына, өміріне, еңбегі мен демалысына қолайлы түрде қоршаған табиғи ортаны сақтау мен қалпына келтіру;
• қазіргі және болашақ ұрпақтардың салауатты өмір сүруіне қажетті қоршаған ортаны сақтау үшін әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешіп отыру;
•экологиялық аймақтарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын кеңінен қолданумен қатар, бұзылған табиғи жүйелерді қалпына келтіру;
• табиғи ресурстарды толық тиімді түрде пайдалану және молықтыру;
• қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыру және табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін ақы төлеуді енгізу;
• биологиялық алуан түрлілікті, ғылыми және мәдени маңызы бар сирек объектілерді, ерекше құнды табиғи аймақтарды сақтауды қамтамасыз ету;
• қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды реттеп, олардың орындалуына мемлекеттік тұрғыдан бақылау орнату;
• табиғатқа нұқсан келтіруге жол бермеу;
• халықтың, қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктер мен жергілікті басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысуы;
• халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асыру.
Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адам басқа тірі организмдерден айырмашылығы, табиғи ортадан өзгеше, өз өмір сүру ортасын жасай алады. Сондықтан болуы ықтимал қатерлер табиғи қатерлердің қатарына жатпауы да мүмкін. Адамдар өздерінің ойлы іс-әрекеттерін пайдалана отырып, өте тез арада антропогендік орта жасап үлгерді. Бұл ортаға тірі организмдер, оның ішінде адамдардың өзі де, толық бірігіп кете алатын емес.
Міне, сондықтан адамның кез келген іс-әрекеті әкелетін пайдасымен бірге кері нәтиже де әкеліп жатыр, мысалы, экологияның бұзылуы, жарақат алу, ауыру, тіпті қазаға ұшырау. Сондықтан қауіпсіздікті, нақты іс-әрекеттен болатын, адамды және өмір сүру ортаны кешенді қорғау шаралары деп түсінуіміз қажет. Іс-әрекеттің түрі күрделенген сайын, кешенді қорғану шаралары қажет болады. Кешенді қорғану шаралары мынаны қамтиды: құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, техникалық, санитарлық- гигиеналық, емдік шаралар.
Адамның іс-әрекетінің қауіпсіздігі - адамның іс-тіршілігі мен қауіп-қатер бір-бірімен кездеспейтін тұйық шеңбер.
Әрине, адамның іс-әрекетінің процесінде қауіп-қатер әр уақытта болғанымен, ылғи да бола бермейді. Ондай қауіп болуы үшін үш жағдай болуы керек: қауіп нақты бар; адам қауіп-қатер аймағында; адамның қолындағы қорғану құралдары жеткіліксіз.
Сонымен, қауіпсіздік – бұл іс-әрекет кезінде қауіп-қатердің болмайтындығы айқын болған жағдай
Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында экологиялық қауіпсіздіктің басымдықтары экологиялық, энергия және ресурс сақтаушы технологиялар негізінде табиғат пайдаланудың стратегиясы мен құрылымына принципті өзгерістер енгізу қажеттігін алға тартады.
Экологиялық қауіпсіздік Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің табиғи-тарихи негізі және құрамдас бөлігі ретінде жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қоршаған ортаға шамадан тыс антропогендік әсердің салдарынан, сондай-ақ дүлей апаттардан өнеркәсіптік авариялар мен күйреулерден қорғалу дәрежесімен айқындалады.
Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы осылардың экологиялық құқығының тетіктері болып саналады.
Экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі.
Сондықтан Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің 1) табиғи-тарихи негіздері, 2) принциптері (қағидаттары), 3)стратегиялық мақсаты, 4) басқару жүйесі; 5) экологиялық талаптар және өтпелі кезеңнің басымдылықтары бар.
1. Табиғи-тарихи негіздерге - Қазақстан Республикасының табиғи ерекшеліктері, оның жартысынан астамы шөл және шөлейт аумақтар, табиғатты пайдаланудың ресурстық-шикізаттық жүйесі, халық шаруашылығы кешені өнеркәсіптердің, әскери объектілердің, табиғи техногендік процестердің зиянды әсерлері мен шетін табиғат жүйелері жатады.
2. Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің принциптері Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында Жер планетасының тұтастығы мен табиғатының өзара байланыстылығын мойындай отырып, Рио-де-Жанейро Декларациясының принциптеріне сәйкестендірілген.
Олардың қатарында мыналар бар: адамдардың табиғатпен үйлесімдікте салауатты және жемісті өмір сүру құқығы, мемлекеттің өз табиғи ресурстарын игеру жөніндегі егеменді құқығын іске асыруы және ұлттық юрисдикцияның қолдануы шегінен тыс басқа мемлекеттердің немесе аудандардың қоршаған ортаға келтірілген залалы үшін жауапкершілікті мойындауы; мемлекеттің қоршаған ортаны дамыту мен қорғау жөніндегі құқығын іске асыру қазіргі және болашақ ұрпақтардың қажеттіліктерін әділетті қанағаттандыруды қамтамасыз етуі, мемлекеттің экологиялық тұрғыдан мейлінше шетін ел ретінде Қазақстан саясатында оның қажеттіктері мен мүмкіндіктерін пайдалану және басым түрде еске алуы; жердің экологиялық жүйесін сақтау, қорғау және оның салауатты жай-күйімен тұтастығын қалпына келтіру мақсатындағы ауқымды әріптестік пен ынтымақтастық, өндіру мен тұтынудың тіршілік етуге қабілетсіз үлгілерін азайту және істен шығару әрі тиісті демографиялық саясатты қуаттау негізінде тұрақты даму мен неғұрлым жоғары өмір сүрудің дәрежесіне қол жеткізу; қоршаған ортаны тиімді пайдалануда әйелдердің маңызды ролі және олардың тұрақты дамуға қол жеткізу үшін жан-жақты қатысуының қажеттілігі; барлық мүдделі азаматтардың экологиялық мәселелерді шешуге пәрменді қатысуы үшін жағдайлар туғызу, мемлекеттің қоршаған ортаның сапасы мен оған әсер ететін қауіпті материалдар жөнінде ресми ақпараттың ашық болуын, жұртшылықтың шешімдер қабылдау процестеріне қатысу мүмкінділігін қамтамасыз ету, жұртшылықтың хабарлылығын дамыту және қуаттау.
3. Экологиялық қауіпсіздіктің стратегиялық мақсаты мен міндеті: халықаралық қатынастарда, интеграциялық процестерде экологиялық мәртебенің ерекшеліктерін тиісінше есепке алу;
- қоршаған ортаның жай-күйіне жүргізілетін бірыңғай мониторинггің жүйесін енгізу;
- экологиялық қауіпсіздік пен табиғат тұрақты пайдалану жөніндегі аса маңызды, соның ішінде, іргелі (фундаментальный) проблемалар жөніндегі ғылыми зерттеулердің өзара орнатылуын қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының табиғи орта сапасының жай-күйін бағалауды, оның аумағын экологиялық аудандастыру мен арнаулы картаға түсіру;
- қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды басқаруды реттейтін табиғат қорғау заңының жүйесін жасау, экологиялық бақылау жүйесін жетілдіру;
- табиғат пайдалану жоспарларын қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты пайдаланудың экологиялық бағдарламаларын, жүйелерің әзірлеу;
- экологиялық білім және тәрбие беру жүйесін дамытуды;
- қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдаланудың экономикалық тетігін (механизімін) жасау;
- қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану мен дүлей апаттардан сақтану проблемалары жөнінде халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын әзірлеу.
Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасын іске асырудың негізгі стратегиялық бағыттары - ресурс сақтаушы экологиялық таза технологиялар әзірлеу және енгізу, жұмыс істеп тұрған өндірістік процестерді моделдендіру және жетілдіру жолымен республиканың әлеуметтік-экономикалық және адам тұрмысының дамуын қамтамасыз ету.
1998 жылғы 26 маусымда күшіне енген Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы" Заңында "экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік және өзге де әсерлер салдарынан туындайтын қауіп-қатерден қорғалуының жай-күйі" деп анықтама берілген/5/.
Сонымен экологиялық қауіпсіздік дегеніміз не? Шамамен экологиялық қауіпсіздіктің 500-ге тарта анықтамасы бар екен. Бірақ кәдімгі қарапайым деңгейдегі түсінікке аударсақ, онда бұл дегеніміз халықтың антропогенді және табиғи факторлардан тұратын теріс мәнді биологиялық жүйеден қорғалуы.
Жалпылама шама ретінде қазіргі таңда экологиялық тәуекелді атап отыр, ол организмнің немесе популяцияның, бір сөзбен айтқанда биологиялық жүйенің күйреуінің ықтималдығы болып табылады. Осы шама қазіргі таңда БҰҰ-ның қарамағындағы ұйымдарда, атап айтсақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында, сондай-ақ Қазақстан Республикасында да ресми шама болып табылады
Қазіргі әлемде экологиялық процестер жаһандық масштабтарға ие бола түсуде. Бұл туралы мамырдың 25-інде Астанада ашылған қоршаған орта және даму жөніндегі Азия-Тынық мұхиты форумының 5-ші отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-Mинистрі Даниал Ахметов айтты. Сондай-ақ, Премьер-Mинистр Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне үлкен көңіл бөліп отырғандығын жеткізді. Атап айтқанда, республикада 2004-2005 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік Тұжырымдамасы құрылған. «Бүгіндері Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады. Біз экологиялық қауіпсіздік проблемалары жөніндегі негізгі келісімдерге қосылдық. Азия-Тынық мұхиты аймағында біздің ел Шанхай ынтымақтастығы ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары секілді ұйымдардың аясында табысты қарым-қатынастар орнатуда», - деді ол/6/.
Қазақстан егемендік алған соң көптеген экологиялық проблемалармен бетпе-бет қалғанын айтты. Көз алдымызда жоғалып бара жатқан Арал мәселелері, ядролық сынақтар шарпыған кең байтақ елді мекендер, мұнай-газ секторындағы және басқа да өндіріс орындарының зиянды қалдықтармен күресу кеңес өкіметінің Қазақстанға мұраға қалдырған еншісінің бірі болды. «Қоршаған орта мен халықтың денсаулығына зиянды мәселелердің басым бөлігі құпия түрде сақталып келген болатын. Дегенмен, бүгінгі күні Арал, Каспий маңы және еліміздегі сынақ алаңдарының зардаптарын ғаламдық проблемаларға жатқызуға толық қақымыз бар», деді экология министрі. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының қолдауымен 2003 жылы қауіпсіздік кеңес отырысында алғаш рет экологиялық қауіпсіздік мәселесі көтеріліп, ол бойынша маңызды шешімдер қабылданды. Сонымен қатар, 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздікті сақтау тұжырымдамасын Елбасы мақұлдады.
"Елің сенің ертегі, жерің сенің ертегі!" деп "Қыз Жібек" жырында Шеге ақын суреттейтін еліміздің сұлу табиғатын сақтап қалу мәселесі енді қандай маңызға ие болатындығын мына жайт жақсы аңғартады: жақында ғана Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі болған Нұрлан Әбділдаұлы Исқақовтың мәлімдеуінше, Қауіпсіздік Кеңесінің күздегі отырысының күн тәртібіне экология мәселесі шығарылмақ. Таяуда елді елең еткізерлік тағы бір жаңалық естідік: "Биыл біз тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш "экологиялық атласын" жасауды аяқтап оны басып шығарды. Бұған дейін мемлекет сонау 1983 жылғы мәліметтерге құрылған Қазақ ССР-нің атласын пайдаланып келген болатын". Осылайша, жыл соңында әр қазақстандық көсілген кең-байтақ қазақ даласының өзі тұратын атырабында экологиялық ахуал дәл қазір қандай деңгейде екендігін, сондай-ақ Қазақстанның қай ....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: nurgul95 | 46 | 12.01.2019



Загрузка...
Читайте также
Курстық жұмыс: Экология | ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экология | ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Ғылыми жоба: Аралдың ежелгі мәдениеті
Ғылыми жұмыстар жинағы [тегін]
Ғылыми жоба: Аралдың ежелгі мәдениеті
Презентация (слайд): География| Дүние жүзілік мұхиттың экологиялық мәселелері
Қазақша Презентация (слайд) жинағы
Презентация (слайд): География| Дүние жүзілік мұхиттың экологиялық мәселелері
Курстық жұмыс: Сақтандыру қызметі | Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Сақтандыру қызметі | Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі
Курстық жұмыс: Конституция | Қоршаған қолайлы ортаға деген  адам мен азаматтың  құқығын  конституциялық  құқықтық тұрғыдан  реттеу
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Конституция | Қоршаған қолайлы ортаға деген адам мен азаматтың құқығын конституциялық құқықтық тұрғыдан реттеу
Дипломдық жұмыс: Мемлекеттік басқару | Кеден органдарының Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Мемлекеттік басқару | Кеден органдарының Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі
Дипломдық жұмыс: Педагогика | Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің кейбір мәселелері
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Педагогика | Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің кейбір мәселелері
Шығарма: Орманды қорғау
Қазақша Шығармалар жинағы
Шығарма: Орманды қорғау

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экология курстық жұмыстар, ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ, курстык ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын, Курстық жұмыс: Экология | ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін